Лекция конспектісі 6В01409-«Көркем еңбек және жобалау»


Тігін машинасының төменгі жібін өткізу ережесі



бет10/38
Дата07.10.2023
өлшемі4.93 Mb.
#480033
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Заманауи тігін жабдықтары (қыздар) Лекция

Тігін машинасының төменгі жібін өткізу ережесі.
Жібі оралған шөрікті қабына кигіз.
Жіпті шөрік қабының жіпті тартып тұратын серіппесінің астынан өткіз.Жіптің ұшын 10-15 см артық қалдыр.
Шөрікті тігін машинасының астыңғы құрылғысына орналастыр,сырт еткен дыбыс естілгенде шөрік дұрыс орналасқаны.
Ысырмалы қақпақшаны жауып, инені жоғары-төмен қозғап төменгі жіпті суырып шығару керек.Жоғарғы жіп пен төменгі жіптің ұшын тартып,табан астынан кері жібер.
Сабақты бақылау түрі: талдау/байқау
Бақылаудың ықтимал нысандары

  1. Тігін машинасының төменгі жібін өткізу ережесі қалай?

  2. Тігін машинасын жұмысқа дайындау және жұмыс орындау реттілігін айтыңыз?



5 тақырып


Арнайы тігін машиналарының түрлері.


Жоспары:
1.  51 класс торлау машинасы 
2. CS-790 класс кәсіптік тігін машинасы
Тігін машиналары жіктелім бойынша екіге бөлінеді: арнайы тігін машиналары және әмбебап тігін машиналары. Арнайы тігін машинасына белгілі бір технологиялық операция жасайтын: ілмекті торлау, түйме қадау, торлау, жасырын тігісті және тағы басқа машиналар жатады.
Торлау машиналары әр түрлі бұйымдарды тіккен кезде, қиықтарын торлау үшін қолданады. Торлау машиналары былайша жіктеледі, олар:

Тері үлбірін қайып тігу кезінде бір жіпті тізбекті айқаспалы торлау машинасы қолданады. Пальто және костюм қиықтарын торлау кезде екі жіпті тізбекті айқаспалы торлау машинасы қолданады. Көйлектік, ішкиімдік, трикотаждық бұйымдарды тіккен кезде үш жіпті тізбекті айқаспалы торлау машинасы қолданады. Бір жіпті тізбекті айқаспалы торлау тігісі тез тарқатылады. Оны жабық тігістерде қолданылады. Екі және үш жіпті тізбекті айқаспалы торлау тігістері тез тарқатылмайды, сондықтан онымен тез сетінейтін бұйымдарды торлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет