Қайталама сүзегінің қоздырғыштары
Қайталама сүзегінің қоздырғыштары Spirochaetaceae туыстығына, Воітеііа тұқымына жатады.
Жұқтырушының ерекшелігіне қарай қайталама сүзегі 2 – ге бөлінеді:
1. эпидемиялық - жұқтырушы бит
2. эндемиялық - жұктырушы кене
Қайталама сүзегі қоздырғышының басқа спирохеталардан өзгешелігі - олар ірі, біркелкі емес иректерден тұрады және анилин бояуларымен жақсы боялады, Романовский - Гимза әдісімен күлгін түске боялады.
Эпидемиялық қайталама сүзегі
Эпидемиялық қайталама сүзегі қоздырғышын 1868 жылы О.Обермаейр ашқан.
Морфология. Обермайер борреллиялары спираль тәрізді 5-8 біркелкі емес иректен тұрады, мөлшері 10 - 18*0,3 - 0,5 мкм. Олар спирохеталарға тән 4 түрде қозғалады.
Культивирлеу. Жасанды қоректік ортада сарысу мен асциттік жануарлардың тіндері мен мүшелерінің қатысуымен жақсы өседі. Олар анаэробты жағдайда, 30 -35 градус температурада рН 7,2 - 7,4 7-12 күнде жәй өседі. Сұйық қоректік ортада мол көбееді, бірақ өсім бермейді.
Ферментті ативтік қасиеті жоқ.
Токсинтүзуі - эндотоксин түзеді.
Антигендік құрылымы - аз зерттелген.
Қоршаган орта факторына төзімділігі. Боррелилер жоғары температураға сезімтал: 45 - 50 градус температурада 30 минуттан кейін өледі, 0 градус температурада бірнеше тәулікке дейін сақталады. Төмен температураға төзімді, қатырғанда бірнеше айға дейін сақталады. Кептіргенде бірден өледі. Дезинфекциялаушы ерітінділер бірнеше минуттан кейін өлтіреді.
Жануарлар қабылдаушылығы. Табиғи жағдайда жануарлар ауырмайды.
Инфекция көзі. Ауру адам.
Жұқтырушылар. Биттер - тіршілігі бойы жұқпалы (30 - 40 күн)
Жұғу механизмі. Бит аурудың қанын сорып, 5-7 күннен кейін жұқпалы болады. Осы кезде спирохеталар биттің ішегінен гемолимфаға өтіп, көбейеді. Адам қасынғанда битті зақымдап, гемолимфаны қасынған жерге жағады.
Патогенез. 1874 жылы З.Минх, 1881 жылы Н.Н.Мечников тәжірибеде қайталама сүзектің қоздырғышының қанда айналып жүретінін дәлелдеген (өзіне аурудың қанын жұқтырған). Жұқтырған лимфа адам организміне түсіп, клетка макрофагтарында көбейеді, сосын қанға өтеді. Аурудың бірінші қалтырау ұстамасы пайда болады. Аурудың қанында қарсыденелер спирохетолизиндер жиналып, боррелилерді ерітеді, эндотоксин бөлінеді: температура, интоксикация, т.б. пайда болады. Тіндердің түбінде қалған боррелилер көбейіп, жаңа ұрпақ береді. Олар қанға өтіп, аурудың 2 - ші ұстама кезеңі пайда болады. Осылай бірнеше ұстама болып, боррелилер жойылып, сауығу кезеңі болады.
Иммунитет - тұрақсыз.
Алдын - алу шаралары. Педикулезбен (биттеу) күресу санитарлы - гитиеналық жағдайларды жақсарту. Арнайы шаралары жоқ.
Емі. Тетрациклин, пенициллин, левомицитин және мышья препараттары.
Достарыңызбен бөлісу: |