Оба қоздырғыштары
Оба бактерияларын 1894 жылы Гонконгте Иерсен ашқан. Сондықтан бұл тұқымды иерсиниялар деп атаган. Сонымен қатар орыс ғалымдары да көп үлес қосқан: Д.К.Заболотный, Н.К.Клодницкий, И.А.Лебединский.
Иерсиния тұқымына 3 түрлі бактерия жатады.
1. Jersiniae pestis - оба қоздырғышы
2. Jersiniae pseudotuberculosis - псевдотуберкулез қоздырғыштары
3. Jersiniae enterocolitica - ішек инфекциясының қоздырғыштары.
Бұл тұқымның бәрі де Грам теріс таяқшалар, сопақша мөлшері 0,4 - 0,7*1 - 2 мкм. Спора түзбейді. Псевдотуберкулез қоздырғьпнтары мен иерсиния энтереколитикада талшықтары болады. Қоректік органы талғамайды.
Ферментативті белсенді: көмірсутекті қышқылға дейін ажыратады.
Морфология. Оба қоздырғышы - сопақша таяқша, мөлшері 0,3 - 0,6* 1 - 2 мкм. Полиморфты, спора түзбейді, талшықтары жоқ, нәзік капсуласы болады. Грам теріс.
Культивирлеу. Оба қоздырғыштары - факультативті анаэробтар. Қоректік ортаны талғамайды, жәй қоректік ортада 28 - 30 градус, температурада рН 7,0 - 7,2 өседі, өсім 12 - 14 сағаттан кейін пайда болады. Оба қоздырғыштарының элективті ортасы: казеин және ұйыған қан гидролизаты. Оба бактериялары вирулентті R - түрде өседі, сонымен қатар әртүрлі факторлардың әсерінен тез өзгеріп, авирулентті S - түрде де өседі.
Ферментативті қасиеті - қантыдырату қасиеті белсенді-сахарозаны, мальтозаны, арабинозаны, рамнозаны, глюкозаны, маннитті қышқылға дейін ыдыратады.
Оба бактерияларының 2 варианты бар - глицеринді бөлетін және бөлмейтін.
Белокыдырату қасиеті аз дамыған: желатинді ерітпейді, сүтті ұйытпайды, күкірттісутек құрады.
Оба бактериялары фибринолизин, гемолизин, гиалуронидаза, коагулаза өндіреді.
Токсинтүзуі. Оба таяқшасының токсині экзо - және эндотоксиннен тұрады. Ол адамға өте улы. Оны тышқан уы деп атайды, себебі тышқандар оған өте жоғары сезімтал. Антигендік құрылымы - өте күрделі. Қоршаған орта факторына төзімділігі. 100 градус температур) оба таяқшаларын бірден өлтіреді, 80 градус температура 5 минуттан кейін өлтіреді. Төмен температураға төзімді: 0 градус температурада (1 айға дейін сақталады, қатырған өлікте 1 жылға дейін сақталады) Күн сәулесі 2-3 сағаттан кейін өлтіреді. Кептіруге сезімтал. Тағамдарда 1 айдан 6 айға дейін сакталады.
Дезинфекциялаушы ерітінділер 5-10 минуттан кейін өлтіреді, әсіресе сулема мен карбол қышқылына сезімтал.
Жануарлар қабылдаушылығы. Негізгі тасымалдаушылар -кемірушілер: сарырауұнақтар, суырлар. Олар обаның табиғи ошақтык көзі. Обаға егеуқұйрыктар, тышқандар, түйелер, түлкілер, мысықтар сезімтал. Тәжірибелік жануарлардан тышқандар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары сезімтал.
Инфекция көзі. Ауру жануарлар, кемірушілер. Таралу жолдары.
1) негізгі таралу жолы - трансмиссивтік. Тасымалдаушылар - бүршелер (кеміруші - бүрше - адам)
2) ауа - туйіршіктері (обаның өкпе түрінде ауру адамнан ауа түйіршіктері арқылы жұғады)
3) тағам арқылы (сирек кездеседі) Патогенез.
Тері және тыныс жолдарының, асқорыту жолдарының кілегей қабаты арқьшы енеді. Енген жерде папула пайда болып, ол қанды — іріңді кустулаға айналады. Лимфа түйірлері арқылы микробтар қанға өтіп, бактериемия тудырады. Қан арқылы ішкі мүшелерге түседі. Түскен жеріне байланысты әртүрлі болады: тері, тері - бубонды, ішектік, өкпе, I - септикалық. Көбінесе бубонды түрі кездеседі. Ауру жедел түрде басталады: интоксикация, қызу, бас ауру, т.б.
Иммунитет - тұрақты.
Алдын - алу шаралары. Жалпы шаралар - дер кезінде анықтау, ауруды окшаулау, жанасуда болған адамдарга карантин салу. Ошақта дезинфекция, дезинсекция, дератизация жасау. Жанасуда болган адамдарға стрептомицин беріледі. Мемлекеттік шекараны қорғау.
Арнайы алдын - алу шаралары: тірі вакцина қолданылады. Жұқтыруға қауіпті адамдарға вакцина жасайды.
Емі. Стрептомицин, тетрациклин, арнайы фаг, обаға қарсы иммуноглобулин.
Достарыңызбен бөлісу: |