Лекция жинағын дайындаған: Д. Мұстапаева


Ахмет Ясауидіңқыпшақ өлкесiндегi ізбасарлары



бет27/38
Дата25.02.2022
өлшемі231.63 Kb.
#455758
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
лекция тезис 2022Документ Microsoft Office Word

2. Ахмет Ясауидіңқыпшақ өлкесiндегi ізбасарлары. Қожа Ахмет Ясауидің атақ-даңқы тек Орта Азия өлкесiне ғана емес, қыпшақтар арасына да кеңінен танымал болған. Әзіреті Сұлтанның нұсқауымен тікелей барған шәкірттері де, шәкірттерінің шәкірттері де қыпшақтар арасында Ясауидің ілімін таратқан. Солардың бірі - Бираш сопы. Жоғарыда баяндалғаны сияқты Бираш Ясауидің нұсқауымен аталмыш өлкеге жіберілген. Бираш сопының iзбасары - Ешмехмет те 36 жыл шейх болған және «Шейх Баба» деген атпен қыпшақтар арасында танымал болған. Қыпшақтар арасында Ясауи жолын қуушылардың бiрi - атақты Шейх Хаятуллаћтың шәкiртi Ыдырыс та - Ясауи жолындағы дәруiш. Сондай-ақ Ыдырыс сопының орынбасары деп қазандықҚасым Шейхты айта аламыз. Ақ Еділдің жоғарғы жағында Ясауи шәкірттерінің тағы бірі - Қожа Әмір Келалдыңқабірі бар.
3. Батыс түркi халықтары арасындағы Ясауидiң iзбасарлары. Аңыз бойынша Ахмет Ясауидің рухани әсері Анадолы, Балқан,Әзірбайжан қысқасы бүкіл батыс түркілеріне кеңінен мәлім болған. ¦лы бабамыздың тікелей жөн сілтеуімен, көптеген дәруіштері Рұм өңіріне ағылғанын аңыздардан білеміз.
Әулие Челебидің мәлімдеуі бойынша Аушар Баба, Пір Деде, Ақязылы, Қыдемлі Баба Сұлтан, Гейіклі (Киікті) Баба, Абдал Мұса, Хорос Деде сияқты аталған өлкеде Ясауи дәруіштерініңқабірі көптеп кездеседі.
Сонымен қатар аңыз бойынша Жин Осман, Шейх Нүсрет, Гажгаж (Гыжгыж) Деделер - Ахмет Ясауидің шәкірттері.
Әзiретi Ахмет Ясауидің Анадолыдағы мәшһүр жолын қуушысы – Қажы Бекташ Уәлi. Батыс түркiлерi арасындағы аңыз-әпсаналарға қарағанда Қажы Бекташ Уәлi Ясауи жолын қуушы - Лұқпан Перенден Хорасанда-ақ дәріс алған. Әпсана желiсiне қарағанда оған Анадолыға (Анатолия, Кiшi Азия) бару жүктелген, Қыршећирде (Сулуджа қараћөйүк) ол рухани софрасын жайған және көптеген дәруiштiң көңiл көзi ашылуына себепкер болған. Қажы Бекташ Уәлi – бүгiнгi Бекташилiк тариқатының құрушысы. Аталмыш түркi дәруiшiнiң атақты iзбасарлары - ТаптұқӘмре, Сары Салтұқ, Барақ Баба. Ал бүгiнгi өлеңдерi мен дүниетанымдары көпшiлiк қауымға мәшһүр Жүнiс Әмiре ТаптұқӘмренiң берекелi рухани софрасынан рухани нәрмен сусындаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет