ПАТОГЕНДІ МИКОБАКТЕРИЯЛАР
Туберкулез коздырғыштары.
Mycobacteriaceae туыстығына жіңішке, тармақталған саңырауқұлақ тәрізді таяқшалар жатады. Қоректік ортада жәй өсуі де саңырауқулақтарға жақындатады. Микобактериялар қышқыл - сілті және спиртке төзімді, себебі қабықшасында майлыбалауыз зат бар. Микобактериялар тұқымына патогенді және патогенді емес өкілдер жатады. Адам үшін патогенді туберкулез және лепра қоздырғыштары.
Туберкулез жануарлар, құстар, кеміргіштер арасында кеңінен тараған.
Туберкулез таяқшасының бірнеше түрі бар:
1. Адамдікі - Mycobacterium tuberculosis
2. Сиырдікі - Mycobacterium bovis
3. Құстікі - Mycobacterium avium
4. Тышқандікі - Mycobacterium murium
5. Атиптік микобактериялар.
Атиптік микобактериялар 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Микобактериялар өзара қоректік ортаға, өсім жылдамдығына, пигмент қурауына, қатал азадық және пероксидазалық белсенділігіне байланысты. Адамдарда I және Ш топ микобактериялары ауру қоздырады.
Морфология. Туберкулез қоздырғыштарын 1882 жылы Р.Кох ашқан. Ол жіңішке таяқшалар, мөлшері 1,5 - 4*0,3 - 0,5 мкм. Қозғалмайды, спорасы және капсуласы жоқ. Грам оң. Циль - Нильсон бойынша қызыл түске боялады.
Культивирлеу. Туберкулез қоздырғыштары - аэробтар. 37-38 градус температурада рН 5,8 - 7,0 өседі. Культуралдық айрықша қасиеті: қоректік ортаны талғайды және жәй өседі. Әуелі арнайы орталарда өседі: Петраньян, Петров, Левенштейн - Йенсен орталары. Сонымен қатар глицерин - сорпа, глицерин - ағар, глицерин -картофель орталарында да өседі. Көбінесе ВОЗ ұсынған стандартты Левенштейн - Йенсен ортасы қолданылады. Соңғы кезде Финна II ортасы қолданылады, онда аспарагиннің орнына Na глутамин қолданылады. Сонымен қатар синтетикалық орта Сотон да қолданылады. Туберкулез микобактериясы R және S формада кездеседі. R - форма вируленттілеу. Тығыз қоректік ортада туберкулез қоздырғыштары құрғақ әжімді, крем түсті, шеттері қиьшған колония құрайды. Сұйық қоректік ортада 10 - 15 күннен кейін қабырша тәрізді өседі.
Ферментативті қасиеті. Тұрақсыз, сондықтан диагностикалық маңызы жоқ.
Токсинтүзуі. Эндотоксин тузеді, ол туберкулин деп аталады. Оны 1890 жылы Р.Кох анықтаған. Туберкулиннің аллергендік қасиеті бар. Ол cay организмге әсер етпейді. Оның әсері жұқтырылған организмде білінеді, сондықтан туберкулинді аллергиялық пробалар қоюда қолданады (реакция Манту) туберкулинді сиыр туберкулезінің микобактериясынан дайындайды.
Антигендік қасиеті. Туберкулез мибактериясының антигеніне қарсы өте аз мөлшерде қарсы дене бөлінеді, сондықтан ол диагностик; үшін қолданылмайды.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Туберкуле микобактериясы ең төзімді бактерия. 100 градус температурада минуттан кейін өледі. Ультракүлгін сәулесі бірнеше сағаттан кейін өлтіреді. Кептірілген қақырықта 10 айға дейін сақталады. Төмен температурада көпке дейін сақталады. Дезинфекциялаушы ерітінділе сулема, карбол қышқылы 5% 1 тәуліктен кейін өлтіреді. Ола хлорамин мен хлорлы әкке сезімтал.
Жануарлар қабылдаушылығы. Жануарлар мен құстарда, адамдарға қарағанда сирек ауырады. Тәжірибелік жануарлардан кроликтер сезімтал.
Инфекция көзі. Адам.
Таралу жолдары. Ауа түйіршіктері, ауа шаңдары, сәбилер плацента арқылы жұқтыруы мүмкін.
Патогенез. Туберкулез ауруы көптеген клиникалы формаларымен сипатталады. Көбінесе өкпе формасы кездеседі. Өкпеден тыс: асқазан және ішек туберкулезі, бүйрек, сүйек, ми қабаттары туберкулезі, т.б. Ауа түйіршіктері арқылы жұққанда өкпе зақымданады. Өкпеде төмпешік (бугорок) tubercul пайда болады, оны ішінде микобактериялар болады. Организмнің қорғаныс күші жақсы: болса, төмпешік қатып қалады, одан бактериялар шықпайды. Бұны «очаг Гона» деп атайды (жабық процесс). Организм қолайсыз жағдайға ұшырап, қорғаныс күші азайғанда төмпешік еріп, оның ішінен бактериялар шығып, басқа аймақтарды зақымдайды. Каверна пайда болады - ашық процесс, кейде өлімге тіреледі. Көбінесе туберкулез созылмалы түрде болады. Тұрмыс және жұмыс жағдайлары да маңызды роль атқарады.
Иммунитет. Адамның туберкулезке қарсы табиғи иммунитеті болды, кейде қоздырғыш жұққанмен, ауру пайда болмайды.
Алдын - алу шаралары. Уақытында ауруды анықтау, оқшаулау.
Арнайы шара - тірі БЦЖ вакцинасы қолданылады. Оны жаңа туған сәбилерге иыққа тері астына енгізеді. Ревакцинация 7-12 жаста әр 6 - 7 жылдан кейін қайталанады. 30 жасқа дейін.
Емі. Антибиотиктер: стрептомицин, рифам пицин, ПАСК, фтивазид, т.б.
Микробнологиялык зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Қоздырғышты анықтау.
Зерттеу материалы.
1. қақырық (туберкулез өкпе, бронх)
2. плеврадан экссудат (туберкулез окпе, плевра)
3. нәжіс (ішек түрінде)
4. зәр (туберкулез буйрек)
5. жұлын сұйықтығы (туберкулезді менингит)
6. қан
Негізгі зерттеу әдісі: 1. Бактериологиялық; 2. люминесценттік
3. бактериоскопиялық; 4. Биологиялық; 5. Аллергиялық;
Қоректік орталар: 1. Левенштейн - Иенсен ортасы; 2. жұмыртқа ортасы; 3. Финна II ортасы.
Достарыңызбен бөлісу: |