Лекция жоспары: (1 сағат,1 апта)


МОДУЛЬ 2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТҮПКІЛІКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



бет8/27
Дата24.09.2023
өлшемі338.5 Kb.
#478438
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
экономика-дріс

МОДУЛЬ 2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТҮПКІЛІКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
Тақырып 5, 6. Экономикалық жүйенің негізгі типтері. Қоғам дамуын кезеңдерге бөліп анықтаудағы негізгі ғылыми көзқарастар.
Лекция жоспары: (1 сағат,4апта)
1. Экономикалық жүйе және оның элементтері.

  1. Экономикалық жүйе типтерінің классификациясы.

  2. Қоғам дамуын кезеңдерге бөліп анықтаудағы қадамдар.

Кез-келген қоғамның экономикалық даму сипатын анықтау үшін “экономикалық жүйе” түсінігі қолданылады.
Экономикалық жүйе (грекше, systema-тұтас, бөлімдерден құралған)- өзара байланысқан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады және экономиканы ұйымдастырудың нысаны болып табылады.
Басты міндеті-шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Экономикалық жүйенің өмір сүруінің басты себебі- ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы.
Экономикалық жүйенің мақсаты- халықтың әл-ауқатын арттыру және материалдық қана емес, рухани, әлеуметтік, ұлтттық т.б. байлықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан экономиканың тиімділігін арттыру үшін экономикалық жүйе бір типтен екінші типке өзгереді.
Экономиканың жүйелі сипатын ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырған ағылшындық классикалық политэкономияның негізін салушы - А.Смит. Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы (1776ж. жарық көрген) басты ғылыми еңбегінде ең алғаш рет осы тақырыпқа ашық талдау жасады.Одан кейінгі экономикалық жүйе туралы ғылыми көзқарастар Д.Рикардо (1817ж.), Ф.Лист (1841ж.), Дж.С.Милль (1848ж.), К.Маркс (1867ж.), К.Менгер (1871ж.), А.Маршалл (1890ж.), Дж.М.Кейнс (1936ж.),П.Самуэлсон (1951ж.) еңбектерінде орын алды.
Экономикалық жүйенің даму тенденциялары туралы көзқарастар: 1) Жүйе оның барлық элементтерінің біртұтастылығы мен біркелкілігі арқылы дамиды. Әртүрлі экономикалық жүйелер өзара экономикалық тепе-теңдік күйде өмір сүреді,бірақ ұзақ мерзімде бір жүйе екіншісін ығыстыру арқылы өзгеріске ұшырайды. Бұл қоғамдағы реформалық өзгерістерді сипаттайтын теориялық көзқарас. 2) Әртүрлі экономикалық жүйелердің бір кезеңде өмір сүруі бір-бірін толықтырады және экономикалық өсу мен экономикалық жүйенің сапасын арттырады. Қазіргі конвергенция теориясы бойынша әртүрлі экономикалық жүйелер өздерінің дамуы мен жетілуі нәтижесінде бірігіп, жаңа экономикалық жүйені туындатады.
Мұндай қарама-қайшы көзқарастар экономикалық жүйенің қайшылықта дамитынын, үнемі өзгерісте болатынын сипаттайды. Көптеген дамыған елдерде меншікті ұлттандыру-мемлекет иелігінен алумен, жаппай жоспарлау-одан бас тартумен, орталықтандыру- орталықсыздандырумен ауыстырылды.
Экономикалық жүйенің келесідей қасиеттері бар: біртұтастылық , тәртіптілік, тұрақтылық , орнықтылық , өзгергіштік, қозғалғыштық , қарама-қайшылық .
Қоғамның даму процесінде қарама-қайшы мүдделердің орын алуы маңызды рөл атқарады. Экономикадағы басты қайшылықтар: өндіру мен тұтыну; материалдық және рухани қажеттіліктердің өсуі мен оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктері; жинақтау мен тұтыну; т.б. Қоғамның экономикалық дамуын тежеуші басты қайшылық-рынок пен мемлекеттік өндіріс сипаты және өндіріс нәтижелерін иемдену.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет