Лекция жоспары: (1 сағат,1 апта)



бет2/27
Дата24.09.2023
өлшемі338.5 Kb.
#478438
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
экономика-дріс

Ғылыми абстракция дегеніміз - зерттеу пәнін жеке, кездейсок, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздін түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу.
Экономикалық құбылыстарды талдау-зерттеліп отырған құбылысты жеке элементтеріне жіктеп, оның әрбір элементін бір тұтастықтың қажетті құрамдас бөлігі ретінде зертеу. Синтездеу-бұл экономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіру арқылы ортақ қортында жасау.
Индукция - жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады.
Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция методологиялық әдістермен жүзеге асырылады.
Экономикалық категориялар тарихи сипатта болады, олар қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды. Сонымен қатар, экономикалық категориялар қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы, тауар, құн, ақша, сұраныс, ұсыныс, т.б.
Экономикалық заңдар — адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Экономикалық заңдар ерекше және жалпы болып бөлінеді. Ерекше заңдар-шаруашылық жүргізудің нақты тарихи формаларының даму заңдары. Жалпы заңдар-барлық тарихи даму кезеңдеріне тән заңдар. Олар қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.
Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптасып, көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардың іс-қарекетінен тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып-біліп, олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдап, санасатын болса ғана заң жүзеге аса алады. Бұл талап-тілектерге қайшы келетін кез-келген әрекет, сөзсіз, шаруашылық қиындықтарына, орынсыз шығындарға соқтырмай қоймайды. Рыноктық қатынасқа ену жолында осыны қатаң ескеру қажет.
Қоғамдық өндірістің негіздері: еңбек процесінің қарапайым моменттері, қоғамдық өнім және оның қозғалысы.
Адам мен қоғам өмірінің негізінде шаруашылық қызмет, өндіріс жатыр.
Өндіріс – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі.
Игіліктер деп қажеттіліктерді қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Өндіріс үш элементтің: адам еңбегі, еңбек заты мне еңбек құралдары өзара әрекеті арқасында жүзеге асырылады. Оларды еңбек процесінің қарапайым моменттері деп атайды.
Еңбек – бұл адамдардың материалдары, рухани игіліктер өндіруі мен қызмет көрсетуіне байланысты мақсатты, нәтижелі қызметі.
Еңбек заты – адамның дайын өнім өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін зат.
Еңбек құралдары – бұл адамның еңбек затына әсер ететін қаруы.
Қандай да бір тауарды өндіруге қажет еңбек заттары мне құралдарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды.
Игіліктер өндірісі, біріншіден, адам мен табиғаттың қарым-қатынасын, екіншіден, өз шаруашылық қызметтері барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын бейнелейді. Өзара қарым-қатынастың бірінші типін өндіргіш күштер деп, ал екіншісін – экономикалық қарым-қатынастар деп атаймыз.
Өндіргіш күштер – бұл қоғамдық өндірістің жеке (жұмысшы күші) және заттық (өндіріс құрал-жабдықтары) факторларының өзара әрекеті адам мен табиғат қатынасының шешуші, белсенді элементтері.
Ғылыми-техникалық революция өндіріс факторларын өзгертеді. Осылайша, өндіріс құрал-жабдықтары информатика, электронды-есептеуіш және компьютерлік техникамен байытылады. Өз кезегінде жұмыс күші құрылымында да сапалы өзгерістер жүреді: оның ғылыми ұйымдастырылуы пайда болып, жұмыскерлердің біліктілік және интеллектуалдық деңгейлері көтеріліп, адамның кәсіпкерлік қасиеттерінің ролі мен маңыздылығы арта түседі.
Экономикалық қатынастар – бұл адамдар арасында қызметтер мен материалды, рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі барысында пайда болатын қатынастар. Экономикалық қатынастардың сипаты өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасымен анықталады, бұны экономикалық базис деп атаймыз.
Өндірістік қатынастар біріншіден, тек өндіріс сферасында болатын қарым-қатынастар, екіншіден, өндірістік емес сферада қалыптасатын қатынастардан тұрады.
Құрылымы бойынша экономикалық қатынастар ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық болып бөлінеді.
Ұйымдастыру-экономикалық қатынастар өндірілген өнім өндірісінің, бөлінуі және айырбасталуының қалайша ұйымдастырылғанына қарай қалыптасады. Ұйымдастыру формаларына еңбек бөлінісі, еңбек кооперациясы, өндіріс концептрациясы (фирмалардың, т.б. іріленуі), өндірістің орталықтандырылуы (көптеген шаруашылық бірліктерінің бір тұтас бірігуі) және т.б. жатады.
Әлеуметтік-экономикалық қатынастар өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формаларымен анықталатын өндіріс жағдайларына байланысты адамдар арасында қалыптасады. Меншік формасында басты нәрсе: өндіріс, бөлу, айырбас пен тұтыну қатынастарының әлеуметтік-экономикалық мазмұны туындайды. Бұл қатынастардың дамуы меншік иелерінің жеке мүддесіне, сана-сезімдеріне қарай жүзеге асырылады.
Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық қызметінің нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Өзінің қозғалысында ол 4 сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.
Өндіріс – пайдалы өнім шығару процесі. Бұл бастапқы саты.
Бөлу өндірілген өнімдегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.
Айырбас – бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбасталу процесі. Бөлу мен айырбас органикалық түрде өндіріспен байланысты, олар бір тізбектің бөліктері болып табылады. Бөлу мен айырбас өндіріс пен тұтыну арасын жалғайды.
Тұтыну – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдануы. Тұтыну өнімді пайдаланудың тәмамдаушы кезеңі болып табылады.
Тұтыну екі сипатта: өндірістік және өндірістік емес болуы мүмкін. Өндірістік тұтыну дегеніміз өндіріс процесінде өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшін пайдалану ұдайы өндіріс негізін құрайды.
Өндірістік емес тұтыну жеке және қоғамдық болып екіге бөлінеді.
Жеке тұтыну – бұл адамджардың тамаққа, киімге, білім, демалысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қоғамдық тұтыну – қоғамның ғылымға, білімге, мәдениетке, басқаруға, қорғанысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Өнімдерді тұтынған кезде олар оң мағынада жойылады, яғни оларды ұдайы өндіріп тұру қажет.
Ұдайы өндіріс – бұл өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндірістің жай және ұлғаймалы түрлері бар. Жай ұдайы өндіріс – бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымында қайталануы. Ал, ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы.
Қоғамдық өнімнің барлық өтетін төрт сатысы немесе кезеңдері өзара тығыз байланысады және қоғамдық өндірісті құрайды.
Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің маңызды көрсеткіші – оның тиімділігі. Бұл көрсеткіш өндіріс нәтижелерінің оның шығындарына қатынасымен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет