“қоғам” категорияларын салыстырсақ, біріншінің географиялық жағы басымды. Мысалы,
Қазақ елі – Азия құрылығының ортасында, мұхиттардан алыс орналасқан ел. “Қауым” және
“қоғам” категорияларына келер болсақ, біріншіге жан-ұя, ру, тайпа, халық,
ұлт секілді
әлеуметтік ұйымдасу формалары жатады. Ал “мемлекет” пен “қоғамды” салыстырсақ, - ол
мұхиттағы айсберг сияқты: судың бетіндегі көрінетін алып мұздың кішкентай ғана бөлігі – ол
мемлекет болатын болса, су астындағысы - қоғам. Қоғам өміріндегі сан-алуан қарым-
қатынастардың ең негізгілерін ғана мемлекет заң арқылы ретке келтіре алады, қалғандары
әдет-ғұрып, моральдық, эстетикалық, т.б. әлеуметтік нормалардың негізінде қалыпқа келеді.
Кең түрде алғанда,
қоғам деп адамдардың арасында қалыптасатын сан-алуан
байланыстар
мен қарым - қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл арада мына нәрсеге көңіл
аудару
қажет – ол байланыстар мен қарым-қатынастар сол қоғамның өзіндік өмір сүруіне
жеткілікті
болуы керек. Алайда, “өз-өзіне жеткілікті” деген ұғымның өзін нақтылай түсу қажет. Өйткен
себебі, бүгінгі таңда бірде-бір мемлекет, қанша алып болса да, барлық қазіргі өмірге керекті
заттарды шығара алмайды. Сондықтан,
басқа елдермен экономикалық, саяси-құқтық, мәдени-
рухани байланыстарға түседі. Олай болса, “өз-өзіне жеткілікті” деген ұғымды қалай түсінуге
болады?
Белгілі нақтылы-тарихи қоғам өзінің мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан руханияты,
дүниесезімі,
өмір салтын сақтай отырып, негізгі өмірге қажетті нәрселерді өзі өндіруі қажет.
Мысалы, бүгінгі өтпелі қоғамда жер көлемі бойынша 10-шы орында болсақ та, ет,
көгөністерді басқа елдерден алатын болсақ, онда біз өз-өзімізге жеткіліксіз боламыз. Әрине,
Қазақстан - Бразилия емес, сондықтан, тропикалық аймақтарда өсетін апельсин, мандарин,
банан сияқты жемістерді, кофе, шай сияқты тағамдарды шет елдерден алмаса болмайды.
Сондай-ақ жеңіл мәшине, неше-түрлі компьютерлер, радио – теле аппаратураларды да алуға
болады.
Сонымен қатар, жер бетіндегі үлкен егін өсіретін ел болғандықтан, ауыл-
шаруашылығына керек механизмдерді өзіміз шығармай көсегеміз көгермейді. Күнбе-күн
өмірге керек заттардың көбін де өзіміз
дүниежүзілік талаптарға сай етіп шығара білуіміз
қажет. Сонда ғана біз
өз-өзімізге жеткілікті қоғам боламыз. Бұл мәселелер қазіргі саясаттану
ғылымында “
ұлттық қауіпсіздік” категориясы арқылы талданады. Оқырманның
байқағанындай, бүгінгі таңда біз көп өмірге керек тауарларды шығара алмай, сырттан әкелуге
мәжбүр болып отырмыз.
Екінші үлкен сұрақ - қоғам өміріндегі сан-алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың
ішіндегі негізгі -
оның іргетасын құрайтындар қандай болмақ?
Сонау көне заманнан бері созылып келе жатқан үрдіс - қоғамдағы рухани,
саналы
байланыстарды негізгі деп есептеу. Өйткені, бір қарағандағы қоғамның жануар тобырынан
айырмашылығы – ондағы рухтың пайда болып сол қоғамға тигізетін зор әсерінде болса керек.
Қоғам өмірінде өмір сүріп жатқан нақтылы тірі адам басқалармен саналы қарым-қатынасқа
түседі. Ол өз алдына неше-түрлі мақсат-мұраттар қойып, оларды іске асыруға тырысады.
Яғни, идея әрқашанда алда, соңынан ол іске айналады. Олай болса, қоғам өмірін анықтайтын -
билік басындағы ұлы тұлғалардың саналы іс-әрекеті. Мұндай көзқарасты сонау Көне
заманнан бастап Жаңа дәуірде өмір сүрген ағартушылардың еңбектерінен байқауға болады.
“Халық - шөп, ел билеуші – жел. Жел қай жаққа үрлесе, шөп сол жаққа майысады”,- дейді
көне Қытай философиясы.
Орта ғасырдың ұлы ойшылы Аль-Фарабиге келер болсақ, ол
қоғамның ақуалын Халифтің
адалдығы, әділеттілігі, көрегендігімен байланыстырады. Сол замандағы Еуропа ойшылдары
А.Августин, Ф.Аквинский қоғамның дамуын алдын-ала болжанған Құдайдың әмірімен
ұштастырады.
Жаңа дәуірде өмір сүрген француз ағартушысы Ш.Л. де Монтескье қоғамның өрлеуін
“ағарған монархтың” іс-әрекетімен байланыстыра отырып, қоғам өміріндегі заңдарды
жетілдіруді бірде-бір шешуші фактор ретінде қарайды (мұны “құқтық көзқарас” деп әдебиетте
атап кеткен болатын). Бүгінгі таңда да мұндай көзқарастар кеңінен таралған. Әрине, қоғам
өміріндегі заңдар сапасының биік болғаны оның дамуын тездететіні сөзсіз. Сонымен қатар,
заңның өзі – адамдардың (кәсіби заңгерлердің) рухани туындысы емес пе?
ХХ ғ. ұлы ойшылы К.Ясперс те тарихтағы рухани төңкерістерді қоғамның дамуының негізіне
жатқызады. Оның ойынша, “адами ақуал - әрқашанда рухани ақуал”. Мұндай көзқарастарды
қорыта келе, қоғамды талдаудағы идеалистік жол десек те болғаны.
Сонымен қатар, ХІУ ғ. өмір сүрген араб ойшылы Ибн-Халдун қоғамды талдауға жаңа үлгі
еңгізеді. Оның ойынша, әр-түрлі қоғамдардың бір-бірінен айырмашылықтары негізінен
алғанда материалдық игіліктерді қалай өндіру, бөлу, тұтынуымен байланысты,- деген
қорытындыға келеді. Алайда, ұлы ойшылдың көзқарастары соңынан ұмытылып, тек қана 5
ғасырдан кейін К.Маркстің еңбектерінде жаңадан негізделеді.
К.Маркс қоғамтану саласына,
негізінен алғанда, екі жаңалық еңгізеді. Оның бірі - қосымша
құн теориясы, ал екіншісі – тарихты материалистік тұрғыдан түсіну қағидасы. Ең алдымен,
бұл екі жаңалықтың да дүниеге келуі капиталистік қоғамның қалыптасып, дамуымен
байланысты болғанын атап өту қажет. Егер К.Маркс Дүниеге келмегеннің өзінде басқа
ғалымдар ертелі-кеш оларды ашатыны сөзсіз еді. Өйткені, мыңдаған жылдар бойы бұрынғы
қоғамдарда әр-түрлі сословиялық-заңдық қатынастармен бүркеленіп келген экономикалық
қатынастар Жаңа дәуірде ашылып ғалымдардың назарын аудара бастайды.
Енді К.Маркстің бірінші ашқан жаңалығына келер болсақ, капиталдың өндіріс айналымында
өсуі - оның ерекше бір ғажап қасиетінен туындамайды. Бұл үрдіс тарих сахнасында ерекше
тауардың пайда болуымен байланысты. Ол – жұмысшы және оның
еңбекке деген күш-
Достарыңызбен бөлісу: