Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта


Лекция13. Тарих философиясы. 2 сағат- 13апта



Pdf көрінісі
бет73/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   81
darister 1-15

Лекция13. Тарих философиясы. 2 сағат- 13апта 
Жоспар
1. тарихты формациялық тұрғыдан талдау
2. адамның рухани даму тарихы
 
Қоғамды материалистік тұрғыдан түсіну жолында К.Маркс қоғамдық-экономикалық 
формация теориясын жасайды. Оның ойынша, ол – нақтылы-тарихи сатыдағы белгілі бір 
өндіріс тәсіліне негізделген қоғам. Формациялық тұрғыдан бүкіл адамзат тарихын талдай 
келе, К.Маркс келесі қоғамдарды ашады: алғашқы қауым, құл иеленушілік, феодалдық, 
капиталистік формациялар. Алайда, адамзат тарихы болашақта коммунистік формацияны 
заңды түрде тудырады. Өйткені, оның ойынша, капиталистік қоғамның негізгі мақсаты – 
заттық байлықты жинау, капиталды өсіру, ал тарихи сахнада өмір сүріп жатқан тірі адам – сол 
мақсаттың құралы ғана. Осы себепті К.Маркс капиталистік қоғамды қатты сынға алады. 
“Капитал ең тәтті шырынның өзін адамдардың бас сүйегіне құйып ішеді”, …“адамдардың бір-
біріне деген нәзік те жылы қатынастарын капитал мұзды суға батырады”,…“бұл қоғамда 
кәртайып қайраты кеткен шал гүлденген жас әйелге үйленеді, өйткені бұл қоғамда бәрі де 
сатылады”,- деп қорытады К.Маркс. Әрине, мұндай ақуалдың мәңгілік сақталуы мүмкін емес. 
И.Канттың “адамды әрқашанда мақсат тұт” деген талабын жақсы білген К.Маркс, болашақта 
адамды негізгі мақсатқа айналдыратын қоғам дүниеге келеді, ол – коммунизм (communіtas – 
латын сөзі,- қауымдық) деген тұжырым жасайды. К.Маркстің ойынша, бұл қоғамда жеке 
меншік толығынан жойылып, өндіргіш күштердің орасан зор дамуының нәтижесінде адамдар 
арасында толық теңдік орнап, олардың барлық қажеттіктері толығынан өтеліп, адамдар жан-
жақты дамып гүлденеді, адамзаттың мыңдаған жылдар армандаған бақытты өмірге қолдары 
жетеді. Алайда, ондай қоғамға жету жолында ең алдымен социалистік сатыдан өту қажет. 
Күйреген капитализмді терістеп дүниеге келген бұл қоғамда әлі де болса таптар мен 
әлеуметтік әр-түрлі топтар сақталады. Бұл қоғамда әр адамнан өз қабілетіне қарай, 
қайырымына еңбегіне қарай игіліктер бөлінеді,- деп қорытады К.Маркс.
Бүгінгі таңдағы К.Маркстің коммунизм теориясын сынаушылар өздерінше оны “сілейте 
сынап”, оған қарсы теріске ешқашанда шығарылмайтын деректер таптық,- деп масаттанады. 
Ондай “ғұламалар” әсіресе бүгінгі “либералдардың” араларында жиі кездеседі. Ол қандай 
деректер екен?


Біріншіден, әр адамның барлық қажеттіктерін толығынан өтеу үшін шексіз байлық өндірілуі 
қажет, ал оның ешқашанда болуы мүмкін емес, бұл дүниедегінің бәрі шектелген,- деген 
“даналықты” олар алға тартады. Осы арада дереу бізге мынандай ой келеді: бүкіл 
дүниежүзілік қауым мойындаған аса дарынды ойшыл қазіргі кейбір майда 
қоғамтанушылардан да тайыз болғаны ма? - Әрине, жоқ. Дүниедегінің бәрі де шектелген – ол 
рас. Сонымен қатар, бұл қағида адамға да жатады. Мысалы, жеке адамға шаққанда жылына 
қанша ет, көгөніс, май, т.б. тағамдар керек екен? Ол шексіз бе? - Әрине, шектелген. Басқа да 
адамға қажет материалдық игіліктерді де осы секілді қарастыруға болады. Бірақ, бұл дүниеде 
шектелмейтін бір ғана нәрсе бар – ол адамның рухани-шығармашылық жетілуі
К.Маркстің ойынша, жаңа қоғамды орнату барысындағы қалыптасатын қоғамдық қатынастар 
адамның белсенді жасампаздық іс-әрекетін тудырып, соның нәтижесінде тек жағалай орта 
ғана өзгеріп қоймай, сонымен бірге, адамдардың өздері де өзгеріп, жан-жақты дамып, ішкі 
табиғи дарындарын гүлдетіп сыртқа шығарады. Мұндай әлеуметтік болашақ ақуалды ол кісі 
коммунизм деген ұғыммен береді. Ал мұндай жолмен дамудың расында да шегі жоқ - ол 
тоқталмайтын үрдіс.
Екіншіден, марксизмді сынаушылар “егер адамның барлық қажеттіктерін өтей алатын ақуал 
дүниеге келсе, онда дереу қоғам іріп-шіри бастар еді”,- деген пікір айтады. Өйткені, адамға 
ешнәрсе қажет емес, ондай жағдайда адамның саусағы да қимылдамайды емес пе?,- деген 
сауалды қояды. - Әрине, біз адамды тек қана дене ретінде қарасақ, бұл пікірді терістеу қиын. 
Онда бақыт, өмірдің мәні тек қана ішіп-жеп, дүниеден тәндік-сезімдік ләззәт алуда болса 
керек. Мұндай көзқарас, мәселеге тереңірек үңілсек, адамды жануарға


теңеп, оның қадір-қасиетін аяққа басады, оның “жиырылған ғарыштық” Дүниедегі ерекше 
рөлін түбі жоқ тұңғиыққа батырады. Сондықтан да болар, кейбір билікке ұмтылғандар, 
шындыққа айналмайтын уәделер беріп қалың бұқараны алдап-арбап, оны жеңіл түрде оңға-
солға, керек жаққа бұрылатын тобыр ретінде қарайды. Мұндай ақуалды бүгінгі таңда біз 
кейбір материалдық жағынан дамыған елдерден байқаймыз. Өкінішке орай, сонау Қайта 
Өрлеу заманынан басталған Батыс елдеріндегі өмірдегі материалдық-сезімдік бағыт бүгінгі 
күнге шейін созылып, терең рухани-адамгершілік дағдарысқа әкелгенін дүниежүзілік зайырлы 
қауым көріп отыр. Алайда, бұл өмірлік жолдың адамзатты тұйықтыққа, я болмаса, ядролық 
соғыс арқылы өзін-өзі өлтіруіне әкелетінін болжау қиын емес. Расында да, материалдық 
игіліктер әрқашанда шектелген. Егер, адамзаттың дамыған елдердегі “алтын миллиард” 
аталған бөлігі өлшемнен жоғары тұтынуды өмірлік мақсат-мұратқа айналдырып, ал келесі 
артта қалған елдердегі миллиардқа жуығы күнбе-күн аштықтың зардабын көріп, жыл сайын 
70 миллионға жуығы өліп жатса, жер бетіндегі шиеленіс, экстремизм мен терроризмнің 
өршімесіне кім кепіл бере алады?
Бірақ, адамзаттың әр-түрлі заманда өмір сүрген барлық кемеңгерлері - Сократ пен Анарыстан 
бастап, Абай мен К.Ясперске дейін - адамның рух екенін шаршамай айтып келген болатын. 
Өкінішке орай, бүгінгі таңға шейін рухани-адамгершілік жолында адамзат өте қабілетті 
оқушы болып отырған жоқ. Алайда, болашақта тек осы жолда ғана адамзат өзін-өзі сақтап 
қалуы мүмкін.
К.Маркстің коммунистік теориясына бүгінгі таңда қандай баға беруге болады? Бұрынғы 
Кеңес Одағындағы социалистік қоғамды орнатудағы орасан-зор жасампаздық пен қатар 
қайғыға толы іс-әрекеттер тарихи тұйықтыққа әкелгенін жақсы білеміз. Алайда, оның кінәсін 
К.Маркстің теориясынан іздеу дұрыс болар ма екен? Мүмкін, оған кінәлі “марксизмді жаңа 
дәуірде шығармашылық жолмен әрі дамытқан” большевиктердің көсемі Ленин болар? –
Расында да, капиталистік қатынастар әлі күшіне кірмеген, тіпті кейбір жерлерде тағылықтың 
іздері әлі өшпеген феодалдық елде социализм орнатамыз деп лепірген революцияшыл 
топтардың тарихи кінәлігін айтпай кетпеуге болмайтын сияқты. Екінші жағынан, қоғамдағы 
терең де жүйелі дағдарыстың өршіп, халықтың шыдамының таусылғаны да оған себеп болса 
керек. Алайда, бүгінгі таңдағы әлеуметтік мемлекет орнатқан кейбір елдерге көз жіберсек 
(Швеция, Финляндия; Голландия т.с.с.), ол елдерді К.Маркстің заманындағы капиталистік 
қоғаммен толығынан салыстыруға болмайды. Мемлекет тарапынан жасалған көлемді 
әлеуметтік бағдарламалар әлсіз тотптарға біршама көмек көрсетіп, олардың өмірден өз орнын 
табуға көмектеседі. Сонымен, дамыған капиталистік елдер ешқандай революция, қантөгіс 
төңкерістерсіз-ақ бірте-бірте әлеуметтілікке қарай жылжып бара жатыр. Ал, социализм 
дегеніміздің өзі әлеуметтілік деген мағна бермей ме?. Олай болса, К.Маркстің социалистік 
қоғам жөніндегі тарихи болжамы бірте-бірте іске асып келе жатқанға ұқсайды.
Енді маркстік коммунизм идеясына келер болсақ, оны «бітпейтін ағыл-тегіл материалдық 
байлыққа» теңесек (осындай ғып оны тұрпайыландырған бұрынғы Кеңес көсемдерінің бірі 
Н.С.Хрущев болған-ды), онда ол ешқашанда болмайтын қиял ғана деп есептеуге болады. 
Өйткені, бұл дүниеде бәрі де шектелген. Ал, бірақ, ол болашақтағы әр адамның гүлденуі, жан-
жақты дамып, шығармашылық деңгейге көтерілуі десек, - оның іске асуы мүмкін.
Бұл теорияның тағы бір осал жері – тек қоғамдық меншіктің ғана болашағын мойындау, басқа 
меншік формаларына қарсы шығу. Диалектикалық дүниетануды қаншалықты меңгергенмен, 
К.Маркс саясатқа келгенде қиялға бой берген болса керек. Өткен Кеңес қоғамындағы 
мемлекеттік меншік шаруашылықты монополизациялап, ақырында іріп-шіріп кеткен жоқ па?
Сонымен қатар, К.Маркстің теориясындағы тарихи үрдістегі революцияның, зорлық-
зомбылықтың рөлін асыра көрсетуі – сол кезде болған әлеуметтік-саяси ақуалдан, содан 
ашынудан шықса керек. Қандай ұлы адам болғанымен, бұл тұлға да өз заманының перзенті 
болғанын айтып кету қажет. Олай болса, ол да қателескен. Бүгінгі заманның


шыңынан тарихқа көз жіберсек, бірде-бір тарихтағы болған революцияның алдына қойған 
мақсат-мұраттарына жетпегенін, керісінше, миллиондаған адамдарды қайғы-қасіретке, адам 
шошынарлық қантөгіске әкелгенін көреміз. Тарихи үрдістен шығатын бүгінгі адамзаттың көзі 
жеткен тұжырымы - қоғамды күнбе-күнгі қажымас еңбек, өзара келісімге келу, 
қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу арқылы өзгерту, даму болмақ..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет