Лекция жинағы Дайындаған: Абдурахманова К. И. Кіріспе



бет65/76
Дата02.01.2022
өлшемі0.79 Mb.
#453487
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76
Лекция жина ы Дайында ан Абдурахманова К. И. Кіріспе

ВИРУСТАР
Вирустық аурулар өте ертеде пайда болған, бірақ вирусология ғылым ретінде XIX ғасырдың аяғында дами бастады.

1892 жьшы орыс ғалымы ботаник Д.И.Ивановский теме жапырағының ауруын зерттеген, оны өте үсақ микроорганизмдер қоздыратынын анықтаған. Олар бактериалды фильтр арқылы өтеді. Оларды вирустар деп атаған.

Вирустарды зерттеуде көп үлес қосқан вирусологтар: М.А.Морозов, Н.Ф.Гамалея, Л.А.Зильбер, М.П.Чумаков, А.А.Смородинцев, В.М.Жданов т.б.

Вирустарды зерттеу үшін эртүрлі әдістер қолданылады: химиялық, физикалық, молекулярлы - биологиялық, иммунобиологиялық және генетикалық.

Барлық вирустар адамды, жануарды, жәндіктерді, бактерияларды жэне өсімдіктерді зақымдайтын болып бөлінеді.

Барлық вирустардың түрлері мен биологиялық қасиеттері әртүрлі, бірақ жалпы қүрылымы бірдей. Кемелденген бөліктерін вириондар деп атайды. Басқа микроорганизмдерге қарағанда вириондарда бір ғана нуклеин қышқылы болады: ДНК немесе РНК.

Вирустардың нуклеин қышқылы біржіпшелі немесе екі жіпшеден тұрады.

РНК - дан тұратын вириондарда біржіпшелі РНК, ал ДНК - дан тұратын вириондарда екі жіпшелі ДНК болады.

ДНК - дан тұратындар 5 туыстық, РНК - дан түратындарға 10 туыстық жатады.

ДНК - дан тұратындар:

1. поксвирус туыстығы: а) көк шешек вирус, б) шешек вакцинасының вирусы;

2. аденовирус туыстығы - адамның аденовирусы (34 серотип)

3. герпесвирус - жэй үліық вирусы, жел шешек вирусы.

РНК - дан тұратындар:

1. пикорнавирустар - полиомиелит вирусы, Коксаки және ECHO; 2. тогавирустар - кене энцефалитінің вирусы, сары қалтырауық вирусы, Омск геморрагиялық қалтырауығының вирусы

3. ортомиксовирустар - тұмау вирусы, 4. парамиксовирустар - шошқа - мойын, қызылша вирусы т.б. 5. рабдовирустар - құтыру вирусы.

Классификацияға кірмейтін вирус - гепатит вирусы.

Вирустар - клеткалық құрылысы жоқ өте ұсақ организмдер. Олар вириондар деп аталады. Мөлшері 15 - 400 нм. Вирионның қабықшасы белокты зат - капсидтен тұрады. Ішінде нуклеин қышқылы - ДНК немесе РНК болады. Нуклеин қышқылына байланысты вирустар - 2 ге бөлінеді:

1) ДНК ден тұратын вирустар,

2) РМК ден тұратын вирустар.

Пішіні бойынша 4 түрлі болады: куб тәрізді, спираль тәрізді, сопақша тәрізді, сперматозоид тәрізді.

Сәуле беретін және хош иіс бөлетін микроорганизмдер.

Микроорганизмдер арасында сәуле беретін микробтар кездеседі. Олар екпінді тотығу процессінің әсерінен энергия бөлінуімен байланысты. Теңіз суының жалтырауы, балықтардың қабыршықтарының жалтырауы, шіріген ағаштағы жалтырауыктар оларда сәуле бөлетін бактериялардың бар екенің көрсетеді. Барлық сәуле бөлетін бактериялар аэробтарға жатады. Сәуле бөлетін бактериялар жасыл немесе көкшіл түс береді. Сонымен қатар хош иіс бөлетін микроорганизмдер де анықталған. Олар тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Олар виноларға, майларға, сырларға, әртүрлі хош иіс береді. Кейбір микроорганизмдер тіршілік барысында органикалық заттардың бөлінуіне байланысты жағамсыз иістер шығарады (индол, скатол, күкірттісутек).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет