15-лекция. Тақырып: Бүгінгі ясауилік құндылықтар
Лекция жоспары:
Бүгінгі Ясауилік құндылықтар
Ясауи кесенесінің қазіргі кезеңдегі жағдайы
Лекцияның оқыту нәтижелері:
1.білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі;
2. Қожа Ахмет Ясауи ілімі мен дүниетанымы қазақ мәдениеті мен адам әлемінің ділдік түлеу құбылысы тұрғысынан маңызды орынға ие екендігін түсіндіреді;
3. Бүгінгі таңда Ясауи ілімінің мәнін, маңызы мен ерекшеліктерін анықтайды, тарихымыздың өткені мен бүгіні арасындағы рухани арналар сабақтастығын түсіндіреді, қорытындылайды;
Лекция мазмұны:
Ясауи тариқаты мен мәдениеті арада қаншама ғасырлар өткеніне қарамастан, заман өткен сайын дами түсті. Тіпті ол ‡ндістан мен Анадолы сопылығының дамуына да ықпал жасады. Түркі дүниесінің, тіпті басқа халықтардағы дәруiштердiң көңіліне терең ұялаған Ахмет Ясауи 70 жылдық кеңестік дәуір жүйесінің езгісіне қарамастан, түркі халқының есінен шықпады, керісінше қуаттана түсті. Әсіресе соңғы он жылдықтағы Кеңес үкіметінің ыдырап, атеистік тәрбиенің жойылуына байланысты, Ахмет Ясауидің есімі, дүниетанымы көпшілік қауымға кеңінен танытыла бастады. Дегенмен Ясауи мұрасын зерттеу сонау ХIХ ғасырда-ақ қолға алынған болатын. Атай кетсек, ұлы бабамызды ғылыми тұрғыдан алғаш оның сопылық дәстүрі, теоремасын зерттеген түрік ғалымы - Ф.Көпрүлү. Сонымен қатар А.К.Боровков, В.А.Гордлевсий, Э.А.Бертельс, М.Б. Массон тәрізді орыс зерттеушілері Ясауи тақырыбына арнайы еңбек арнамаса да діни Лекциятарда жазған көлемді мақалаларында Ясауидің түркі халықтарының рухани өсуіне, өзін-өзі танып білуге үлкен еңбек сіңіргенін, оның мұрасына назар аудару қажеттігіне ерекше тоқталып өткен.
Ясауидің рухани дүниетанымын зерттеуге Еуропа және Америкада тұратын ясауитанушылар И.Меликофф, Анна-Мария Шиммель, Бодроглигетти сияқты ғалымдар ат салысып келеді. Қазіргі Америка Құрама Штаттарында тұратын аса көрнекті ясауитанушы Девид Де Вис есімі ғылыми ортаға Алтын Орда дәуірі кезіндегі ислам мен шамандық діни сенімдері туралы еңбектерімен жақсы таныс. Қазір Түркияда яссауитанушы К.Эраслан, К.Зейбектің еңбектері танымал.
Ал Қазақстанда Ясауи творчествосы филологиялық салада Ә.Қоңыратбаев, Қ.Сүйінішәлиев, Р.Бердібаев, М.Жармұхамедов еңбектерінен орын алған. Дүниетанымдық тақырыбы бойынша Ясауи мұрасының бүгінгі өркениетпен байланысын ғылыми тұрғыдан жүйелеп, оның бүкіл әлем философиясына қомақты үлес қосқанын негіздеп талдап берген ясауитанушылардыңқатарына А.Н.Нысанбаев, М.Орынбеков, Қ.Х.Тәжікова, А.Абуов, Д. Кежнжетай еңбектерін ерекше атауға болады. Сондай-ақ 1992 жылдан бастап, түркі дүниесінің атақты ғалымдары Ахмет Ясауи жайлы зерттеулер жүргізіп, мақалалар, кітаптар жазып, симпозиумдер өткізіп келеді. Ясылық Ахметтің отаны, әрі сүйегі жатқан ұлы Түркістан қаласында 1991 жылы 6 мамырда Қожа Ахмет Ясауи атындағы мемлекеттік университет ашылды. Келесі жылы Қазақстан мен Түркия республикаларының келісімімен, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті болып қайта ашылды. Міне бұл университеттің ашылуы бабамыздың түркі дүниесіндегі қаншалықты орны бар екендігін көрсетеді.
Бүгінде университетіміздің Түркістан қаласынан басқа Шымкент, Кентау, Тараз және Алматы қалаларында филиалдары бар.
Түйiн ретiнде айтар болсақ Ахмет Ясауи - исламның нағыз өзін түркі рухында ұсынған адам, Аллаћқа ғашықтық, адам сүйіспеншілігі, діндарлық, басқа діндер мен мәзћабтарға оң көзбен қарайтын дiни төзімділік, білімге көңіл бөлетін, асқа, еңбекке құрмет көрсететін, әйел мен ерді теңұстауға тырысатын ұлы ойшыл. Ахмет Ясауи - түркі дүниесінің ортақ рухани атасы.
Ахмет Ясауи кесенесі Әлемдік мұралар тізіміне енгені, ЮНЕСКО-ның тізіміне 2003 жылы енгені белгілі. Кесене қазақ халқының, жалпы түркі әлемінің тереңнен тамырын алған рухани байлығының заттай көрінісі. Кесене- әр түрлі кезеңдерде өзіндік маңызы болған жер. Осы орынның елдің рухани өмірінде алатын орны ерекше. Әр қилы саяси-әлеуметтік жағдайлар, өзгерістер легі ғимараттың сипаты, мәні кей кезеңдерде өзгеріске ұшыраса,кей кезеңдерде дамып, қиын кезеңдерді бастан кешірді.
Ғасырлар бойы ел «Әзірет Сұлтан» деп қастерлеген қасиетті орын сан ғасырлар өтсе де өз маңызы жоймай, елдің рухани байлығының негізгі көзі ретінде Әлемдік деңгейге көтерілуде. Түркі тектес халықтың, қара шаңырақта отырған қазақ халқының көне заманнан келе жатқан елдігі мен бірлігінің, діні мен ділінің асыл діңгегі ретінде белгілі. Қазіргі кезде Ясауи ілімін шетелдік зерттеушілер зерттесе, бұл ілімімді отандық ғалымдар да кең зерттеп, талдап жаңа әлі елге айтып жетпеген, немесе белгілі бір кезеңнің ұстанымдарының негізінде ұмтылып бара жатқан тұстарын зерттеп ұсынуда, әлі де зерттеуде.
2016 жыл ЮНЕСКО-ның шешімімен «Ясауи жылы» болды. 1991 жылы Түркістан университеті болып ашылған Халықаралық қазақ-түрік университетіне Ясауи есімі берілді. Ортағасырларда Қазақ хандығының астанасы болған, көптеген тұлғалар, хан, батыр,билер қоғам қайраткерлері «Әзірет Сұлтаным» деп қастерлеп, осы жерде жерлену мәртебесін алуға ұмтылған жер. Бұл Ясауи ілімінің елдің тереңде жатқан болмысымен, діні мен ділінде бірге болып, өрлегенін байқатады.
Рухани, заттай мәдениетте ерекше орын алған, ғасырлар қойнауындағы салт-дәстүр, әдет –ғұрыппен үйлесе өріліп, ислам мәдениетін елдің терең құндылықтарымен біте қайнасып, дамығанын көрсететін елдің өзіндік рухани жолы бар.Мыңдаған жылдар бойы тұғырында тұрып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан рухани мәдениеттің белгілерін көріп, түсіну мүмкіндігі Ясауи ілімі мен мәдениетінде. Ясауи мәдениетінің елдің ежелден келе жатқан құндылықтарын тану мен өмір сүру ортасындағы ерекшеліктерді бейнелей отырып дамығаны белгілі. Ел «Әзірет Сұлтан» деп қастерлеген тұлғаның қазақ халқының, түркі халқының өміріндегі орны ерекше. Ол ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, аңыз болып, аманат болып беріліп келе жатқан рухани құндылықтардың керемет ғажайып көздері деуге болады.Қожа Ахмет Ясауи келешек ұрпаққа өшпес мұра қалдырды. Оның әдеби, мәдени, сопылық шығармалары бүкіл түркі әлеміне үлкен ықпал етуде. Сол себепті Ясауидің ілімі күні бүгінге дейін, болашақта өз маңызын жоғалтпақ емес.
Сол себепті Қожа Ахмет Ясауи ілімімен байланысты киелі орындар, олардың мәні мен дамуы, ислам мәдениетіне тән белгілердің кесенелердегі көрінісі, дәуріштердің, зияратшыларға берілген ас, кесененің ғасырлар бойы қастерлі орталық болғаны туралы баяндалады.
Ислам дінінің өзіндік белгілерінің, Ясауиге қатысты заттай мәдениеттегі көріністерін кесенелер, мазарлар, жылжыйтын, жылжымайтын мәдени жәдігерлердегі бейнеленуін баяндау мүмкіндігі болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |