Тест
|
Фактор
|
|
G
|
S1
|
S2
|
S3
|
S4
|
1
|
X
|
X
|
|
|
|
2
|
X
|
|
X
|
|
|
3
|
X
|
|
|
X
|
|
4
|
X
|
|
|
|
X
|
Бұл тұжырымдамада оң корреляция тек генералдық фак-тордың болуымен ғана түсіндіріледі. Тесттер осы факторға толы болса, олардың арасындағы корреляция соғұрлым жоғары. Ай-рықша факторлар өлшеу қателіктері тәрізді рөл ойнайды. Осы тұрғыдан алғанда Ч.Спирмен теориясын монофакторлық деуге болады.
Ч.Спирмен бойынша, генералдық факторды неғұрлым тар ауқымда талдау, бұл фактордың интеллектінің барлық өл-шемдеріне тән болғандығынан тұрады. G факторын ақыл-ой күш-қуаты (mental energy) ретінде талқылауға болады деген болжамды да ұсынды. Спирмен G факторын бұлыңғыр түсінік деп пайым-дағандықтан, оны интеллектімен теңестірмеді.
G факторының рөлі күрделі математикалық және вер-балдық тесттерде анағұрлым жоғары, ал сенсомоторлық тест-терде – төмен екендігі анықталды.
2 тақырып. XX ғасырдағы психодиагностиканың дамуы
Жоспар
1901 – 1920 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
1930 – 1939 ж.ж психодиагностиканың дамуы
1940 -1950 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
1960 - 1970 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
1980 - 1990 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
1901 – 1920 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
ХХ ғ. индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу сала-сындағы елеулі қол жеткізген нәтижелерге А.Биненің тесттері жатады. Бине шкаласы неғұрлым кең ауқымда қолданыла бас-тайды.
Еуропадан келуші иммигранттарды зерттеуге арналған әдістемелер ішіне қосқан Ге Генри Годдард оны алғашқы қолда-нушылардың бірі болды. Ағылшын тілін нашар білетін немесе мүлдем білмейтін адамдарды зерттеуде бейімделмеген тесттерді қолдану неге әкелетінін Годдардтың жұмысы анық көрсетті. Осы зерттеудің нәтижесі бойынша еврейлердің 83%, венгрлердің 80 %, итальяндықтардың 79%, Ресейден келушілердің 87% ақыл-есі төмен болып сипатталуы мүмкін еді.
Г.Годдард ұсынған Бине-Симон шкаласына (1908 ж.) кө-ңілі толмаған америкалық психолог Льюис Мэдисон Термен мен Х.Д.Чайлдз бірігіп тестті жаңадан қайта бейімдеуге кіріседі. Ол шкала тапсырмаларының валидтілігі мен сенімділігін тексеруге мән береді. Тесттің көптеген тапсырмалары модификацияға ұшы-рады, сонымен қоса жаңа тапсырмалар қосылды. Ол шкала (Бине-Симон шкаласының Стэнфордтық нұсқасы) 2100 бала мен 180 ересектерге жүргізіліп стандартталды. Ол 3 жастан ересек жастағыларға дейін диапазонды қамтыды, бірақ 11 жасқа арналған тесттер болмады. Нәтижесі ақыл-ой дамуы мен жастың ара қатынасының көрінісі ретінде және интеллект коэффици-ентіне немесе IQ-ге ауыстырылуы мүмкін болды. Термен осы шкаланың көмегімен IQ – ді орналастыру негізінде мынадай классификациялық сызбаны ұсынды: 90 – 109 IQ – орташа ақыл-ой қабілеттері, 70-тен төмен IQ ақыл-есі кемдікті, 140-тан жоғары IQ данышпандықты білдіреді. Бұл жерде ол анықтаған шектеулер ерікті түрде таңдалғанын және осы классификациялық сызба жаңа өлшеу үшін жалпы басшылыққа алуға ғана арналғанын ес-кертті. Өкінішке орай ол сақтықты көптеген мамандар ескермеді.
Бине шкаласының қазірзі таңдағы қолданыстағы дамуы-ның негізгі кезеңдерін былайша көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |