Лекция конспектілері н -1-40-2021 баспа


Лекция 2. Психодиагностиканың шет елдердегі шығу тарихы



бет2/30
Дата27.05.2024
өлшемі85.57 Kb.
#501904
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Лекциялар псих пед диагн

Лекция 2.
Психодиагностиканың шет елдердегі шығу тарихы
Г.Эббингауз, В.Вунд, Дж. Кеттелл, Э.Сеген, А.Бине, В.Штерн және т.б. қосқан үлестері.
Психодиагностиканың Ресейдегі даму тарихы: И.М.Сеченов и И.П.Павлов, В.М.Бехтерев, Г.И.Россолимо, А.Ф.Лазурский, П.П.Блонский және т.б..
Психологиялық зерттеулердің Ресейде және Қазақстанда дамуы.
Псходиагностиканың кеңес дәуірінде дамуы.
Ерте замандардан бері адамдар алуан түрлі индивидуалдық айырмашылықтарды сипаттау үшін реттелген жүйе қалыптастыруға тырысқан. Антикалық дәуірден біздің заманымызға дейін жеткен Теофрасттың «Характеры» (б.з.д. 372-287ж.ж.) еңбегінде көптеген адамдарға тән тұлғалық ерекшеліктердің көріну түрлерін сипаттайтын «типтер» көрініс тапқан.
Ерте замандардан бері келе жатқан түрлі типологиялар ғылыми психодиагностиканың пайда болуына өз үлестерін қосқаны анық. Оның даму жолы Гиппократтың – темпераменттер типінен – оларды адамгершілік сипаттамалармен толықтырған Галенге дейін; одан соң темперамент қасиеттерін басқа психикалық үрдістерден бөліп қарастыруға тырысқан Кантқа дейін және ең соңында қазіргі заманғы типологияларды құрастырған Павлов, Кречмер, Шелдон және т.б. зерттеушілерге дейін жалғасады.
Ерте замандар өркениетіне үңілсек, индивидуалдық ерекшеліктрді анықтаудың айрықша тәсілдері туралы естеліктер аз емес. Мысалы, б.з.д. 2200 жыл бұрын Ежелгі Қытайда шенеуніктерді іріктеуге ерекше мән берген. Ол уақыттағы іріктеу жүйесі жазу және санау тәрізді түрлі «қабілеттерден» бастап, тұрмыстағы мінез-құлық ерекшеліктеріне дейін қамтыған.
Ежелгі Грекияда, Спартада, құл иеленуші Римде түрлі сынақтар кеңінен қолданылғаны белгілі. Б.з.д. 412 ж. Сицилиядан жеңіліп, тірі қалған 7000 Афина әскерлері Сиракуздың тасты карьерлеріне тасталынады. Одан аман қалу үшін олар Еврипидтің өлеңдерін жатқа айтуға қабілетті болуы қажет болған. 
Әрине, индивидуалдық айырмашылықтардың барлығын психологиялық ғылым зерттемейді (физикалық, физиологиялық). Ақыл-ойды зерттеу тесттеріне жақын әдісті ойлап тапқан испан ғалымы Хуан Хуарт (1530-1589). Оның 1575 ж. шыққан Examen de Ingenius кітабы балалардың таланттарын анықтауға арналған. Кейіннен ол кітап 27 европа мен латын тілдеріне аударылып басылған. Хуартты қызықтырған басты өлшемдер түсіну, есте сақтау және қиял.
Біздің заманымызға жақын XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында френология, физиогномика, графология «ғылымдары» кең тарай бастаған. Тұлғаның индивидуалдық ерекшеліктерін диагностикалау құралдарын іздестіргендері үшін оларды еске алған жөн.
Френологиялық талпыныстардың авторы австриялық ғалым Ф.Галль.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет