Ультракүлгін микраскопиясы негізінде жарық түсіруге қолданған ультракүлгін сәулелерді зерттелінуші ұлпалар мен жасушалар құрылымдарының талғамды түрде жұтуы жатады. Ультракүлгін сәулелерінің толқын ұзындылығы спектордың көрінетін бөлігінен сәулесімен салыстырғанда, шамамен екі есе қысқа (0.2 мкм). Сондықтан, ультракүлгін микроскобының айқындағыштық қабылеті жай жарық микроскобынан екі есе жоғары. Ультракүлгін микраскобы қалыптастыратын көзге көрінбейтін бейнені микраскоптың арнайы бөлшектері (люминисценциялық экран, электрон-оптикалық өзгерткіш) арқылы өзгертіп көруге болады.
Флуоресценциялық микроскопияның негізінде флуоресценция құбылысы, яғни ұлпалыққұрылымдардың атомдары мен молекулаларының қысқа толқынды ультракүлгін сәулені жұтып,қозған күйіне айналуы жатады. Флуоресценциялық микроскопта флуоресценцияны қоздыру үшін, жарық көзі (таяу ультракүлгін және көк-күлгін сәулелер) ретінде сынып немесе ксенон шамдарын қолданады. Қозған күйінен қалыпты жағдайына кері қайтқанда, ультракүлгін сәулені жұтқан заттар толқын ұзындығы бастапқыдан да жоғары жарық шашады. Мұндай біріншілік немесе өздік деп аталатын флуоресценция өте әлсіз болады. Оны күшейту үшін преператты алдын-ала флуоресценциялық бояулармен, яғни флуорхромдармен өндейді. Олар жасушаның және жасуша аралық заттың әртүрлі құрылымдармен және заттармен арнайы байланысады. Мысалы, акридин қызғылт-сары ДНҚ-мен байланысып, флуоресценциялық микраскопта - сары-жасыл, ал, РНҚ-мен байланысып, қызыл немесе қызғыл-сарытүсті болады. Сонымен жарқыраудың спектрлік құрамы объекттің ішкі құрылысы және оның химиялық құрамы туралы мәлімет береді.
Поляризациялық микроскопия анизотроптық, яғни сәуле сындыруға қабілеті екі есе жоғарықұрылымдарды, мысалы көлденең жолақ бұлшық ет талшығын, зерттеу үшін қолданылады. Поляризациялық микроскоп-екі поляризациялық фильтірлер орнатылған жарық микроскобының түрі. Бірінші фильтр (поляризатор, яғни поляризациялаушы) – жарық шоғырының көзі мен объект арасында, ал, екінші (анализатор, яғниталдаушы) – объективтің линзасы мен адам көзі арасында орналасқан. Екі фильтр де өз біліктері төңірегін айналып, жарық шоғырының бағытын өзгерте алады. Егер поляризатор мен анализаторды айқастырып қойсақ, онда көру аумағы қараңғы болады. Заттық үстелге изотропты мөлдір денелерді орнатсақ, көру аумағы бұрынғы күйінде қалады. Оптикалық анизотропияғы қабілеті бар затта, мысалы бұлшық ет талшығы, поляризацияланған жарықты өзгертіп, оның тербелу жазығының бағытына әсерін тигізеді. Сондықтан, құрылымдардың мұндай анизотроптық бөліктері көру аумағында жарқыраған түрде көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |