Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта



Pdf көрінісі
бет26/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81
darister 1-15

әсерін тигізе ме, әлде Дүние сол қалпында қала бере ме?


Бұл қойылған сұрақтар философияның праксеологиялық (іс-әрекет) және аксиологиялық 
(құндылық) жақтарын құрайды.
Мысалы, адам материалистік көзқараста болып, дүниенің танылатынын мойындағанмен, 
жағалай ортаны – табиғат пен қоғамды өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы өзгерте алатына күмән 
келтіруі мүмкін.
Бір қарағанда, бұл сұраққа жауап жеңіл сияқты. Оған жауап ретінде адам тағы табиғатта жоқ 
қалаларды, асфальт, темір жолдарды, ұшақтарды т.с.с. көрсетуі мүмкін. Мұның бәрі де 
адамның саналы іс-әрекетінің нәтижесі. Бірақ, экологиялық апаттар мен дағдарыстардың 
дүниеге келуі, көп өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің келмеске кетуі, жалпы жағалай 
қоршаған табиғаттың азғындауы, тіпті адамдардың өздерінің физикалық табиғатының әлсіреуі, 
- жоғарыда көрсетілген жеңіл жауапқа күмән келтіруі мүмкін. Олай болса, бұл сұрақ қазіргі 
адмзаттың рух тебіренісінің негізгі мәселелерінің бірі болып саналады.
Негізінен алғанда, материалистік және идеалисттік бағыттағы көп ойшылдар адамның 
шығармашылық іс-әрекетін, оның қоршаған ортаны өзгертудегі мүмкіндіктерін мойындайды.
Әсіресе, бұл мәселеге еш күмәнсіз қарап, рухтың құдіретін көрсететін ағым – ол субъективті 
идеализм. Оның себебі – олардың пікірінше, адам өз-дүниесін өзі құрайды. Мұндай шешім – 
адамның шығармашылық іс-әрекетін жеке көрсетеді. Осыған орай неміс философы ,- деген 
ұранын И.Фихте айтқан “әреке ет, әрекет ет, тағы да әрекет ет! келтірсек болғаны.
Бұл салада тағы да бір үлкен сұрақ пайда болады. Егер адам Дүниені саналы түрде қайта құра 
алатын болса, онда ол оны қаншалықты өзгерте алады.
Бірінші жауапты негізінен төмендегі көзқарасқа теңеуге болады. Біздің шығармашылық іс-
әрекетіміз Дүниені толығынан өзгертіп жаңа, өзіміздің ойымызға сай өмірді туғыза алады. 
Мысалы, марксизмнің коммунистік идеясын осы бағытқа жатқызуға болар еді. Сонымен, адам 
өз болмысын шығармашылық іс-әрекеті арқылы толығынан Дүниені өзгертіп жасайды.
Екінші жауап мұндай абсолюттік көзқарастан бас тартып, адам Дүниені өзінің саналы іс-әрекеті 
арқылы өзгерткенменоны толығынан қайта құра алмайды, тек қана салыстырмалы түрде 
ғана басқа өзгертілген Дүние келуі мүмкін,- деген пікір айтады. Және бұл көзқарас Дүниені , 
бүгінгі таңдағы өзгертуде адам “жеті реттей ойланып, бір рет кесуін керектіктерін 
болашақтағы өмірмен ұштастырып волюнтаризмге жол бермеу жағын, жағалай қоршаған 
ортаға өте ұқыптылықпен қарап, адамның пенде екендігін, оның Құдай еместігін 
алаңдаушылық сезіммен бізге жеткізеді.
Бұл мәселе, әсіресе, біздің жаңару үстіндегі қоғамдағы жүргізіліп жатқан іс-әрекеттермен тығыз 
байланысты. Дүниені коммунистік тұрғыдан толығынан өзгерту жолынан бас тартып, біз келесі
орнату жолына түсіп кеткен жоқпыз ба? Біз неге біржақтылыққа – “нарықтық жұмақ өткен 
қоғамның тиімді жақтарын ұстап қала алмадық? Біз қаншалықты өзгерген қоғам орнатуымыз 
керек? т.с.с. Бұл сұрақтар – ашық сұрақтар. Оқырман Дүниеге деген өз көзқарасының 
шеңберінде бұларға өзі жауап табуға тырысса екен дейміз.
Қорыта келе, философияның ,- деген негізгі мәселесінің бірінші – онтологиялық жағы “Бұл 
Дүние не? сұраққа жауап берсе, екінші – гносеологиялық, праксеологиялық, аксиологиялық ,- 
деген сұраққа жақтары “Бұл дүниені қалайша танып-біліп, өзгертуге болады? жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет