Лекция өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау шымкент 2021 Кіріспе



бет13/35
Дата25.03.2022
өлшемі1.09 Mb.
#456454
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Лекция Публ шығ нег

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Мерзімді баспасөз материалдары.
3. Омаров Қ.Шабыт шалқары . – М., 1986.
4. Мұртаза Ш.Смайылов К.Елім саған иайтам, елбасы сен тыңда. – Алматы,1998.
4. Мұқтарұлы С.Шоқан және өнер. – Алматы,1985.
5. Медеубекұлы С.Ақыл.Нақыл.Өсиет. – Алматы, Санат, 1996.
Коментарий


Дәріс 11. Коментарий
Дәріс мазмұны:
Бағалаушы және түсіндірмелі комментариі (түсіндірме). Комментарийдің құрылымдық элементтері. Драматургиялық түрлері, Пікір білдірудің құралдары. Тақырыпқа кіру және аяқталғандағы қорытындысы. Идеяның (айтылған ойдың) көздері. Комментарийдің (түсіндірменің) жеті сұрағы.
Комментарий дегеніміз - түсіндіру және баға беру мақсатындағы жаңалықтың кеңейтілген түрі. Комментарий жанр ретінде батыс журналистикасында пайда болған және дәлел мен пікірді бөлетін дәстүр ретінде іске асқан.
Кеңестік журналистикада дәлел мен пікір бөлінбей бірге қарастырылады, сондықтан таза күйіндегі "комментарий" болған жоқ. Батыста да оқиға туралы "обьективті" ақпарат беру деп аталатын жанр түрі, яғни журналистің өзі көрген немесе оқиға куәгерлері мен сарапшылар айтқан, барлық уақытта оқиғаның жағдайын барлық уақытта беруге мүмкіндік бола бермейтін жанр өте таяуда ғана табылды.
Журналист әрекет туралы хабарлайды, ал оның себептері мен әсері кадр сыртында жиі қалып қойды немесе өткінші күйде ғана жеткізілді, шын мәнінде не болғаны терең берілмейді. Бұған журналистің жауабы болған күннің өзіндн осы жауапты беруге жаңалық жанрының көлемі, ауқымы оны беруге мүмкіндік бермеді.
Бұған оқырмандар да құлықты болады, себебі баспасөз күн сайын түрлі оқиғаларды хабарлайды да оқырмандардың басының мыңғы-дыңғысын шығаратын мәлімет бере береді, ал оның себебін түсіндірмейді. Бір жағынан бұл жақсы, өйткені оқырмандардың оқиға туралы өз пікірін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бірақ ол болған оқиға туралы хабарларды ойлап баға бере алмаса, өз пікірін білдіре алмаса, журналистің қаншама еңбегі кеткен дәлелдер мен оқиғалар оқырман үшін түк пайдасыз болып қалады. Осы олқылықты комментарий (түсіндірме) толықтырады, себебі журналист немесе шақырылған сарапшы жаңалықтың жағдайын түсіндіреді және белгілі бір белгілеріне қарап оқиғаны бағалайды. Комментарий ережеге сай ерекшк шрифтімен (әріппен) теріледі, ол кейбір басылымдарда арнайы жолдарға (қатарға) басылады, ол оқырмандарға бірден көрінуі үшін жасалады, себебібұл дәлелдердің қызғылықты баяндалуы және біреудің пікірі.
Бұрын айтылып кекендей, комментарийлер (түсіндірмелер) түсіндірмелі және бағалаушы болып бөлінеді.
Түсіндірмелі комментарий төмендегідей төрт түрлі сұрақтың біріне жауап береді, олар мыналар:
1. Бірдеңе не себепті болды? (себебі)
2. Біреу неге мұны жасады? (мақсаты)
3. Болған оқиғаның бүге-шүгесіне дейінгі берілуі? (толық)
4. Болған оқиғаның өмірдің басқа салаларымен қандай байланысы бар? (өзара байланысы)
Ал бағалаушы комментарийді автор мақтамайды да, даттамайды да, себебі бұл әдіс даулы әдіске жатады. Оның бағалаудың ұш түрлі өлшемі бар, олар мыналар:
1. Жақсы немесе жаман (этика)
2. Әдемі немесе қорқынышты (Эстетика)
3. Пайдалы немесе қажетсіз (тәжірибе)
Ал комментарийдің құрылымдық элементтері мыналар: ақпараттық сылтау, тезис, бэкграунд, дәлелдер мен шешім.
Ақпараттық сылтау міндетті, ол комментарийға ғана емес, кез келген журналистік мәтінге керек, өзектілік талабы тараған, олар журналист түсіндіруге міндетті, дәл бүгін басатын ештеңе неге жоқ. кеше де ештеңе басылған жоқ, ертең де ештеңе жарияланбайды.
Тезис дегеніміз автордың бекітуі мен комментарийдің идеясы. Егер комментарий сәтті шықсын десек, тезис қалайда ерекше арандатушы болуы керек, ол керісінше кезекті жазылған шындықтың қайталамасы болмауы керек.
Бэкграунд оқырмандарға істің мәніне кірісу үшін керек, себебі онсыз, олай болмаса комментарий түсініксіз болып қалады. Себебі болып жатқан оқиғаны барлық оқырмандар қадағалай бермейді ғой, сондықтан оқиғаны журналист пен сарапшы сияқты бағдарлайды.
Аргумен дегеніміз дәлел мен логикалық сөйлемдер, осылардың көмегімен комментарий авторы өз пікірін бекітеді. Егер автор мәтіннің шындығын дәлелдесе, аргументтеу тура болады, егер антитезис жалған болып шықса аргумент жанама болып қалады.
Комментарий айтылғандарды қорытындылап шешім шығарумен аяқталуға тиісті.
Шешім шығып бара жатқан тезисті айқындап немесе қорытындылаушы сияқты болады, бірақ комментарийдің айтылатын ойының процесінде туындайды, жаңаша бекітіледі.
Комментарийдің маңызды композициялық элементі, кіріспе мен аяқталу. Кіріспенің үш түрі болады, олар: тақырыптық, тезистік, сентанциондық (мінез-құлық туралы мақал-мәтелдер).
Бірінші жағдайда комментарий тақырыптың мағынасынан басталады. Мұндай бастау (кіріспе) әдетте түсіндірмелі комментарийларда қолданылады. Ал тезистік бастауда комментарий шешімнен басталады да, сонсоң мәтін арқылы бекітіліп, дәлелденеді. Тезистік бастау, әдетте, бағалаушы комментарийларда қолданылады. Сентанциондық (мінез-құлық туралы мақал-мәтелдер) бастау - комментарийдің мақал-мәтелдермен басталуы немесе ерекше бекітілуімен бірден көзге ұрып тұратындай комментарийді әрлеп тұратын, бірақ тезис болмайтын ерекше бекітумен басталуы. Мұндай бастау көп жағдайда бағалаушы комментарийларға тән болып келеді, бірақ кейде түсіндірмелі комментарийлерде де қолданыла береді.
Комментарийдің соңғы түйінінің төрт түрі болады, олар: түйіндемелі, шақырушы, сентенционды және болжаушы соңғы түйіндер (концовка). Түйіндемелі соңғы түйін дегеніміз - бұрынғы айтылып кекен ойлардың шолуы мен қайталауы. Шақырушы соңғы түйін дегеніміз - нақты бір мекенге бағытталатын нақты талаптан тұрады.
Журналист бір нәрсе істеуге немесе істемеуге шақырады. Сентенциондық соңғы түйін қойылып отырған мәселеге қатысты қанатты сөзбен, мақал-мәтелдермен аяқталады. Ал болжамды (жобалаушы) соңғы түйінде қай кезде, қандай жағдайда не болатынын алдын ала айтады.
Алдына қойған стратегиялық мақсатына қарай комментарий төртке бөлінеді, олар: көзқарастық, дискурстық, диалектикалық, глоссировкалық комментарийлер.
Көзқарастық комментарий дегеніміз - автордың өз ұстанымын насихаттауы. Комментарийдің бұл түрі тағайындап, бекітуден басталып, сонан соң дәлел келтіріліп, содан кейін аталған тезис соңғы жағында өте күшті үлгіде қайталанады. Мұндай комментарийдің ерекшелігі мынада, автор тек өзі көрген заттарға ғана иек артады да басқа "қарсы" дәлел келтірмейді. Бұл жерде талдауға бір-ақ нысан ұсынылады (оқиға, құбылыс, адам) және бір орталықтағы тезис сол затқа ғана қатысты айтылады. Көзқарас комментарийінің артықшылығы да осы жерден көрінеді, яғни көлемі шағын болады да қабылдауы кең болады. Өмірдегі сияқты бәрі былығып, араласып, шатасып кетеді, қара, ақ болып бөлінбейді, мұндай комментарий, түсіндірмені терең білетін білімді оқырмандар тарапынан күшпен бөліп алуға ұшырауы мүмкін. Сондықтан "көзқарас" комментариі көпшілікке белгісіз нысан туралы жақсы жұмыс атқарады. Кейбір жағдайда мұндай комментарийді автордың жақтастары жақсы қабылдайды да, қарсыластары елемейді.
"Көзқарас" комментариінің құрылымы мынандай:
*тезистік немесе тақырыптық кіру
*тезиске дәлел
*сұраулық ақпарат
*шақыру
*шешім
*суггестивтік салыстыру, қорытынды шешім.
Енді осылардың нақты мысалын келтірейік. Мысалы белгілі бір клуб мүшелерінің бір әнді немесе өлеңді өздеріне гимн етіп алуы. Мысалы, спортшылардың "Көк ту" деген өлеңді гимн сияқты таңдап алуы. Мысалы ол әнде Жан емес маған керегі, Көк тудың желбірегені, - деп келетін өлең осыған мысал бола алады.
Керісінше, дискурстық комментарийда автор әр түрлі ұстанымдарды көрсетуге ұмтылады, өте ауқымды мәліметтер мен дәлелдерді келтіреді, нәтижесінде проблеманы жаңа түсіндіруге көшеді. "Көзқарас" комментариі сияқты бұл жерде өз пікірі айтылмайды. Шешуші сөзді автор оқырмандардың өзіне қалдырады. Дискурстық комментарийдің стратегиясы - тыңғылықты қарастыру және ұстанымды алып тастау, автордың ұстанымынан басқа ұстанымдарды алып тастау.
Дискурстық комментарийдің құрылымы мынандай:
*тақырыптық және бірмезгілдегі тезистік кіру
*антитезис
*тезистің пайдасындағы тезистер және антитезистің мәліметтеріне, дәлелдеуіне қарсы дәлел
*шешім
*ең соңғы шақыру тезисі және оны қолдайтын дәлелдер.
Диалектикалық комментарий өз кезегінде екі түрлі көзқарасты білдіреді де бір проблемаға қатысы бар екі көзқарасты керемет, үлгілі етіп көрсетеді, сонан соң комментарийдің өн бойында осы көзқарастардың арасындағы күресті сипаттайды, таразы басы бірде ана көзқарас жағына, бірде мына көзқарас жағына ауып отырады. Диалектикалық комментарий аталған екі көзқарастың бірінің жеңіске жетуімен аяқталады. Диалектикалық комментарийдің құрылымын "иә, жоқ, иә, бірақ" деген формуламен сипаттауға болады. Диалектикалық комментарийдің құрылымы мыналар:
*тақырыптық кіру
*оны жақтайтын тезис пен дәлелдер
*антитезис және оны жақтайтын дәлелдер
*антитезисті жақтайтын дәлелдерге қарсылық білдіретін дәлелдер арқылы тезисті айқындау
*біреуін әртүрлі жағдайда дұрыс етіп шығаратын шешім.
Глоссоланған комментарий немесе глосса дегеніміз, оқиғаға талдау жасау емес, әділетсіз, нашар немесе жалған болып көрінетін жағдайлардың шындығына жету үшін шабуыл жасау. Глосса авторлары жаңалықтың осындай жақтарына ассоциация арқылы әшкерелейді, сондай-ақ көрініс пен тарих арқылы да дәлелденеді. Қарама-қайшылықтары соңына дейін жеткізіледі. Маңызы жоқ детальдар барынша кішірейтіледі, азайтылады. Автор жабу сөздерді бұзады, ыдыратады, алдын ала болжамдарға шабуыл жасайды, енді-енді оқып жатқан, үйреніп жатқан аңқау, аңғал адамдардың ролін атқарады.
Глоссаның құрылымы мынандай:
*тікелей және тура емес жаңалықтан бастау
*қарама-қайшылықтар мен норманың арасындағы қашықтықты барынша кеңейту
*өзара жаңаша байланыстар құру, орнату, жекеден жалпыға қарай жылжу
*әдеттен тыс айтылатын шақыру түйінімен аяқтау.
Мысалы, глоссаның үлгісі мынандай болып келеді. Мен, Бақытгүл Ерденовнаның кінәлі екеніне сенбеймін, бірақ ол сотта барлық кінәсін мойындағандықтан сот оны кінәлі деп тапты, мейлі кінәлі-ақ болсын. Ал оның балаларының кінәсі не? - деген сияқты тұжырымдар жасайды.
Комментар.драматургияның үш түрі болады, олар мыналар: сызықтық, сызықтық емес, ассоциативті драматургия. Комментар.драматургияның сызықтық түрі төменгі кірістен басталады, бірақ содан соң бірден қарқыны өсе түседі, сөйтіп, мұндай комментарий шарықтау шыңына шығады. Бұл схема ұшар алдындағы ұшақтың қозғалысына ұқсайды. Сызықты драматургияға келтірген жоғарыдағы Маша Гессенің "жедел төлем" тәсілі бейтарап ақпараттан басталады да таңқалар шешіммен аяқталады.
Комментарийдің сызықтық емес драм., керісінше жоғарғы кірістен басталады да қарқынды төмендете береді де, соңына барғанда қарқын қайта көтеріледі. Бұл схема бомба тастайтын әскери ұшақтың құзар биікке көтерілген сияқты болады, себебі ол бірде төмен шүйлігіп, бірде тік жоғарылап кетіп отырады. Комментарийдің сызықтық емес драм.үлгісі Александр Мамотиннің "Неге шындықты іздеу сәтсіздікке ұшырайды" деген комментариында жақсы берілген. Комментарий қарқынды үдете түсумен басталады (барлық жерде тартыс, күрделі жағдайлар әділетсіздікпен аяқталады т.б.). Сонан соң қарқын төмендеп, сонан соң әділдік болуы мүмкін ба? - деген тақырып талқыға түседі. Одан кейін қарқын арта түсіп, өзінің құзар шыңына көтеріледі, егер оқырман әділдік үшін күресетін болса, пәтерақы төлеу ұсынылады, себебі кредитке алған пәтері оны төмен болғанша қымбаттап кеткендіктен оны төлеу ұсынылады. Ал, ассоциацияланған драматургияда шарықтап кету мен құлдырау болмайды. Комментарий ассоциацияланудан ассоциациялануға ұласып, аяқталған кезде автор ешқандай бағытсыз-ақ мақсатқа жетеді. Бұл схема мұзжарғыш кемеде жүріп, мұздан-мұзға секіріп жүргенді еске түсіреді. Ассоц.драматургияның қарқыны күтпеген бұрылыстар мен автордың талқылауы арқылы арта түседі. Ассоциативті драматургия әдетте глоссада қолданылады, бұл жоғарыдағы Валерий Панюшкиннің мәтініндегі "Сатып алу және жазалау" атты мәтініндегі глоссадағы сияқты болады.
Комментарийдің пікір білдіру құралдары мыналар: түсіндіру, бағалау, сын және дәлелдеу. Ал түсіндіру себептік-тергеу, интенционалды және функционалды болады. Бірінші жағдайда автор оқиғаның себептік-тергеулік байланысын ашады, дәл осылай болу керектігін баяндайды. Бұл жерде себептік ішкі тәртіп байланысын өзгертудің қажеті жоқ, жеткіліксіз қайталау арқылы қайталау жасау және жағдайы барды жағдайы жоқпен алмастырады.
Интенционалды түсіндіру кезінде автор қатысушылардың ойын ашуға күш салады, сонымен қатар біреулердің дәл осылай істегенін, басқаша жасамағанын баяндайды. Мұндай түсіндірме коментатордың жан-жақты болуын қажет етеді, болып жатқан оқиғаны терең түсінуін талап етеді. Мұндай комментарийлер оқырманға қолма-қол жетеді, өтіп жатқан оқиғаларды қатысушылардың көзімен қарауға мүмкіндік береді, сондай-ақ шешім шығаруға, адамдардың ойлауын түсінуге мүмкіндік береді
Функц.түсіндірмеде автор құбылысты түгел қамтиды және аталған құбылыстың басқа да құбылыстармен ара қатынасын көрсетеді. Бұл жердегі негізгі сұрақ осы саладағы болып жатқан оқиғалар нені білдіреді өмірдің ұйымдастыруды түгел қамтиды. Түсіндірудің бұл түрі құрылымдық-функционалдық әрекет етуден шығады, шындыққа сай болады (түгел немесе осының кейбір салалары бойынша), оған байланыстының барлығы қамтылады, сонымен қатар жеке құбылыстар да болады, өйткені олар да тұтас құбылыстар секілді қызмет атқарады, дене мүшесіндегі барлық мүшелердің атқаратын қызметі болатындығы сияқты қажет болады.
Бағалау жоғарыда айтылғандай, этикалық (жақсы немесе жаман), эстетикалық (әдемі немесе кемтар), практикалық (тәжірибелік) (пайдалы немесе қажетсіз) болып бөлінеді. Бағалауға қойылатын басты талап ол автордың дәлелінің ізімен жүруі керек. Оқырмандарда баға беруді бізге қалдырыпты деген реніш болмауы керек, ал оқиға журналист ұсынғандай бір маыналы, бірыңғай болмауы керек.
Сын тура, нормативті және шеттету түрінде болады. Тура сынау дегеніміз шындық көрініске ашықтан-ашық шабуылдау деген сөз, бұл жерде оппонент (қарсы жақ) қалыс қалады. Комментарий авторы мойындайды, неге десеңіз оппонент өз пікірін жалған мәліметке сүйеніп негіздейді, ал шын мәнінде болып жатқан оқиға мүлде бөлек, оппонент ұсынғандай емес деп ойлайды.
Нормативті сын кезінде құқықтық және моральдық норма бойынша аппеляция болады. Кейбір заң мен моральға қарсы келгендер дұрыс емес деп мойындалады.
"Шеттетілген" сын дегеніміз, ассоциация арқылы болатын сынның түрі, сыналған нысан тағдыры көрсетіледі.
Дәлел өз кезегінде тікелей және жанама дәлел болып екіге бөлінеді. Тікелей дәлелде автор дәлелдердің арқасында өз тезисінің шындығын бекітіп, негіздейді, ал жанама дәлелде антитезаның жалғандығын дәлелдейді. Сондықтан жанама дәлелді жеккөрушілік дәлел деп атайды. Дәлелдің құрылымдық ерекшеліктеріне тезис, аргумент, дәлелдеу жатады. Негізгі тәсілдері ұқсастық тәсілі, ол белгілердің бірегейлігіне, ұқсастығына негіздеп құбылыстардың бірегейлігіне шешім шығарады, ол жаққа шығару, ерекшелеу тәсілі белгілердің айырмашылығына қарап құбылыстардың айырмашылығына шешім шығаратын тәсіл.
Стилистикалық тәсілдер комментариде жиі қолданылатын тәсілге жатады, оларға: ирония, пародия, тровестия, парадокс (таң қалу) және нонсенс жатады. Иронияны қолдану арқылы автор ештеңе де хабарламайды, оған керісінше назар алады. Мысалы, кедейді бай дейді, байды кедей дейді, ақымақты дана дейді. Мысалы ұрсудың орнына мақтайды, кемсітудің орнына мақтан тұтады. Бұл жердегі негізгі талап: оқырманға ирония екені белгілі болғандықтан тура мағынасында түсінбей бәрін керісінше түсінуін қамтамасыз ету. Егер әжуалап отырған нысан, зат оқырманға белгісіз болса, оған бұл жазылғанның ирония екені туралы белгі беру керек. Бұдан басқа ирония бүкіл мәтіннің басынан аяғына дейін жалғасуы керек, олай болмаса оқырман шатасуы мүмкін.
Пародия дегеніміз - оқырманға белгілі түрді басқаша мағынамен толықтыру, мысалы кәдімгі тарихты библияның стилімен немесе жазылған футбол матчы туралы репортажды кеңсе бюрократтарының тілімен баяндап беру.
Травестия дегеніміз - қарама-қарсы тәсіл, яғни белгілі мазмұнды баяндауды одан басқа үлгіде баяндау тәсілі, мысалы библияны, құранды қазіргі тілмен түсіндіру. Травестияда болып жатқан оқиғаны классикалық дәстүрлі сюжетпен баяндау, қазіргі қатысушы тұлғаларды мифологиялық және әдеби кейіпкерлермен салыстыра түсіндіру тәсілі.
Парадокс (әдеттен тыс) дегеніміз өзара байланысты тағайындауларды салыстыру тәсілі, мысалы "жақсы экспронт - дайындалған экспронт" немесе "біз анархияға қарсымыз, бірақ күшті анархистер бас жақта отыр" деген сияқты қолданыстар.
Нонсонс дегеніміз, логика шын мәнінде жоқ жерге логикалық өзара байланыс орнату. Әдетте бұл оқиғаның арнайы қызметін келекелеу, кекету мақсатында жасалады, мысалы кішкентай нәзік әйелдің бір өзі ірі денелі бес полицияға шабуыл жасайды, ал олар қорғану мақсатында бесеуі жабылып ол келіншекті есінен танғанша ұрып-соғады. Немесе ауыр жараланған полициядан полицей құтылып кетеді де, өз әріптесін қуып жетіп алады да оны атады, сонан соң жанына құлап, өз пистолетін 50 метрге лақтырып, жанына өледі.
Егер коментатор идеяның дағдарысына ұшыраса, ол оларды келесі жауаптарға жауап беруге көшіру керек.
*Өтіп жатқан оқиғалар ұқсас? Ол нені еске түсіреді?
*Егер зат өзгеріп, мысалы үлкейтіп немесе кішірейтсе қалай болады?
*оған үлгіні жапсыру керек, болмаса аталған затты басқа затпен ауыстыру керек
*басқа бір нәрсемен араластыру керек
*немесе қарама-қарсы нәрсеге жету керек.
Соңғы әдісті журналистердің асыра пайдалануы жиі ұшырасады. Олар қоғамда халықтың назарына түскен, кең тараған кемшіліктерді шегіне жеткізеді де аяғынан басына қарай төңкеріп, керісінше көрсетеді де бәрі де шатасып жүргендей қылып көрсетеді, нәтижесінде А шын мәнінде А емес Б-ға айналып кетеді. Оның үстіне барлық жағдай қарама-қайшылықтардың күресінен тұрады, сондықтан мұндай комментарийді оқығанда оның қайта қозғағанына қарамай мұнда бір нәрсе бар, жайдан-жай емес деген ойда қалады.
Жоғарыдағы жаңалық жазу туралы тарауда негізгі жеті сұрақ келтірілген, олар кім? не? қайда? қашан? неліктен? қалай? қайдан? деген сұрақтар. Америкалық журналист Джон мак Кормик комментарийдің жеті сұрағын қалыптастырған, олар мыналар:
1. Комментарий кімдерге арналады? Элита зиялылар үшін бе? Қарапайым адамдар үшін бе? Автордың жақын адамдарына ма, әлде автордың өзіне ме? деген сұрақтар
2. Комментарий қандай эмоция тудырады? Автор ренжиді? Рахат сезімде болады? Ол таңырқайды? Ол қарсы шығады? деген сұрақтар
3. Автор алдына қандай міндеттер қояды? Адамдарға оқиғаның мәнісін түсіндіре ме? Олардың пікірлерін өзгерте ме? Оқырмандарды көңілдендіре ме?
4. Осы мәселелер жөнінде бетпе-бет дебатта комментарий не қоса алады? Комментарийдің "өзіндік құны" қандай? Тек қана журналист пікірі қандай? Немесе жаңа дәлел бар ма? Мүмкін жаңа дәлелдер, деректер, жаңа сөйлемдер немесе оқиғаның жаңа өлшемдері бар шығар? Мынаны білу керек, неге десеңіз комментатордың даусы дәлел мен деректерден шығады, сондықтан дерек пен дәлелге сүйеніп шешім қабылдайды.
5. Аталған мәселе бойынша автор қандай жаңалық айтқысы келеді? Автордың тақырыбы мен пікірі бар ма? Немесе тағы да бұрынғыдай барлығына белгілі шындықты айта ма?
6. автор өз ұстанымының белгілерін тексерді ме? Ол тексеруге шыдады ма? Оппоненттер қандай дәлел келтіруі мүмкін және дау бола қалғанда автор өз шындығын дәлелдей ала ма?
7. Комментарий іш пыстырарлық емес пе? "Назарды өзіне үш рет аударту" тесті көмектесе алады. Егер адам оқып отырғанда үш реттен артық басқаға көңіл аударып кетсе, онда мәтін айтарлықтай көңілсіз болғаны болады және жетілдіруді, жақсартуды қажет етеді.
Джон Мак Кормик былай дейді: "мынандай комментарийлер адамдар тарапынан сұранысқа ие болады, ондайлардың қатарына адамдардың барлық сұрақтарының орнын толтыратын, дебатқа қосыла алатын комментарий жатады". Комментарийдің басты жауы алдын ала болжау. Егер оқырмандар комментарийде ылғи жарамсыз, түкке тұрғысыз журналисттің өзін ғана қанағаттандыратын мәселе жазылғанын біліп қойса ондай комментарийді ешкім оқымайды.
Комментрий дегеніміз - түсіндіру немесе баға беру мақсатында кеңейтілген жаңалықтың түрі. Ұғындыратын, түсіндіретін комментарий бір нәрсенің себебін ашуға, оқиғаны түгел баяндауға, қатысушылардың мақсатын білдіруге немесе оқиғаның өмірдің басқа салаларымен байланысын ұғындыруға бағытталады.
Бағалаушы комментарийде автор бірдемені мақтайды немесе сынайды, ол жақсы ма, жаман ба, күлу ма қорқынышты ма, пайдалы ма, керексіз бе? Комментарийдің құрылымдық элементтері мыналар: ақпараттық себеп, тезис, бекграунд, деректер мен шешімдер. Комментарийға кіру тақырыптың, тезистік және сентенционалдық болады. Комментарийдің соңғы түйіні түйіндемелі, шақырушы, сентенционды (мақал-мәтел, қанатты сөзді), болжаулы болып келеді. Алға қойған стратегиялық мақсатына қарай төрт түрі болады, олар: "өзіндік пікірлі", дискурсты, диалектикалық және глоссиленген комментарийлер. "Көзқарас" комментариі дегеніміз, автордың жеке өз пікірін насихаттауы болып табылады. Дискурсивті комментарийде автор керісінше әр түрлі жағдайларды, ұстанымдарды беруге талпыныс жасайды. Диалектикалық ком.екі түрлі көзқарас ұсынылады да бұл екі мүмкін болған көзқарас та бір проблемаға арналып, сол проблемаға дұрыс жағынан, жақсы жағынан әсер етеді. Глоссаланған ком.дегеніміз оқиғаға талдау жасау емес, жаман, ұнамсыз қабылданатын, әділетсіз, жалған оқиғаларға қарсы шындық жағынан, әділеттілікпен шабуыл жасайтын ком.түрі.
Драматургияның түрлері сызықтық, сызықтық емес, ассоциативті болып бөлінеді. Ком.түсіндірме беру, себепті - тергеу, интенционалды, функционалды, тікелей-сын, нормативті, шеттету, дәлелдеу - тура және жанама болып бөлінеді. Комментарийдің стилистикалық тәсілдері - ирония, пародия, травестия, парадокс, нонсенс үлгісінде, тәсілінде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет