Лекция конспектісі «6В06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы үшін Шымкент 2023 «Деректер қорын құру және басқару»



бет24/43
Дата01.03.2024
өлшемі2.71 Mb.
#493524
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
Лекция Деректер қоры

Жадыны ұйымдастыру тəсілдері.
Мекендеу тəсілдері бойынша ЕСҚ мынадай түрлерге бөлінеді::

  • адретік ЕСҚ,

  • мекенсіз ЕСҚ.

Мекендік ЕСҚ-ға қатыстылар:

  • Тізбектей қатынасты ЕСҚ,

  • циклдық қатынасты ЕСҚ. Мекенсіз ЕСҚ –ға қатыстылар:

- стектік ЕСҚ,

  • ассоциативті ЕСҚ

Жедел жады.
Жедел жады (ЖЖ) ЭЕМ-нің маңызды компоненттеріне жатады. Оның параметрлеріне барлық жүйенің функционалдық мүмкіндіктері елеулі дəрежеде тəуелді.
Жедел жадының сипаттамалары жəне оның құрылғыларының ерекшеліктері маңызды фактор болып табылады, себебі оған компьютердің жұмыс жылдамдығы байланысты. Керек болса, «жылдам» процессор болғанның өзінде жадыдан деректерді таңдау жылдамдығы төмен болуы мүмкін, ЖЖ-ның нақ осы жоғары емес жылдамдығы ЭЕМ жұмыс жылдамдығын анықтайтын болады. Жадымен жұмыс циклының уақыты tm орталық процессор жұмыс циклының уақытына tc қарағанда едəуір елерліктей.
ЖЖ-ға қатынас құру кезінде қатынас құру уақыты T=tm+tc, бұл уақыт периодында бір де бір құрылғы жұмыс істей алмайды. Осылайша, ЖЖ-ға қатынас құру проблемасы туындайда.
ЖЖ əдетте DRAM (Dynamic Random Access Memory) еркін таңдаулы, динамикалық типті шағынсұлбада орындалған. Мұндай жадының əр биті жартылай өткізгішті кристалл құрылымында құрылған конденсаторда зарядтың болуы (немесе болмауы) түрінде көрсетіледі.
Басқа, қымбатырақ жады түрі - статикалық. SRAM (Static RAM) элементарлы ұяшық ретінде статикалық триггерлерді қолданады, оның сұлбасы бірнеше транзисторлардан тұрады. Статикалық типті жады жоғары жылдамдыққа ие.
Динамикалық жады.
DRAM қазіргі кездегі компьютерлерде əдетте жалпыға арналған жедел жады ретінде, сондай-ақ бейнеадаптер жадысы ретінде қолданылады.
Қазіргі кездегі жəне перспективті ДК-де қолданылатын динамикалық жады типтері: DRAM, FPM DRAM, EDO DRAM, BEDO DRAM, ED RAM, CD RAM,
Synchronous DRAM, DDR SDRAM жəне SL RAM; бейнежады: MDRAM, VRAM, WRAM, SGRAM, RDRAM жəне т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет