Лекция жинағы Шымкент 2019 Жасуша биологиясы пәнінен лекция жинағы



бет36/62
Дата27.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#478865
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62
Лекция жина ы Шымкент 2019

Тақырыбы: Гольджи аппараты.
Жоспар:
1. Гольджи кешенінің нәзік құрылысы, секреторлық қызметі, ондағы ақуыздардың жетілулері-модификациялануы, сортталуы.
2. Лизосомалар, құрылысы, химиялық құрамы. Түрлері.
3. Лизосомалардың ас қорыту фагоцитоз процесіне және Гольджи аппаратымен байланысы

Бұл органоидты 1898 жылы Италия ғалымы К.Гольджи нерв жасушасында байқаған. Кейін пісіп жетілген сперматозоидтар мен эритро-циттерден басқа омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың әр түрлі ұлпа-ларының жасушаларында болатыны анықталды. Өсімдіктер жасушасында болу-болмауы көп уакытқа дейін талас болды, бірақ оларда да болатынын электрондық микроскоп дәлелдеді. Кейде тор тәрізді аппарат, Гольджидің комплексі, пластинкалы кешен деп те атайды.


Жарық микроскопы Гольджи аппаратының екі түрін ажыратады: тор тәрізді және диктиосомалық Гольджи аппаратының торлы құрылымы әдетте ядроның маңында және центриольдарды қоршай орналасады, ал диктиосома-лар жасушалардың цитоплазмасында түрліше орналасуы мүмкін. Диктиосома-лар тордың жеке үзінділері. Диктиосомада бір-бірінен 20-25 НМ қашықтықта жататын, аралықтарында гиалоплазманың жұқа қабаты болатын, жалпақ мембраналық қапшықтар немесе цистерналар текшелері орналасқан. Текше-дегі қапшықтардың саны 5-10-нан аспайды. Гольджи аппаратының зонасын-да тығыз орналасқан жалпақ цистерналардан басқа көптеген вакуольдар байқалады. Диктиосома зонасының проксимальдік және дистальдік учаскелерін ажыратады.
Өсімдіктер мен омыртқасыз жануарлар жасушаларында, эмбрионалдық ұлпалар жасушаларының көпшілігінде оның диктиосомалық формасы жиі байқалады. Ересек жануарлар организмінің ұлпаларында әдетте әр түрлі құрылым кездеседі. Гольджи аппаратының ультрақұрылымы жалпақ қапшықтардан (цистерналардан), үлкендігі әр түрлі вакуольдерден, көпіршік-терден және секрет түйіншектерінен тұратынын электрондық микроскоп анықтады.
Гольджи аппаратының функциясы жасушада жүретін көптеген маңызды метаболизмдік процестермен байланысты. Ол жасушаның секрет болу қызметіне, липидтерді түзу, жинау, сіңіруге және полисахаридтерді синтез-деуге қатысады. Гольджи аппараты жасушадан белоктарды секрециялауға да қатысады. Бұл қызметінде Гольджи жүйесі эндоплазмалық тордың мембрана-ларымен байланысты.
Гистохимиялық әдістермен Гольджи аппаратында белоктардың, липид-тердің, полисахаридтердің, мукополисахаридтердің болатыны анықталған. Ферменттерден фосфатазалар, пероксидаза, түрлі гидролазалар табылған. Гольджи аппаратының вакуольдарынан лизосомалар түзіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет