Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»


Лекция №7 Тақырыбы: Денсаулық және медицина



бет7/19
Дата06.02.2024
өлшемі0.68 Mb.
#490948
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
4 СПЗ1 Лекция

Лекция №7
Тақырыбы: Денсаулық және медицина
Жоспары:
1.Денсаулық және медицинаны зерттеудің әлеуметтанулық бағыты.
2. Денсаулық және қоғам. Әлеуметтік маңызды аурулар. Әлеуметтік шеттелу.
3.Денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі.


Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның  денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі.
Жеке адамның денсаулығын, оның организмінің клиникалық, физиологиялық, биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жасына, сондай ақ климаттық және жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.
Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты.
Сақтандыру. Әлеуметтік, санитарлық және арнайы сақтандыру шараларын қамтиды. Әлеуметтік сақтандыру халықтың денсаулығын жақсартуға, ана мен баланы қорғауға, елді мекендерді көріктендіруге, халықтың жалпы мәдениетін көтеруге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталуы тиіс.
Әлеуметтік шеттелу
Тағайындаудың шектеуші ережелері тұрмысы төмен отбасылардың әлеуметтік көмек бағдарламаларына қатыса алмауына әкеп соқтырады. Зерттеу қорытындылары мұқтаждық өлшемдерін жоғарылатудың және ықтимал өтініш берушілердің материалдық жағдайын анықтаудың тәсілдерін қайта қарастырудың қажеттілігін баса көрсетіп отыр.
Құжаттарды жинаудағы қиндық келтіретін талаптар ықтимал өтініш берушілерді үркітеді және өтініш беріп жатқан адамдардың жәрдемақыларының кешігіп келуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Құжаттарды беру барысы жеңілдетілу мүмкін, ал әлеуметтік көмек бағдарламалары мен жұмыспен қамтылудың жандануы арасындағы үйлестірушілік механизмдер мен әдістеме жақсартылуы мүмкін. Арнаулы әлеуметтік қызметтер
Еліміздегі өңірлерінің тұрмысы едәуір төмен облыстарында және халық арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы ақпараттан хабардар емес, соның ішінде, қандай қызметтердің бар екендігі, қайда жүгіну, өтінішті қалай беру, және қызметтерді алудың өлшемдері қандай. Мақсатты ақпараттық жұмыстың жүргізілуі өмірдегі ауыр жағдайға ұшыраған отбасыларды тезірек анықтауды және хабардар етуді көмектеседі.
Көп уақытты шығындау мен алыс қашыктықтар ықтимал өтініш берушілерді өтініш беруге немесе қызметті пайдаланудан үркітіп немесе қажетті мемлекеттік көмек алуда қолайсыздық тудырады.
Мүгедектікке деген негативті қарым-қатынас ата-аналардың баласы үшін көмек іздеуден бас тартуға мәжбүрлейді. Мүгедектікке деген қоғамның көзқарасын өзгерті үшін ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет