Лекция жинағы Шымкент 2019 Жасуша биологиясы пәнінен лекция жинағы


Жасушалар мен ұлпалар құрылымдарын мөлшерлік бағалау



бет14/62
Дата27.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#478865
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62
Лекция жина ы Шымкент 2019

Жасушалар мен ұлпалар құрылымдарын мөлшерлік бағалау қалыпты немесе патологиялық және тәжірибелік әсерге ұшыраған жағдайларда, олардың күйі жайлы объективті мәліметтер алуға қажет. Ол үшін гистологияда морфометриялық және цитофотометриялық әдістер қолданылады.
Морфометриялық әдістер – гистологиялық және цитологиялық препараттарда, микросуреттерде жасушалар мен ұлпалар құрылымдарының геометриялық (сызық, жазық) және стереометриялық (үш өлшемдік) параметрлерін мөлшерлік бағалауға мүмкіндік беретін тәсілдер жинағы. Құрылымдардың пішінін, санын, ауданын, диаметрін, периметрін және т.б. өлшеу үшін арнайы өлшеу аспаптары қолданылады. Олар: торлар, курвиметр (қисық сызықтарды өлшеуге арналған құрылғы), окуляр – микрометр (шкаламен жабдықталған окуляр). Стереометрия кезінде сызықтық және жазықтық көрсеткіштерді негізге алып, арнайы тәсілдермен есептеу арқылы, микроқұрылымдардың қатысты көлемін, көлем бірлігіндегі санын және т.б. анықтауға болады.
Қолмен жасалатын морфометрия кезінде, зерттеуші микроқұрылымдарды тікелей микроскоп арқылы немесе микросуреттерде жоғарыда қарастырылған жабдықтарды қолданып, көзбен көріп, есепке алады.
Соңғы жылдары гистологиялық зерттеулерде, күнделікті медициналық тәжірибеде компьютермен жабдықталған, жартылай және толық автоматталған бейне талдау әдістері кең қолданылуда. Мысалы, тематологиялық анализатор тұтас қанның тиімді диагностика жасауға қажет негізгі 18 параметрлерін анықтайды: лейкоциттер мен эритроциттердің санын, көлемін, жасушалардың қалыпты және ауытқу мөлшерін т.б.
Цитофотометриялық әдіс ұлпалар мен жасушалардың құрылымдарына зерттелетін химиялық заттың мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Микроскоп және спекрфотометрден тұратын арнайы өлшеу аспабы – цитофотометрмен алдын-ала гистохимиялық реакция арқылы боялып анықталған өнімнің (зерттелетін заттың) оптикалық тығыздығы өлшенеді. Соңғы көрсеткіш, өз кезеңінде, зерттелетін заттық микроқұрылымдағы концентрациясын көрсетеді.
Ағынды цитометрия немесе флоу – цитометрия (ағылш. Flow - ағын) суспензия құрамындағы жасушалардағы заттардың мөлшерін анықтайтын әдіс. Талдау алдында өткізілген цитохимиялық және гистохимиялық реакциялардан кейін зерттелетін затты анықтау үшін, оны флоуресценциялық бояулармен бояйды. Ағынды цитофотометрде жасушалар суспензиясы лазер сәулесі түскен капиллярлы (қылтамырлы) түтік арқылы үлкен жылдамдықпен өткізіледі. Әрбір жасушаның флоуресценциясының деңгейін (зерттелетін заттың мөлшеріне сәйкес болатын) арнайы детекторлар бір ізді түрде, минутына 10 мыңнан астам жасушалар жылдамдықпен, тіркеп отырады. Алынған мәліметтер бойынша цитофотометр заттар мөлшерінің гистограммасын (графигін) сызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет