Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің ақыл-ой тесттері
а) Джеймс Мак-Кин Кеттелл 1860 жылы АҚШ-тың Истон қаласында дүниеге келген (Пенсильвания штаты). Лафайет колледжіінң бакалавры (1880), философия докторы (Лейпциг университеті, 1886). Дүние жүзіндегі ең алғашқы психология профессоры (Пенсильвания университеті, 1887-1891). Амери-калық психологиялық ассоциацияның президенті (1895). 1917 ж. Америкалық психологиялық корпорация құрады, ол ең бірінші рет тесттерді басып шығарады.
Дж. Кеттелл Ф.Гальтонның ақыл-ойды өлшеу идеяларына ден қоя бастайды.
1890 ж. Дж. Кеттелл психодиагностикадағы ең атақты ең-бек болып есептелетін «Ақыл-ой тесттері және өлшеу» жұмысын жариялайды. бұл мақаласында ол қолданылып жүрген 50 тесттер ішінен онын іріктеп алады. олар жақсы танымал «динамо-метрия», «қозғалыс диапазоны» (белгілі бір ара қашықтыққа қолды қозғалтуға жіберілетін уақыт), «сезімталдық аймақтары», «салмақтың білінер-білінбес айырмашылығы», «дыбысқа жауап беру уақыты», «түсті ажырату уақыты», «50 см. сызықты екі еселендіру», «10 секундтық уақыт кесіндісін айыру», «әріптер қатарын айтудың бірізділігі». Кеттелл бұл тесттерді ақыл-ойды өлшеуге болатын қарапайым психикалық функциялар тесті деп атады.
Альфред Биненің интеллектіні зерттеуге қосқан үлесі
Альфред Бине 1857 ж. Ниццада дүниеге келген. Гипноз және истерия мәселелерімен айналысқан. 1894 ж. жәндіктердің жүйке жүйесін зерттегені үшін доктор дәрежесін алады. Осы жылы Сорбоннада психологиялық зертхананың директоры болып тағайындалады және Франциядағы алғашқы психологиялық журнал ашады.
Альфред Бине эксперименталдық психологияның негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Зерттеудің алғашқы кезеңдерінде Бине интеллект мен хиромантия және френология қарастыратын «өзгермелілер» арасындағы өзара байланысты түсінуге тырысқан. Сондай-ақ ол Гальтон мен Кеттелл қолданған тесттерді қолданып эксперименттер жүргізді. Алайда 1890 ж.ж. Бине индивидуалдық айырмашылықтарды зерттеу үшін анағұрлым күрделі психикалық үрдістерге жүгіну қажет деген тұжырымға келеді.Бине мен Анри 1896 жылы зейінді, түсінуді, есте сақтауды, қиялды, эстетикалық бағалауды, моральдық пайымдауларды және кеңстікті визуалдық түйсінуді өлшеуге арналған тесттер топтамасына сипаттама берді.
1891 жылы Гарвард университетінен Хуго Мюнстерберг мектеп жасындағы балаларға қолдануға болатын 14 тест дайын-дады. Олардың ішінде оқу, вербалдық ассоциация, есте сақтау, сондай-ақ қарапайым арифметикалық тапсырмалар болды.
Атақты неміс психологы Герман Эббингауз адамның есте сақтауын эксперименталдық зерттеп, оның екі түрінің арасындағы айырмашылықты ашады: жаттауды жеңілдетуден көрінетін имплициттік және тікелей қайта жаңғыртудан көрінетін эмплициттік есте сақтау. Ол имплициттік есте сақтау тесттерін құрастырды және тікелей қайта жаңғыртылмайтын және танымайтын материал, қалайда жадыда сақталатындығын көрсетті, ол қайталап оқуды жеңілдетеді. Балалардың ақыл-ой қабілеттерін зерттей отырып, Г.Эббингауз 1897 ж. тест құрастырады, кейіннен ол соның атымен аталды. Ол сөздерді жинақтау мен құрастыру арқылы елеулі тұтастыққа қол жет-кізетін қабілетті интеллектінің маңызды сипаттамасы деп пайымдады. Психодиагностикадағы тестті жинақтауда толық-тыру ұстанымы әлі күнге дейін кеңінен қолданылады. Алайда А.Бине мен оның қызметкерлерінің көп жылғы еңбегінің нәтижесінде интеллект тесттері құрылды.
Биненің тұжырымы бойынша, индивидуалдық психоло-гияның негізгі түсінігіне норма мен нормадан ауытқушылық жа-тады.
1905 ж. А.Бине Теодор Симонмен бірге қиындығына қа-рай орналасқан 30 тапсырмадан тұратын балалардың интел-лектісін өлшеуге арналған алғашқы шкаланы құрастырды. Бала-лар алған ұпай саны шешілген тапсырмаға тәуелді болды. Бине бұл шкала дифференциацияның «дөрекі» тәсілі деп пайымдады (мысалы, қарапайым 5 жастағы бала 14 тапсырмадан әрі аса алмайды). Бұл шкалада перцептивті-сенсорлық тапсырмалар болғанымен, интеллектінің негізгі компоненттері болып есептелген пайымдау, түсіну және ой түю қабілеттерін ашуға мүмкіндік беретін вербалдық материалдарға ерекше орын берілді.
1908 ж. Бине-Симонның жетілдірілген шаласы жария етілді. Ол 3 жастан 13 жасқа дейін жыныстық белгісіне қарай топтастырылған осы деңгейден өткен белгілі бір жастағы балалар пайызына сәйкес 59 тесттен тұрды. Бұл анықтаушы пайыздық диапазон 67 %-дан 75 %-ға дейін болды. Егер балалардың көпшілігі (пайыздық есеппен) тесттен өтсе, ол бұл жас деңгейі үшін тым жеңіл деп саналды; егер бұл тестті балалардың тым аз пайызы орындаса, онда ол бұл жас үшін аса күрделі болып са-налды.
Мысал ретінде Бине-Симонның 7-8 жастағы балаларға ар-налған тесттер тапсырмаларын келтірейік.
(бұл тестте қолданылатын психикалық даму көрсет-кіштері қазіргі балалардың психикалық даму нормаларынан көп артта қалады).
7 жастағы балалар үшін
1. Оң және сол жақтарын ажырату.
2. Ұсынылған суретті сипаттау.
3. Бірнеше тапсырманы орындау.
4. Бірнеше тиынның жалпы құнын атау.
5. Көрсетілген төрт негізгі түсті атау.
8 жастағы балалар үшін
1. Есіне түсіру арқылы екі нысанды салыстыру. Олардың арасындағы ұқсастықты табу.
2. 20-дан 1-ге дейін кері санау.
3. Суреттегі адамдардың жетіспейтін жерлерін табу (4 тапсырма).
4. Апта күнін, бүгінгі күнді, айды, жылды атау.
5. Бір мағыналы бес саннан тұратын қатарды қайталау.
А.Бине ұсынған интеллектуалдық деңгейді диаг-ностикалау мәселесін шешу үшін, осы тапсырмаларды қалыпты балалардың қай жаста дұрыс шеше алатындығын анықтап, сол жаста сынақтан өткізу керек.
Егер бала өзінің жасындағы балалар орындайтын тап-сырмаларды сәтті орындаса, онда ол қалыпты бала деп саналды. Бұл тапсырмаларды А.Бине ақыл-ой жасын анықтау үшін қол-дануды ұсынды (оны баланың хронологиялық жасымен оңай салыстыруға болады). Осыны толығырақ түсіндірейік. Тест тап-сырмаларын сәтті орындау көрсеткіштері ақыл-ой жасы болып саналады. Тапсырмалар жас ерекшелігіне қарай топтастырылады. Мысалы, 8 жасар балалардың көпшілігі орындай алған тап-сырмалар - 8 жас деңгейіне қатысты, ал 9 жасар балалардың көп-шілігі орындаған тапсырмалар – 9 жас деңгейіне қатысты және т.с.с. Алайда сыналушының тест тапсырмаларын нақты орын-дауы басқаша болуы мүмкін. Ол күрделілігі өзінен төмен жас деңгейіне арналған кейбір тапсырмаларға шамасы келмеуі мүм-кін. Осыған байланысты сыналушының максималды жас дең-гейін, яғни одан төмен тест тапсырмаларына шамасы жететін «базалық жасын» анықтау қажет. Неғұрлым жоғары деңгейлерге арналған тапсырмаларды орындай алса, олар негізгі нәтижеге белгілі бір айдың саны түрінде «жеке сынақ» болып қосылады. Осылайша, ақыл-ой жасы «базалық жас» пен қосымша айлардың қосындысы арқылы анықталады. Мысалы, сыналушының хронологиялық жасы 12-ге тең. Сынақ нәтижесінде мынадай нәтиже алынды:
Кесте 1
Достарыңызбен бөлісу: |