1 мысал. Этил спиртінің жану реакциясы мына термохимиялық теңдеумен өрнектеледі:
С2Н5ОН (г)-тың мольдік бу түзу жылуы + 42,36 кДж. С2Н5ОН(г), СО2 (г), Н2О (с)-ның жылу түзуін қосымшада келтірілген кестеден алып көрсетілген реакцияның жылу эффектісін есептеп шығарыңыз.
Шешуі:
ΔH-ты анықтау үшін C2H5OH(C) жылу түзуін білу керек.
Оны былай анықтайды:
осыдан
Реакцияның жылу эфектісін Гесс заңынан шығатын салдарды қолданып есептейміз:
2 мысал. I моль заттың энтропиясы бірдей температурада қандай күйде көп: кристалдық немесе бу күйінде?
Шешуі:
Энтропия заттың ретсіздікке ұмтылуын сипаттайды. Кристалда бөлшектер (атомдар, иондар) ретімен кеңістіктің бір нүктесінде орналасқан, ал газдарда ондай шектік жоқ.
1 моль газдың алатын көлемі 1 моль кристалдық заттың көлемінен көп. Энтропия заттын атом-молекулалық құрылысының ретсіздігінің сандық өлшемі болғандықтан бірдей температурада 1 моль будың энтропиясы кристалдың энтропиясынан көп.
3 мысал. жүйесінде стандарттық жағдайда реакция тура немесе кері бағытта жүретінін анықтаңыз.
Шешуі:
Реакцияның бағытын анықтау үшін тура реакцияның ΔG – есептеп шығару керек. Заттардың ΔG -ның мәні қосымша кестеде берілген. ΔG -ың мәні реакция үшін Гесс заңымен шығатын салдар бойынша анықталады:
ΔG >0 болғандықтан Т=298К және Р-1,013·105 Па жағдайында реакция тура бағытта жүре алмайды.
Осы дәріс материалымен танысқан соң, мына мағлұматтарды :
Достарыңызбен бөлісу: |