Кіріспе
Жоспары:
(қаралатын сұрақтар тізімі)
Пән мақсаты мен маңызы.
Мамандар дайындауда “Электроника” пәнінің алатын орны.
Мазмұны
Мамандар дайындауда “Электроника” пәнінің алатын орны
Қазіргі кезде адамзаттың тыныс-тіршілігі электрондық құрылғылардың жұмысына негізделген. Ғылымда, медицинада, техникада, ғарыштануда, т.б. көптеген салаларда кездесетін электрондық аппараттар адам жұмысын күннен-күнге жеңілдетіп, дами түсуде. Қарапайым тұрмыстық тіршілікте де автокөліктермен қатар көптеген жетілдірілген құрылғылар қолданылып келеді: шаңсорғыш, бейнекамера, кір жуатын машина, компьютер, фотоаппарат, т.с.с.
Электрондық құрылғы – жұмыс жасау негізіне электроника принциптері салынған бұйым және оның құрамдық бөліктері.
Электроника – заман талабына сай ғылымдардың бірі. Ол әртүрлі аспаптардың физикалық негіздерін және тәжірибелік қолданылуын оқытады. Классикалық түсінік бойынша, электроника әртүрлі ортадағы электрондардың бағытталған қозғалысының қасиеттерін қолданатын ғылым болып табылады. Жартылайөткізгішті материалдарда басқа материалдарға қарағанда электрондардың қозғалысы анағұрлым байқалатын із қалдырады. Сол себептен осы заманғы электроника практикалық тұрғыда толық жартылайөткізгіштен жасалады.
Электроника – электрондық құрылғыларды жасақтау мен зерттеуді, оларды қолданудың принциптерін зерттеуді қамтитын ғылым саласы. Электрониканың дамуының негізінде электрондық құрылғылардың орындайтын функцияларының үздіксіз күрделіленуі жатыр. Белгілі бір даму этаптарында ескіә құрылғылар көмегімен берілген мінцдеттерді атқару мүмкіндігі жойыла бастайды, мысалы, электрондық лампалар мен дискреттік транзисторлар көмегімен. Сондықтан, элементтік базаның әрі қарай жетілдірілуі қажет болады. Жаңа элементтік база негізіндегі электрондық құрылғыны жасақтаудың негізгі факторлары – сенімділік, гаабариттік өлшемдер, масса, құны мен қуаты.
Достарыңызбен бөлісу: |