Эндемиялық қайталама сүзегі
Морфология. Кене қайталама сүзегінің боррелиялар эпидемиялық қайталама сүзегінің қоздырғыштарына ұқсас.
Культивирлеу. 30 - 35 градус температурада рН 7,2 - 7,4 анаэробты жағдайда, арнайы қоректік ортада өсіреді.
Ферментативтік қасиеті - анықталмаған.
Аитигендік құрылымы - ажыратылмаған.
Қоршаған орта факторына төзімділігі - эпидемиялық қайталама сүзегіндей.
Жануарлар қабылдаушылығы. Кеміргіштер ауырады: тышқандар, атжалмандар, т.б. Тәжірибелік жануарлардан теңіз шошқалары, егеуқүйрық, ақ тышқаңцар.
Инфекция көзі. Кемірушілер: тышқандар, атжалмандар, кенелер.
Таралу жолдары. Трансмиссиялық - адамды кене шаққанда сілекейіндегі боррелиялар жұғады. Шаққан жерде папула пайда болады.
Патогенез. Эпидемиялық қайталама сүзектей, бірақ ұстамасы көбірек. Клиникалық ауру жеңіл түрде болады.
Иммунитет. Тұрақсыз, көбінесе басқа жақтан келген адамдар ауырады.
Алдын – алу шаралары. Кемірушілерді, құрт – құмырсқаларды жою.
Арнайы алдын - алу шаралары. Жоқ.
Емі. Антибиотиктер: тетрациклин, пенициллин, левомицитин,т.б.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Қоздырғышты анықтау, эпидемиялық қайталама сүзекті эндемиялықтан ажырату.
Достарыңызбен бөлісу: |