Лекция жинағы Шымкент 2019 Жасуша биологиясы пәнінен лекция жинағы



бет15/62
Дата27.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#478865
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62
Лекция жина ы Шымкент 2019

Сурет. 1 Микроскоп

3,4 Лекция




Тақырыбы: Жасушалардың химиялық құрамы.
Жоспар:
1. Жасушадағы химиялық элементтер
2. Су
3. Белоктар
4. Нуклеин қышқылдары
5. Көмірсулар
6. Липидтер
7. Макроэнергиялық фосфаттық қосылыстар

Қоршаған ортадағы барлық элементтердің іздері тірі жүйеде байқалға-нымен тіршілікке қажет элементтердің саны жиырмаға жуық. Жасушадағы олардың концентрациясына сәйкес бұл элементтерді үш категорияга бөледі: негізгі элементтер, микроэлементтер және ультрамикроэлементтер деп. Түрлі түрдегі элементтердің жалпы жинағы түрліше болады. Кейбір элементтердің универсалдық маңызы болады (сутегі, көміртегі, азот, оттегі, натрий, магний, фосфор, күкірт, кальций, калий және хлор); басқалары бәріне бірдей керек болмағанымен түрлердің көпшілігіне қажет (темір, мыс, марганец, мырыш).


Тірі табиғатқа ғана тән арнаулы элементтер болмайды. Бұл тірі және өлі табиғаттың байланысты екенін және біртұтастығын көрсетеді. Сутегі, көміртегі, оттегі, азот, фосфор және күкірт жасушаның органикалық қосылыс-тарын құрайтын құрылыс бөліктері. Көмірсу мен липидтер сутегінен, көміртегінен және оттегінен тұрады; белоктар аталған элементтерден басқа азот пен күкірттен, нуклеин қышқылдары азот пен фосфордан тұрады. Сонымен, осы алты элемент тірі материяның басты элементтері. Жасушалар массасының 99%-тін құрайды. Көптеген элементтер әдетте иондар күйінде кездеседі. Мысалы: жасушада мына элементтердің иондары байқалады: Nа+; Мg2+; РО2-4; SО2-4; Cl-; К+; Са2+; СО2-3; NО-3.
Жасушадағы катиондар мен аниондардың мөлшері жасушаны қоршаған ортадағы олардың мөлшерінен өзге болады. Мысалы, жасуша ішінде К+ концентрациясы өте жоғары, ал Nа+ төмен. Жасушаны қоршаған ортада (қанда, теңіз суында) керісінше, К+ өте аз болады, ал Nа+ концен­трациясы біршама жоғары келеді. Жасуша мен қоршаған ортада бейорганикалық иондардың болуы жасушаның дұрыс қызмет істеуіне үлкен маңызы бар. Су мен бейорганикалық заттардан және өте аз концентрацияда кездесетін қосылыстардан басқа жасушаның кұрамында белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, липидтер болады.
Су
Жасуша заттарының ішінде салмағы жағынан су бірінші орында. Түрлі жасушадағы судың мөлшері түрліше болады. Жасушада судың көп болуы оның қызметінің дұрыс болуының басты шарты. Мысалы, мидың жасушаларында 80%-ке жуық су болады, ал май ұлпасының белсенділігі кем жасушаларында 40%-тен аспайды. Судан айырылған жасушаның белсенділігі кемиді. Судың көпшілігінен айырылған жасушалар барлық тіршілік белгілерінен айырылады. Мұндай хал-күйді анабиоз деп атайды. Анабиоз күйінде жасушалар ұзақ уақыт болуы мүмкін. Дымқылданғаннан кейін қайтадан тіршілік күйі қалпына келеді. Су еріткіш жасуша заттардың көпшілігін су ерітіндісі күйінде қабылдайды және қалдық заттарды жасушадан су ерітіндісі күйінде шығарылады. Жасушадағы реакциялардың көпшілігі су ерітіндісі ретінде ғана жүреді. Су көптеген реакцияларға тікелей қатысады. Мысалы, белоктардың, майлардың, көмірсулардың және басқа заттардың ыдырауы осы заттардың сумен әрекеттесуінің иәтижесінде жүреді. Мұндай реакцияларды гидролиз реакциясы деп атайды. Организмнің, ұлпалардың, жасушалардың жылу реттелуінде су маңызды роль атқарады. Заттар алмасуы реакцияларына да су кажет. Су және оның диссоциациясының өнімдері – сутегі мен гидроксил иондары – белоктардың, нуклеин қышқылдарының, липидтердің, сол сияқгы мембраналар мен басқа жасушалық компоненттердің биологиялық қасиеттері мен құрылымын анықтаушы маңызды факторлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет