Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта



Pdf көрінісі
бет75/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   81
darister 1-15

төл мәдениеті бар деп айтуымызға болады.
Әр халықтың төл мәдениетінің негізінде оның тудырған тілі жатыр. Оны қазақ “ана тілі” 
дейді, өйткені, ол ананың ақ сүтімен бірге беріледі. Тіл арқылы біз дүниені түйсіну, сезінуге 
мүмкіндік аламыз. Тілде халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған тәжірибесі, даналық 
қағидалары берілген. Сондықтан, ол – бағасы жоқ құндылық.. Сондықтан да қазақ тілі 
толыққанды мемлекеттік тілге айналмай халқымыздың көсегесі көгермейді.
Кең түрде мәдениетті екі салаға бөлуге болады. Олар – материалдық және рухани мәдениет. 
Оларды бір-бірінен айыру анықтамасы – адамға керек қажеттіктерді өтеуде. Егерде белгілі бір 
зат адамның физиологиялық, материалдық мұқтаждықтарын қанағаттандырса, оны 
материалдық, ал – рухани сұраныстарын өтесе – рухани мәдениет құндылықтарына 
жатқызамыз.
Күнделікті өмірдегі түсінікке келер болсақ, мәдениетке ғылым, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, 
саяси-құқтық, моральдық эстетикалық т.с.с. құндылықтарды жатқызуға болады. Ал енді бұл 
ұғымның өрісін мейлінше тарылтсақ, онда мәдениетке адамның ішкі жан-дүниесін, оның 
білім деңгейін, дүниеге деген көзқарасын, басшылыққа алатын әлеуметтік нормаларын т.с.с. 
атаймыз.
Енді цивилизация ұғымына келер болсақ, біріншіден айтып кететін жәйт – бұл ұғымының көп 
мағналығы. “Cіvіlіtas”,- деген латын сөзі “қалалық”, “азаматтық”,- деген мағна береді. Енді 
бұл ұғымға берілетін бірнеше негізгі түсініктерді атап өтейік. Біріншіден, цивилизация 
алғашқы қауымдық қоғамнан кейін дүниеге келетін адамзат тарихының сатысы (Л.Морган, 
Ф.Энгельс). Екіншіден, цивилизация дегеніміз қоғамның алып заттық денесінің пайда болып, 
адамдардың материалдық-сезімдік өмірлік бағытына


көшуі, руханияттың азғындауы (О.Шпенглер, Ж.Ж.Руссо). Үшіншіден, цивилизация дегеніміз 
белгілі бір географиялық ойкуменада (аймақта) қалыптасатын ортақ дүниесезім мен өмір 
салты, мәдени құндылықтар, шаруашылық формалары ( А.Тойнби, В.Данилевский). 
Төртіншіден, өндіргіш күштер дамуы биік дәрежеге көтеріліп, негізгі қоғамдық 
қатынастардың заңмен ретке келтірілуі, адам құқтарының бұлжытпай орындалуы, “тұтыну 
қоғамының” орнауы (Д.Бэлл, З.Бзежинский). Бесіншіден, цивилизация дегеніміз, сайып 
келгенде, дін арқылы берілетін моральдық-рухани құндылықтардың негізінде ұйымдасқан 
қоғам (В.Мак-Нил, С.Хантингтон). Әрине, мұндай көпмағналық ұғым тарихи үрдісті әрөтүрлі 
тұрғыдан талдауға мүмкіндік береді
Қалай дегенде де, әрине, алғашқы қауымдық қоғам белгілі бір дәрежедегі мәдениетті 
тудырғанмен, цивилизация емес. ХХғ. өмір сүрген көрнекті неміс ойшылы К.Ясперс 
цивилизация “кіндікті заманда” - б.з.д У111-11 ғ.ғ. дүниеге келеді,- деген пікір айтады. Бұл 
кезде Шығыста да, Батыста да бүкіл адамзат пір тұтатын ойшылдар дүниеге келіп, өз 
халықтарын адамгершілік жолға түсіреді. Олар: Лао-Цзы мен Кон-фу-цзы (Қытай), Махавира 
мен Гаутама Сидхартха, соңынан Будда аталған (Үнді), Заратустра (Парсы), Сократ, Платон, 
Аристотель (Греция), Палестина топырағында дүниеге келген Библияда көрсетілген 
кейіпкерлер,- деп қорытады К.Ясперс.
Алайда, кіндікті заманды материалистік тұрғыдан түсінуге болар ма екен? Аталған уақыт 
адамзаттың қола дәуірден өтіп темір дәуіріне келген кезін көрсетеді. Соқаның басына 
байлаған темірден жасалған жер жыртқыш жердің өңделуін анағұрлым жақсартып көп өнім 
алуға мүмкіндік береді. Ал оның өзі қажеттіктен артық байлықтың дүниеге келуіне, соның 
нәтижесінде ең алдымен заттарды айырбастау, соңынан олардың бәрін теңейтін алтын, кейін 
ақшаның пайда болуы әлеуметтік айырмашылықты тудырады. Жеке меншік дүниеге келіп, 
мемлекеттік дәрежеде ұйымдасқан қоғамның формасы келеді. Енді қоғамда дене еңбегімен 
тікелей айналыспай, өз өмірін толығынан ой еңбегіне арнаған адамдар – жазушылар, 
философтар, діни қызметкерлер, мемлекет шен-иелері т.с.с. дүниеге келіп, олармен бірге 
жазба тарих пайда болып, мектептер ашылады т.с.с. Міне, енді дүниеге осы уақытта 
цивилизация келді деп айтуға болады.
Енді тарихи үрдісті цивилизациялық-мәдени жолмен талдау әдістемелеріне келер болсақ, осы 
ұғымдардың көпмағналығына сай әр-түрлі тұжырымнамаларды көруге болады. Алғашқы рет 
адамзат тарихына көз жіберіп “циклдық”, яғни белгілі бір шеңберде дамып, соңында бастапқы 
сатысына қайта оралу идеясын философияға еңгізген Джанбатисто Вико (1668-1774) 
болатын. Осы шеңберде белгілі бір мәдени қауымдастық, ұлт үш дәуірден өтеді екен. Бірінші 
– діни, екінші – батырлық, үшінші – азаматтық, содан кейін бастапқы діни сатыға қайта 
оралады. Осы тұрғыдан алғанда біздің халықтың тарихи батырлық сатысы, шамасы, Алтын 
Орда мемлекетінің заманында болса керек. Қазір біз азаматтық қоғам орнату үрдісіндеміз.
Жүре келе мұндай “циклдық” идея біршама тарихи-сопылық көзқарастардың негізіне 
алынды. Тарихи бірінші болып “мәдени-тарихи типтер” ұғымын еңгізіп, соның арқасында 
тарихты сопылап көрген орыс ғалымы Н.Я.Данилевский (1822-1885) болған-ды. Ол Батыс 
Еуропа елдерінің “германо-романдық” тарихи даму жолын әмбебапты деп есептемей, 
керісінше, оның рухани-адамгершілік дағдарыста, болашағының жоқ екенін көрсетеді. Оның 
ойынша, адамзат тарихының дамуы “мәдени-тарихи типтердің” өзара бір-бірімен күресі 
жолында дамиды. Бірақ бұл күресте алға шыққан негізі мен құрылымы жағынан мықты тип 
тарихи үрдістің негізін құрайды. “Мәдени-тарихи типтер” сол қауымдастыққа кіретін 
халықтардың ортақ тілін талап етеді. Екіншіден, ол халықтардың саяси дербестігі болуы 
қажет, үшіншіден, ол толыққанды болуы үшін әр-түрлі халықтар мен ұлыстардан тұруы қажет. 
Қарап отырсақ,, біздің алдымызда, аз-мұз жетілген бұрынғы Ресей империясы көз алдымызға 
келеді. Оның ойынша, егер славяндардың тарихи болашағы мол болып, олар көштің басында 
болса, гүндер мен түріктер тек қана қиратуға жаратылған халықтар екен. Қытай, Үнді, Иран 
т.с.с. көне автохтондық цивилизациялардың да болашағына Н.Я.Данилевский күмән келтіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет