Лекция жинағы Шымкент 2019 Жасуша биологиясы пәнінен лекция жинағы


Үстел басына зерттеушінің дұрыс отыруы және микроскопты орнату



бет7/62
Дата27.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#478865
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62
Лекция жина ы Шымкент 2019

1. Үстел басына зерттеушінің дұрыс отыруы және микроскопты орнату. Үстел басына жұмыс істеуге ыңғайлы қалпында отырып, сол жақ көзімен қарау үшін микроскопты зерттеушіге окулярымен бұрып қою керек.
2. Дұрыс жарық түсіру. Жарық микроскопиясы жарық сәулесін препарат арқылы өткізуге негізделген. Неғұрлым объектке жарық түсіру сапалы болса, соғұрлым оның детальдары жақсы көрінеді. Қазіргі кездегі микроскоптардың ішіне арнай жарықтандырғыштар орнатылған. Оқу микроскоптарында жарық көзі ретінде терезеден түскен жарық немесе электр жарығы қолданады. Олардын жарықты түсіру үшін заттық үстел астында екі бетті айна қондырылған. Оның ойыс бетін – күннің жарығын, ал, жалпақ бетін- жасманды жарық қолданғанда пайдаланамыз. Жарық түсірудің кезеңдері:
А) макрометр бұрандасын зерттеушінің өзіне қарай бұрап, тубуста орнатылған револьверді А) қауіпсіз аралыққа (2-3см) көтеру керек;
Б) Револьверді сағат тілінің бағыты бойынша бұрап, кішкене объективті дәлме-дәл төмендегі заттық үстелдің тесігінің орта сына қаратып орнатады (бұл кезде револьверден шырт еткен дыбыс шығады), объективтің мұндай күйі жұмыс жайы деп аталады;
В) Заттық үстелдің бүйір жағынан байқап отырып, макроментр бұрандасын зерттеушінің өзіне қарсы қарай бұрап, кішкене объективті заттық үстел бетінен 0,5 см аралыққа дейін түсіру керек;
Г) Заттық үстел астындағы конденсордың бұрандасын бұрап, төмен түсіріп, түскен жарық ағынын перде сияқты реттеуге мүмкіндік беретін диаграманы ашу қажет;
Д) Окулярға сол көзбен қарап отырып, жарықты көлеңкелемеу үшін саусақтармен арнайы қырынан ұстап, жарық көзіне қарай бұрып, ашық тұрған диафрагмат арқылы түскен жарықты конденсорға (лат.condenso-тығыздау; қоюландыру; шашыраңқы жарықтан жарқыраған сәуле шоғын қалыптастыратын линзалар жүйесі) жіберу керек. Окулярда шеңбер түрінде көрінетін көру аумағы сүттей ақ (жарқырағын және біркелкі) болған кезде, арнаны қозғалтуды тоқтату қажет. Осы кезден бастап, әйтпесе жарық түсу күйі бұзылып, жоғарыдағы әрекеттерді қайталау керек.
3. Заттық үстел бетіне препаратты орнату. Бұл әрекетті жасаудан бұрын препаратты жарыққа тосып, жай көзбен қарап шығу керек. Мұның арқасында, біріншіден, жабынды әйнектің және оның астындағы кесіндінің заттық әйнектің қай жағында орналасқаны көрінеді. Сонан соң, бетіндегі ластануларды, иммерсиялық майдың қалдықтарын көріп, оларды ксилолмен кетіруге болады. Екіншіден, көзбен мұндай шолу препараттың қандай тіннен, мүшеден жасалғанын болжауға (сезінуге) мүмкіндік береді. Қорытынды сабақтар мен емтихан алдында, көптеген препараттарды бірден талдау қайталанғанда, бұл әдісті қолданудың маңызы зор. Препаратты орнату үшін жасалатын әректтер.
А) макрометр бұрандасын өзіңізге қарай бұрап, кішкене объективті қауіпсіз, яғни заттық әйнекті орнатқанда тигізіп алмайтындай аралыққа заттық үстел бетінен 2 – 3 см жоғары көтеріңіз (2-5 сурет, А);
Б) препаратты заттық үстел бетіне жабынды әйнегін жоғарыға қаратып орнатыңыз. Оны қырынан ұстап, зерттелетін объектті заттық үстел тесігінің нақ ортасына, сәуле шоғырының жолына тосып, орныққанша ақырын жылжытыңыз;
В) орнатылған препаратты заттық үстел бетіне екі арнайы қыстырғышпен бекітіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет