Лекция №9
Тақырыбы: Мен және менің мотивациям
Жоспары:
1. Мотивация және өзіндік мотивация.
2. Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив түрлері.
3. Мотивацияны зерттеу әдістері. Тұлғаның мотивациялық профилі.
Мотивация және өзіндік мотивация.
Мотив дегеніміз – адамның түрлі дәрежедегі саналы және астарсанадағы қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға бағытталған итермелеуші күш (түрткі).Мотивация туралы ұғым әрекет-қылықты сипаттауда емес, оның себебін түсіндіруде анықталады.Бұл «неге?», «неліктен?», «не үшін?» деген сұрақтарға жауап іздеуде анықталады.Мотивация терминімен психологияда 2 психикалық құбылысты белгілеуге болады:
-индивидтің белсенділігін тудыратын, олардың сиптын анықтайтын қозғаушы күштердің жиынтығы;
-әрекет-қылық деңгейін белгілі деңгейде ұстап тұратын процесс.
Сондықтан, әрекет-қылықтың ішкі және сыртқы детерминацияларының аналогы ретінде диспозициялы және ситуациялы мотивациялар қарастырылады. Мотивациялардың бұл формалары өзара тығыз байланыста. Мотивация әрекеттің мақсатты бағыттылығын түсіндіреді, біртұтас іс-әрекеттің белгілі мақсатқа бағытталған тұрақтылығы мен ұйымдастырылу деңгейімен анықталады.
Мотивация теориялары ежелгі философтар еңбегінде көрніс тапқан. Ал мотивацияның қазіргі теориялары психологиялық білімдердің пайда болуымен қатар дами бастады. Белгілі маман, американ психологы Д.Аткинсонның схемасы бойынша мотивация теорияларының классификациясын түсіндіруге болады. Адам баласы рационалды, ерік тәуелсіздігі бар саналы тіршілік иесі ретінде және жануарлар биолгиялық заңдылықтарға тәуелді санасыз организм ретінде ежелгі бағыттардың негізінде ХІХ ғасырдың ортасында негізгі идеалистікбағыт, Ч.Дарвиннің эволюцианистік теорисы, материалистік бағыт қалыптасты. ХХ ғасырдың басында мотивациялардың жаңа теориялары дүниеге келді: гештальт теория, адам қажеттіліктер (биологиялық. теориясы, инстинктер теориясы, әрекет-қылықтық теория, жоғары жүйке жүйесі теориясы, жануарлардың органикалық қажетіліктері теориялары. ХХ ғасырдың ортасында когнитивті теория, гуманистік теория (А.Маслоу, Г.Олпорт, К.Роджерс және т.б.., әлеуметтік қажеттіліктер теориясы, сонымен қатарадам және жануарлардың мотивациялық сферасының әрекеттік шығу тегі теориясы)қалыптасты.
Бұл терияларды өздерінің еңбектерінде Д.Макклелланд, Д.Аткинсон, Г.Хекхаузен, Г.Келли, Ю.Роттер, А.Н.Леонтьев(адамның мотивациялық сферасының әрекеттік шығу тегі теориясы. жалғастырды. Мысалы, А.Маслоу мотивтердің негізін бірінен бірі деңгейі бойынша жоғарылай түскен (пирамида. қажетсінулер тобы деп біледі, олар биологиялық қажетсіну, қорғаныс қажетсінуі, сыйластық, абырой кажеттігі мен ең жоғары қажетсінулер: өз мүмкіндіктерін ашып, оларды жүзеге асыра алу (самоактуализация.. Бірақ А.Маслоу талдауындағы дара адам әлеуметтік қатынастар жүйесінен тыс, қоғаммен байланысы жоқ. Оқшауланған түлға. Қоғам, ғалым пікірінше, дара адам дамушы мекен, қоршаған орта ғана.
Б.Ф.Ломов, басқа да орыс психологтарының пайымдаулары нақты, әрекетшең дара адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып, сол жүйенің оның санасында бейнелеуіне негізделеді. Б.Ф.Ломов мотивтік қажетсіну аймағы мәнін (құрамы, құрылымы, қозғалысы) және сол аймақтың дамуын түсіну үшін жеке адамның басқа түлғалармен ара байланыс, қатынастарын қарастыруды қажет деп санайды. Адамның мотивтік аймағының басқа факторлардан тәуелділігін зерттеуде сол тәуелділіктің тікелей ғана емес, жанама байланысты болатынын, көп өлшемді және сипатты екенін ұмытпау лазым. Дара адам өз даму барысында басқа қоғам мүшелерімен болған тікелей байланыс шеңберінен шығу мүмкіндігіне ие, осыдан оның қажетсіну аймағы қоғамдық өмірдің күшті ықпалымен өрістей бастайды (саяси пікір, саясат, этика және т.б.). Адамның қажетсіну талаптары қоғамдық құрылымдардың әсерімен де дамиды. Мұндай құрылымдлардың ең қарапайым түрі – нақты тұлға мүшесі болған адамдар қауымдастығы. Адам қажетсінуі көп жағдайда осы қауымның жетегінде болады. Ал нақты адам бір қауымдастық шеңберінде қалып қоймайды, өмір бойы қауымдастықтар тобы сан қилы ауысып не өзгерістерге келіп отыра-ды. Осыдан адамның мотив-қажеттіктеріоның ішкі жан-дүниелік әрекеттерінің нәтижесі ғана емес, ол әртүрлі адамдар бірлестігімен байланысты дамып баратын жүйе. Сонымен, бар деңгейдегі қажетсінулерден өзгесіне көшу-адамның өзіндік даму заңдылықтарынан болмай, оның басқа адамдармен байланыс, қатынастыранан, тұтастай қоғамға араласуынан болатын процесс екенін ұмытпау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |