Лекция жинағы Дайындаған: Абдурахманова К. И. Кіріспе



бет63/76
Дата02.01.2022
өлшемі0.79 Mb.
#453487
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76
Лекция жина ы Дайында ан Абдурахманова К. И. Кіріспе

Микробиологиялык зерттеу.

Зерттеу мақсаты. Оба қоздыргышын анықтау.



Зерттеу материалы.

1. тері түрінде - жараның ішіндегісі

2. бубонды түрінде - бубонның ішіндегісі

3. өкпе түріне – қақырық.

4. ішек түрінде – нәжіс

5. қан - барлық түрінде

6. секциялық материал

7. бүршелер - ішегінің ішіндегісі

8. өлген тышқандар, егеуқүйрықтар - қанын және мүшелерін зерттейді.

Негізгі зерттеу әдісі.

1. микроскопиялық

2. бактериялогиялық

3. биологиялық

4. люминесценттік серологиялық әдіс
Туляремия коздырғыштары
Туляремия қоздырғышын 1911 жылы Мак - Кой мен Чепин сарышұнақтардың ауруын зерттегенде ашқан, Туляремия деген жерде. 1921 жылы американ зерттеушісі Э. Френсис бұл аурумен адамдар да ауыратынын дәлелдеген. Сондықтан Francisella tularensis деп атаған.

Морфология. Туляремия қоздырғыштары ұсақ бактериялар 0,3 -0,6*0,1 - 0,2 мкм, полиморфты: шар тәрізді, жіпше тэрізді, т.б. Қозғалмайды, спора түзбейді, нәзік капсуласы бар. Грам теріс.

Культивирлеу. Туляремия қоздырғышы факультативті анаэробтар. Қоректік затқа бай орталарда оседі: сарыуыз ортасы, ет -агар, ет балық ортасы. Тыгыз қоректік ортада жақсы кобейеді, бірақ жәй оседі, 4-14 күнде 36 - 37 градус температурада рН 6,8 - 7,2. Олар ұсақ, ақ түсті, томпақ, жалтыр, тегіс шеттері бар, d - 1 - 3 мм колониялар құрады.

Ферментативті касиеті - аз дамыған, арнайы қоректік орталарда болінеді. Глюкозаны, мальтозаны, маннозаны, левулезаны қышкылға дейін ыдыратады.

Токсинтүзуі. Эндотоксин түзеді.

Антигендік құрылымы. S - түрлі туляремия бактериясының 2 түрлі қарсытегі болады: О және Vi. Вируленттігі мен иммуногендігі Vi антигеніне байланысты.

Қоршаған орта факторына тозімділігі. 100 градус температурада туляремия бактериялары бірден өледі. 60 градус температурада 20 минутка дейін сакталады. Салқын температура мен ылғал топырақта 4-5 айга дейін сакталады. 1 градус суда 9 айга дейін, нанда - 14 күн, етте 30 күн сақталады. Дезинфекциялаушы ерітінділерде 10-15 минуттан кейін өледі Көптеген антибиотиктерге сезімтал.

Жануарлар қабылдаушылығы. Көбінесе кемірушілер және кейбір құрт-құмырсқалар ауырады. Тәжірибелік жануарлардан теңіэ шошқалары мен ақ тышқандар сезімтал.

Инфекция көзі - кемірушілер, үй тышқандары, атжалмандар, күзендер, қояндар. Сонымен қатар су, тағамдар, шөптер болуы да мүмкін нәжістермен ластанған.

Таралу жолдары. Трансмиссивтік, ауа шандары, түрмыстық -і жанасу, тағамдар.

Патогенез. Туляремия бактериялары зақымданған жэне зақымданбаған тері жэне кілегей қабаты арқылы енеді. Ену түріне байланысты бактериялар теріде, ішектің, көздің, тыныс жолдарының кілегей қабаттарына жайылады. Одан лимфа түйірлеріне түсіп, көбееді. Қанға тарайды. Жиналған жерінде - бірінші бубон пайда болады.

Аурудың әртурлі клиникалық түрлері болады:

1. бубонды

2. ангинозды бубонды

3. көз бубоны

4. өкпе, іш жэне кеңтараған түрі. Ауыртпалығына қарай:

1. жеңіл

2. ауыр түрі. Ұзақтығына қарай:

1. жедел

2. созылмалы түрі болады.

Иммунитет - тұрақты.

Алдын - алу шаралары. Кемірушілермен, қүрт -қүмырсқалармен күрес. Санитарлық шаралар.

Арнайы шаралары. Табиғи ошақта мекендейтін адамдарга вакцина жасалады.

Иммунитет 3-6 жылға дейін сақталады.

Емі. Стрептомицин, биомицин, тетрациклин, мономицин, канамицин.

Микробиологиялық зерттеу

Зерттеу мақсаты. Туляремия қоздырғышын анықтау.

Материалды алу жэне зерттеу қатаң режимдік жағдайда болу керек. Зерттеу материалы. 1. бубонның ішіндегісі, 2. көз кілегейінің шырыны, 3. Қақырық, 4. Нәжіс, 5. Қан.

Негізгі зерттеу әдісі.

1. аллергиялық

2. серологиялық

3. биологиялық

4. люминесценттік - микроскопиялық Қоректік орталар. Сарьгуыз ортасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет