Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта немесе ноутбук, проектор, тақырыпқа байланысты презентациялар, бейнематериалдар, сызба-кестелер, газет тігінділері
Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, кіріспе лекция.
Деңгейлік тапсырмалар:
1-ші деңгейдің сұрақтары:
Сұхбат алуға әзірлік жасау
Сұхбат алуда «қақтығыс тудыру» тәсілі
Сұхбат алудағы журналист тактикасы мен сұхбаттасушы мінезі
2-ші деңгейдің сұрақтары:
Сұхбат дайындаудағы сұрақтар типологиясы
Сұхбаттасу барысынды сұрақ қою өнерінен хабардарсыз ба?
Тақырып таңдау
3-ші деңгейдің сұрақтары:
Жанр туралы түсінік.
Баспасөз жанрларының түрленуі.
Қазақ баспасөзінің жанрларын зерттеушілер.
СӨЖ тапсырмалары:
Жанр және жанр пішіндері.
Баспасөз жанрларының түрленуі.
ОБСӨЖ тапсырмалары:
Шындықты танудың әдістері.
Баспасөз тектерін жүйелеу, жанрларға бөлу.
Дәріс №10. Жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын
Жыраулар поэзиясындағы басты публицистикалық белгі – оның мемлекетті басқару құралына айналғандығы болып табылады.Жыраулар хан сарайы төңірегінде қызмет етті, көпшілігі әскери жорықтарға бірге шығып өз көзімен көрген батырлар ерлігін, хандар һахармандығын, жеңістермен жеңілістерді, қанды шайқастарды суреттеп жырлады, дәуір үнін замана шындығын (ХV-ХІХ ғ.ғ.) жеткізді.
Тақырып бойынша Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Үмбетай, Бұқар, Жанақ, Махамбет жырларындағы публицистикалық белгілер сараланады.
Жыраулар поэзиясындағы публицистикалык сарын атты бөлімшеде заманның толғақты мәселелеріне ел назарын аударып, жақсысын дәріптеп, кемшілігін әшкерелеп бере алған "дала демократиясының" жарқын көрінісінің бірі -• жыраулар поэзиясы зерттеу объектісі болды.
Публицистиканың түп-төркінін зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар: "Публицистиканың тарихына тереңінен үңілу бүл қоғамдық-саяси қызметтің тарихын карастыруға апаратын бірден-бір жол. Бүл сөз тарихы, ең алдымен ауызша (астын сызған біз. - Б.Ж.), содан соң негізінен жазбаша сөздің саяси қызметке бағышталған тарихы"[20,24 б.],- деген пікірге тоқтайды. Егер де біз кешегі өткен шешендерді, жыраулар мен айтыс ақындарын халыктың үні мен тілі болған, қоғамдық пікір қалыптастырған, қоғам кемшіліктерін сынға алған өз заманының публицистері болды десек, құлаққа тосын естілуі мүмкін. Бірақ газет-журнал жоқ кезде сол хандык дәуірдің ақикатын елге жеткізіп, халық мүңын ханға жеткізіл отырған сол сахараның саф алтын сөзін пір түткдн түлғалары еді. Олардың кейбіреуі - ел билеушілерін асыра мақтап, дәріптеп, оның саясатын жүрт арасында жүргізуіне бас жәрдемші болса, енді біреулері - қарапайым халықтың жанашыры болып, солардың мақсат - мүддесін жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жүмсады, тіпті үлықтардың әділетсіз, зорлыкшыл, қиянат-шыл әрекеттерін бетіне басып, айтып садды. Тағы бір жыраулар таразының екі басын тең үстауға тырысып, билік өкілдері мен халық арасындағы дәнекерлік, карым-қатынас, байланыс қызметін атқарды. Мүның өзі жыраулар сөзі айтылып қана қоймай, халықты белгілі бір ой төнірегіне топтастырып. белгілі бір істі жүмыла шешуге бағыттап отыратын күшке ие болғандығын айғақтайды. "Бізге дейін жеткен ежелгі мәдениет ескерткіштерінен қазір езіміз публицис-тика терминімен анықтап жүрген дүниені бүгінгі қалыптасқан күйінде таба алмаймыз, бірақ қоғамдық өмірге публицистикалық ықпал ету түрі ерте кезеңдерде де болған, ол ауызекі сөзбен - шешендік өнермен жүзеге асырылған"[21,13 б.],- деген түжырымдар да біздің ойымызды бекіте түседі.
Жыраулар поэзиясындағы басты публицистикалық белгі - оның мемлекетті басқару күралына айналғандығы болып табылады. Жырау-лар - хан сарайы төңірегінде қызмет етті, көпшілігі әскери жорықтар-ға бірге шығып, өз көзімен көрген батырлар ерлігін, хандар қаһарман-дығын, женістер мен жеңілістерді, қавды шайкдстарды суретгеп жырлады.
Диссертацияда Асан қайш, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Үмбетей, Бүқар, Жанақ, Махамбет жырларын-дағы публицистикалық белгілер сараланды. Аталған жыраулар шығармашылығындағы публицистикалық сарын талдап, таразыланды.
Жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын туралы сөз еткенде, мынадай қорытындыға келуге болады:
Біріншіден, жыраулар дөуір үнін, замана шындығын жеткізеді. (XV' - XIX ғ.ғ. тарихи шындық);
Екіншіден, өмірде болған тарихи нақты окиғалардың, сол кездегі саясаттың, коғамдык маңызы зор оқиғалардың көрінісі бола білді. (Қазақ хандығының қүрылуы, қазақ-қалмак шапкыншылықтары, орыс отаршылдығы, үш жүздің ынтымағы, Абылай түсындағы казак хандығының нығаюы, сүлтан, төрелер озбырлығына халық наразылығы, үлт-азаттык көтерілістері, т.б.);
Үшіншіден, жыраулар поэзиясының - мемлекетті басқару құралы, мемлекет идеологиясы деңгейіне көтерілуі;
Төртіншіден, тарихта болған хан, би, сұлтан, төрелердің атқарған ісінің, жетістік, кемшіліктерінің жырлануы (Жәнібек хан, Есім хан, Би Темір, Баймағамбет сүлтан, Жәңгір хан, Абылай хан, Рүстем төре, т.б.);
Бесіншіден, қазақ елінің тұтастығын қорғаған батырлар ерлігіне арналған мадақ, арнау жырлары, жоқтаулардың жазылуы (Орақ, Мамай, Ер Шобан, Қабанбай, Бөгембай, Ер Барақ, Исатай, т.б.);
Алтыншыдан, жыраулар поэзиясында қазақ даласында қазір де бар тарихи жер, су атаулары келтіріледі (Еділ, Жайық, Сарыарка, Ойыл, Жем, Сағыз, Өзен, Арал, Шаған, Қара Ертіс, Алтай, Алатау, Шыңғыс-тау, Баянаула, Абралы, Маңрақ, Сырдария, Балқаш, Нарын, т.б.);
Жетіншіден, өмірде болған көптеген адамдар жайынан деректер келтіріледі (Сүйініш, Бозтуған, Бәке, Бекболат, Жаукашар, Өтеміс, Жақия, Махмут, Қаныкей, т.б.).
Сегізіншіден, жыраулар хан шешімін, жүрт тілегін жеткізіп қана қоймайды, белгілі бір іс-әрекетке жүмылдырады, белгілі бір мәселенін шешімін табуға тырысады (Ынтымақ, бірлікке үндеу, ел корғауға шакыру, орыс отаршылдығынан сақтандыру, азаттық кетерілісіне шақыру, халық мүктажын өтеу т.б.).
Тоғызыншыдан, жыраулар поэзиясында қазіргі публицистиканың дәстүрлі өзегіне айналған сөз қайталау арқылы айтар ойды күшейтіп жеткізу, публицистиканың баяндау төсілі, оқиғаны көзбен көріп бақы-лау аркылы суретгеу әдісі, өмір фактілерін контрасты түрде салыстыра отырып мәселе мәнісін ашу, үгіттеу, насихат айту, сатиралық публицистиканың алғашқы үлгілері, памфлет, репортаж, сүхбат, хат, суреттеме сияқты жанрлардың бастау алар белгілері көрініс табады.
Жыраулар поэзиясындағы публицистикалык, сарын арқылы біз өткен ата-бабалар өмірінен, олардың әлеуметгік-саяси тіршілігінен сыр тартып. халқы үшін жанын киған батырлар ерлігімен танысамыз
Достарыңызбен бөлісу: |