Лекция жинағы Пәні: «Мектепте қашықтықтан оқыту сабақ әдістемесі»


Сұрақтар: 1. Білім берудің дидактикалық принциптерінің негізгі түрлері



бет3/25
Дата04.12.2023
өлшемі1.07 Mb.
#485404
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
лекция қашықтықтан оқыту

Сұрақтар:
1. Білім берудің дидактикалық принциптерінің негізгі түрлері.
2. Білім берудің қосымша принциптері.
3. Қашықтықтан оқытудың өзіндік принциптері.
4. Қашықтықтан оқыту жүйесінің дидактикалық ерекшеліктері.
Пән мұғалімінің педагогикалық жұмысына қойылатын негізгі талаптарының басқа пәндер мұғалімінің жұмысына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру – мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп, сабақта және сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалды ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғыздырады. Ол үшін мынадай талаптарды естен шығармау керек:
1. мұғалімнен не талап етіледі;
2. іске асырылу шаралары қандай жолмен мүмкін болады.
Мұндай жоғарыда айтылған аса күрделі мәселені шешуді дидактикалық жалпы принциптерінен іздеген жөн. Дидактиканың жалпы принциптер оқытуда нақтылана түседі. Пән мұғалімдерінің педагогикалық әрекеттеріне қойылатын талаптардың дидактикалық принциптеріне сәйкестілігі мыналардан тұрады:
1. Мұғалімнің материалды берудегі ғылыми және жүйелілік принциптері;
2. Оқытудағы ғылымилық принциптері;
3. Сабақтағы тәрбиелей оқытудың принциптері.
Ғылымилық принцип. Бұл принцип білім беру мазмұнынан оқушының танымдық мүмкіндіктеріне бейімделген сәйкес ғылым саласының жаңа жетістіктері орыналуын талап етеді. Аталған мәселе тұтасымен алғанда жеңілдей түседі, өйткені заманауи оқыту үрдісінде пән ішілік байланыс өте жоғары. Оқытудың ғылымилық принципі оқытудың жаңа әдістеріне сүйенеді. Ол пәнге қатысты модель құру, алдымен, кең мағынада оқушының зерттеу іс-әрекетін қамтитынын көрсетеді.
Бірізділік және қайталау. Бірізділікті тура мағынасында алып қарайтын болсақ, оқу материалы логикалық тізбектелген күйінде немесе логикалық тұйықталмаған тармақ түрінде берілген, ал қайталау тек берілген материалды бекіту үшін деп түсінуі мүмкін. Бірақ, қайталану командасы бір орында ғана қарастырылмайды, оның мағынасы мен қабылдау күрделілігі мәліметтердің типіне тәуелді.
Іс-әрекетті меңгерудің ұғынықтылығы. Дәстүрлі оқыту әдісінде ұғынықтылық оқушылардың өз іс-әрекеттеріндегі білім мазмұны мен құралдарын толық түсінуі болып табылады, бұл қағида барлық пән үшін орындалады деп есептелінеді. Ең бастысы оқушыда жан-жақты терең білім қалыптасуы қажет. Мұндай жағдайда мұғалімнің білім деңгейі мен материалды жинақтап, іріктей білуі шешуші рөл атқарады.
Мазмұнның тиімділігі.Тиімділік принципі оқыту деңгейлерін бөлу мен өздігінен атқаратын жұмыс мөлшерін анықтау арқылы жүзеге асырылады.
Іс-әрекеттегі мазмұнның көрнекілігі. Көрнекілікті қашықтықтан оқытудың ажырамайтын бөлігі деп те айтуға болады. Ол пән мазмұнындағы түрлі ұғымдарының әртүрлі сипатта берілуі мен түсіндіріледі. Мысалы, сипаттаудағы көрнекі диаграммалар көрнекілік болып табылады. Қозғалмалы бейнелер мен түстің, дыбыстың қосылуы да көрнекілік арнасын кеңейтеді. Белсенділік пен өз бетінділік принципі. Оқушының белсенділігі оның іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Пәндерді асинхронды оқыту барысында педагог оқушылармен тікелей байланыста жұмыс істейді, олардың реакциясын көріп, өзі басқарады. Ал, онлайн сабақтарында оқушының белсенділігі тек мақсат қана емес, табысты оқытудың қажетті шарты болып табылады. Ол белгілі бір мақсатты көздейтін, белсенділіктің нәтижесінде жүретін процесс. Бұл, әсіресе, жүйелі де, жан-жақты байланыспен білім беретін қашықтықтан оқыту үрдісіне тән. Белсенділіктің байқалу тәсілдері әртүрлі, мысалы, өзінің іс-әрекетіндегі жүретін рефлексия арқылы өзіндік бақылау, өздігінен тапсырма орындауы және дайын тапсырманы түсіндіруі. Белсенділіктің оқуға деген қызығушылықтан шығатыны түсінікті, бірақ оқыту барысында бақыланатын нәтиженің қандай болатынын мұғалімнің нақты тұжырымдауы қажет, дәлірек айтсақ, нені “тапсыруы” қажет. Оқушының өз бетінділігі де табысты оқытудың мақсаты жәнеқажетті шарты болып табылады. Ол белсенділіктен кейін жүреді: оқушы проблемалық типтегі лекцияны белсенді түрде тыңдауы мүмкін, бірақ ол өз бетінділікке жатпайды. Өз бетінділіктің мүмкін болатын даму кезеңдері төмендегідей: мұғалімнің оқушының іс-әрекетін толық басқаруынан белгілі бір мөлшерде компьютердің көмегімен танымдық іс-әрекетті өзіндік басқаруға көшуі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет