Вирусологиялық зерттеу
Зерттеу мақсаты: вирусты анықтау, оның типін анықтау. Зерттеу материалы:
1. нәжіс (1-ші және 2-ші аптада аурудың);
2. мұрынжұтқыншақ кілегейі (аурудың алғашқы күндерінде)
3. өлік материалы (бастың, жүлынның, ішектің, лимфа түйірінің кесіндісі);
Негізгі зерттеу әдісі.
1. эртүрлі культураның клеткілерін жүқтыру арқылы вирусты бөліп алу
2. серологиялық зерттеу жэне КБР (нейтралдау реакциясы)
Коксаки вирусы
Коксаки вирусын 1948 жылы Г. Долдорф пен И.Сикле АҚШ -тың Коксаки қаласында полиомиелит тәрізді аурумен ауырған балалар нәжісінен анықтаған. Морфология. Коксаки вирусы үсақ вирустарга жатады (20-30 нм) қүрамына РНК, белок кіреді, формасы куб тәрізді. Культивирлеу - полиомиелит вирусындай.
Антигендік құрылымы. Антигендік құрылымы және патогендік қасиеті бойынша Коксаки вирусы 2 топқа бөлінеді: А жэне В. А тобына 24 серотип жатады, нейтралдау әсерлестігімен ажыратылады. В тобына 6 серотип жатады.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Қайнату Коксаки вирусын тез өлтіреді, 50 - 55 градус температура 30 минуттан кейін өлтіреді. Төмен температурага төзімді, - 70 градус температурада 3 айға дейін сақталады. Вирустар 5 % лизолға, эфир әсеріне төзімді. Формальдегидке, хлорлы сутек қьппқьшына сезімтал.
Жануарлар қабылдаушылығы. Тәжірибелік жануарлардан тышқандар, маймылдар сезімтал.
Инфекция көзі. Ауру адам жэне вирустасымалдаушы.
Таралу жолдары. Тамақ арқылы, шыбындар арқьшы, ауа -түйіршіктері арқылы.
Патогенез. Мүрынжүтқыншақ жэне асқорыту кілегей қабаты арқылы енеді. Коксаки вирусы нейрондарды жэне бүлшық еттерді зақымдайды. Коксаки А вирусы параличті аурулар, В тобының вирусы серозды менингит, миокардит, басқа да энтеровирусты аурулар қоздырады.
Иммунитет. Аурудан кейін түрақты иммунитет болады. Алдын - алу шаралары. Санитарлық шаралар: ауруды оқшаулау, карантин.
Арнайы шаралары жоқ. Емі. Симптоматикалық. Вирусологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Вирусты және оның типін анықтау.
Зерттеу әдістері. Полиомиелит вирусындай. Коксаки вирусының А типін В типінен ажырату үшін биологиялық сынамалар қояды: жаңа туған ақ тышқандарға жүқтырады. Вирустың А типі оларда паралич, ал В типі тырысу жэне паралич, сонымен қатар ішкі мүшелерді зақымдайды: бауыр, бүйрек, т.б.
Сонымен қатар серологиялық әдіс қолданылады: жұп сарысумен нейтралдау әсерлестігін қояды.
Вирус ECHO
1941 жылы Д.Эндерс полиомиелит ауруын зерттегенде, аурудың ішегінен серологиялық қасиеті бойынша полиомиелит вирусынан өзгеше вирус анықтаған, оны orphan - жетім деп атаған. Сонымен қатар соған үқсас көптеген вирустарды анықтаған, соның барлығын ECHO деп атаған.
Достарыңызбен бөлісу: |