Лекция жоспары: (1 сағат,1 апта)



бет6/27
Дата24.09.2023
өлшемі338.5 Kb.
#478438
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
экономика-дріс

Тауардың құны, оны жасауға жұмсалған еңбек шығынынан тұрады. Осыған сәйкес,тауардың құнының шамасы, оны өндіруге жұмсалған еңбек шамасымен және қажетті жұмыс уақытымен белгіленеді.
Тұтынудағы бағалылық пен құн тауарда қатар, бір мезгілде орын аладыжәне олар бір-бірімен алмаса алады. Тұтыну құнының өзгерістері ертелі- кеш құнының өзгерістеріне әкеліп соғады.Керісінше, құнының өзгеруі тұтыну құнының өзгерістеріне әкеп соғады. Мынаны ескертейік: тауардың құнын қандай болмаса сондай еңбек уақыты емес, тек оны өндіруге нақты қажет еңбек уақыты құрайды.
Тек еңбектің өнімі ғана емес, еңбектің өзі екі жақты процес: нақты әне абтрактылы еңбек процесі болып табылады. Нақты еңбек тауардың тұтыну құнын,ал абстрактылы еңбек- құнын құрайды.
Нақты еңбектің нәтижесі өнім, ал осы өнімнің қажеттіліктерді қамтамасыз ететін ерекше қабілеті, оның тұтыну құны болады.
Шекті пайдалылық теориясы адамдарға өмір сүру үшін материалдық игіліктердің белгілі бір жиынтығы қажет дейді, игіліктердің адамның белгілі бір қажеттігін қамтамасыз ететінқабілеті, оның пайдалылығы деп аталады.
Нақты еңбек (технология) абстракты еңбектің белгілі мөлшерде жұмсалуын талап етеді.Осы технологияның негізінде өндірілген өнімнің тұтыну құны және құны болады. Кейін осы өндірілген өнім тұтынылып, өзінің тұтыну құнымен технологияны қайта қалпына келтіреді. Егер үйлесімділік жоғалса, шаруашылық жүйе басқа технологияға көшуі керек,немесе басқа өнім өндірумен айналысуы керек. Міне осылай тұтыну құны тұрақты түрде құнға айналып және керісінше болып отырады.
Құнның еңбек теориясы адамдардың өздерінен тыс қалыптасатын объективтік еңбек пропорцияларымен қалай есептесіп отыру керектігін дәлелдей алмады. Еңбек пропорцияларының өзгерістеріне сәйкес келетін субъективтік бағалау оны осы мәселелерден құтқарады.
Шекті пайдалылық теориясы өз жағынан,керісінше,өндірісті ұмытып, бар назарын тұтынуға аударған. Бұл тұрғыда еңбек теориясы шекті пайдалылық теориясының сыңаржақтылығын жояды, оны толықтырады. Шекті пайдалылық теориясы субъективтік бағалаудың неге басқаша емес осылай болып қалыптасуын дәлелдей алмады. Ал енді біз айта аламыз: субъективтік бағалаудың негізін еңбек шығындары түрін алатын объективтік негіз құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет