Лекция жинағын дайындаған: Д. Мұстапаева


Мешіт күмбезі-жамал, мұнаралары-жалал, мешіттің сыртына түсірілген Құран сөздері



бет22/38
Дата25.02.2022
өлшемі231.63 Kb.
#455758
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
лекция тезис 2022Документ Microsoft Office Word

Мешіт күмбезі-жамал, мұнаралары-жалал, мешіттің сыртына түсірілген Құран сөздері, Аллаһтың әсем есімдерін білдіретін символ - сыпат. Мұнара - биікке өрлете салынып, жеке орналастырылған құрылыс немесе құрылыстық ғимараттың биік бөлігі.
Күмбезді адамзаттың діни түсінігінде жасалған, бірақ үнеміжаңғырып отырған Космос символы деп түсінеді. Ислам сәулетіндегі символдың мәні тұрақтылық, бұл пәнидегі дұрыстық, Аспан мен Әлем деген мән алған. Осы пәнидегі тіршілік, бар әлемнің Жаратушымен байланысын бейнелейді. Күмбез қасиетті құрылыс. Күмбездің төменгі тұсындағы сегіз қырлы бөлік көкті көтерген сегіз періштенің тұрағы, өз кезегінде Әлемнің сегіз тұсына сәйкес келеді.
Аңыздар бойынша Қожа Ахмет Иасауиге алғашқы ұстаз (пір) болған Арыстан баб кесенесі Түркістаннан 70 шақырым жерде орналасқан. Арыстан баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Оның ұрпақтары да кейін Иасауи құрған сопылық ұйымдар жетекшілері болды. Арыстан бабтың әулиелігін халық мойындаған. Сондықтан зиярат етушілер бейсенбі сайын әулие басына түнеп, ғибадат етеді. Ел арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. Арыстан баб есімі Қожа Ахметтің «Диуани Хикметінде» жиі аталады. Даналық кітабында Арыстан бабтың ұстаздық қызметі айқын байқалады. «Диуани Хикмет» бізге Арыстан бабтың тәлім-тәрбиесінің мазмұны сопылық, ал ол адамның рухани жағынан жетілу жолы екенін уағыздайды. Арыстан бабтың қабірі көне Отырар қаласы маңында. Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәліз, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кешеннің ең көне бөлігі қабірхана. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғасыр шамасында салынған.
Мешіт, мұнаралары­мен алыстан көз тартатын әдемі қала­лар, сарайлар өз стилдерімен ерекшеленді. Жолаушылардың сапар жолында дамылдауына оңтайлы соғылған керуен сарайлар әдемі ою өрнекпен нақыш­талды. Мешіттердің ішкі жағына кілем секілді етіп, әдемі мозаикалар салынды. Осы күнге дейін сақталған қала сыр­тындағы дәулетті кісілер тұратын елді мекендер тек бекем қабырғаларымен ғана емес, әдемі жазбаларымен, әшекей­лілігімен тамсандырған керуен сарай­ларды қалыптастырды. Әдемі ғимарат­тар­мен қатар су көздері салынып, неше түрлі су бұрқақтары әлемді тамсандырды.
Х ғ. Қарахандар әулетінің рубасы Сатуқ ислам дінін қабылдады. 960 ж. ислам мемлекеттік дін деп жарияланды. Өлкеде қалалық мұсылмандық мұсылмандық мәдениет қалыптасты. Тараз бен Меркіде, Кедерде мешіттер салынды. Мешіттер қаланың орталық көшелерінің қиылысында болды. Ортағасырдағы ірі қалалардың бірі - Баласағұнда мешіт құрылысы Х-ХІғғ. салынды. Мешіттер мұнаралы болған.
ХІ ғ. Қарахан (Әулие-Ата) ортағасырда пайда болған Тараз қаласының аймағында мәдени кешенге кіреді. Алғашқы құрылыс қарахандықтар дәуірінде ХІ ғ. басталды. 1905-1906 ж.ж. кесенесі қайта құрылды. Құрылыста алғашқы жоспарлау және сәулет өнерінің принциптері сақталды. Мұнда ортағасырдағы кесененің кірпіші қолданылады. Ол ортағасырдағы мәдени сәулеттің түрлік бейнесін қас бетті-күмбезді құрылысты құрайды.Мұсылман әлемінде қасиеттісіне жатады. Осыған байланысты «Әулие Ата» деген екінші атқа ие болды.
XX ғасырдың басында кесененің кірпіштік өрнектік әрленуі, жоспары бұзылды. Кесене қас бетті, күмбезді құрылыс екені белгілі. Қарахан кесенесінің көркем қас беті шыңылтырланған терракоталық қаптамалармен қапталған.
Қарахандар дәуірінен қалған бұйымдарда, атап айтқанда керамикалық заттарда жылтыр сыр жалатылған, ою тәрізді араб әріптерімен әшекейлер түсірілген. Ыдыстардың көпшілігі қыштан жасалып, жазулардың бір бөлігі әшекейленіп түсірілген. Олар діни мазмұнды тілектер мен өсиет сөздер болды. Сәндік үлгілердің таратушысына айналған мыстан, қоладан жасалған металл бұйымдарға да тілектер және діни мазмұндағы сөздер жазылып,әшекейленген.
Қарахан кезеңінің ислам сәулет өнерінің ескерткіштері Айша бибі және Бабәжі хатун кесенелерімен байланысты болады.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі, Қарахан кесенесі т.б. көптеген кесенелер күмбезді, каллиграфиялық жазулармен әрленген, мұнаралы, қас бетті, мұнаралы болып келеді. Ясауи кесенесі, ұстаздары мен шәкірттерінің мазарларының құрылысы осы бір үлгіге негізделген. Сәулет өнеріне тән сипат қас беттегі портал және қабырғаларды сызба өрнектер түсірілген терракоталармен қаптау Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салып, әрлеуде қолданылған.
Ислам өнерінде діни ғимараттарды күмбезді етіп жасау, күмбез ұштарын қою кең дамыған.Сол ғимараттар үшін қажетті заттар, керекті материалдар дайындау ісі жергілікті жердегі шеберханаларда жүргізілді.
Ғалымдар XIII-XIVғ.ғ., XIVғ.-XVғ. ғасырлармен мерзімдеген, Отырардан табылған шеберханаларда, соның ішінде Мыңшұңқыр шеберханасы керамикаларының арасында сәулеттік керамикалар бар. Солардың ішінде шыңылтырланған, сыртына өсімдік, геометрияланған сипатта өрнектер түсірілген күмбездің ұштары кездеседі. Күмбез ұштары өсімдік сағақтары, төртқұлақ өрнектері түсіріліп әрленген. Ол сан ғасырлар қолданып келген белгілі бір мәні бар сарынды бейнелейді. Мыңшұңқырдан табылған күмбез ұштары XIII-XIVғ.ғ. діни ғимараттарды салғанда қойылған күмбез ұштарын әзірлеуде жергілікті жерде шеберханалардың болғанын дәлелдейді. Ортағасырлық Қазақстан мен Орта Азиядағы кесенелердің күмбездеріне міндетті түрде кубба орнатылып отырған.
XIII-XVғ.ғ. ортағасырлық қалалардан табылған кесенелерге қойылған
күмбез ұштары, діни ғимараттар, кесенелер т.б. ислам сәулет өнерінің туындылары белгілі бір ережеге сай салынды. Күмбез ұштары ислам дініндегі ережелерге сай жасалды. Исламда кең өріс алған көк, жасыл, ақ, күміс түстер қолданылған.
XIV-XVI ғ.ғ. сәулет құрылыстарында қолданылған материалдардың ішінде куббалар сол кезеңде ислам өнерінде кең қолданылған люстр бояуымен әрленді. Мұндай люстр бояуының бір ерекшелігі түстердің атап айтқанда, көк түс пен алтын, күміс түстің құбылуы болып табылады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі, Рәбия Сұлтан бегім мазарындағы куббалар да осы негізді алып қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет