Лекция өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау шымкент 2021 Кіріспе



бет16/35
Дата25.03.2022
өлшемі1.09 Mb.
#456454
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Лекция Публ шығ нег

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта немесе ноутбук, проектор, тақырыпқа байланысты презентациялар, бейнематериалдар, сызба-кестелер, газет тігінділері
Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, кіріспе лекция.
Деңгейлік тапсырмалар:
1-ші деңгейдің сұрақтары:
Тақырыптаудағы лидтер
Тақырыптаудағы ТАКТ-тест деген не?
2-ші деңгейдің сұрақтары:
Тақырыптаудағы Шваб түйіні дегенді қалай ұғамыз?
Талдамалы мақала деген не?
Түсіндіруші және бағалаушы коментарийлер
3-ші деңгейдің сұрақтары:
Фиче деген не?
Ішкі және сыртқы қақтығыс.
Эмоциялық публицистика
СӨЖ тапсырмалары:
Жанр және жанр пішіндері.
Баспасөз жанрларының түрленуі.
ОБСӨЖ тапсырмалары:
Шындықты танудың әдістері.
Баспасөз тектерін жүйелеу, жанрларға бөлу.


Дәріс №14. Қазақ публицистикасының баспасөз бетінде қалыптасуы.
Шоқан, Ыбырай, Абай публицистикасы.
XIX ғасырда қалыптасқан қазақ публицистикасының негізін салған ұлы ағартушы-ойшылдар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаевтардың қай-қайсысы болса да, публицистке қойылатын талаптардың кез келгеніне де сай екендіктерін сондарында қалдырған публицистикалық мұраларымен айқын байқатты.
Шоқан Уәлиханов өзінің публицистикалық еңбектерінде туған халқының өзі өмір сүрген XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайы мен мәдениетін әңгіме қылып, көкейкесті мәселелерді күн тәртібіне қойды, патшалық үкіметтің қазақ даласында жүргізіп отырған озбыр саясатын, отарлаушы өкімет орындарының жергілікті халыққа жасаған қиянат қылықтарын аяусыз әшкереледі, қазақ билеушілерінің басбұзарлық әрекеттері мен қарапайым халыққа жасаған зорлық-зомбылығын сынап, өзінің әділетсіздік, озбырлық, ұлттық езгі атаулыға наразылығын білдірді.
Ұлы ағартушы-демократ Ш.Уәлиханов публицистиканы проблемалық-талдамалы сипатта дамытты да, оның публицистикалық еңбектерінде сөз болған заманада мәселелерді ақиқат тұрғысынан шешудегі кедергілерге жан-жақты талдау жасалып, олардың себеп-салдары жай ғана әлеуметтік-саяси тұрғыда ғана емес, өмірден алынған тәжірибелік, танымдық, имандылық жағынан ашып көрсетілді. Сыншылдыққа негізделген, әшкерелеуші қуаты мол, фельетон, памфлет белгілерімен де айшықталған Шоқан публицистикасының тілі уытты, орағытып түйреумен, мысқылдаумен ерекшеленіп, өз кезінде жұрт көкейінде жүрген түйткілдерді мемлекеттік деңгейдегі ауқымды мәселе етіп көтеруімен әсер-ықпалы мол болды, қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді жалпыхалықтық, демократиялық деңгейде қойып, батыл да ашық айтқан ой-пікірлерін бұқара халық мүддесімен ұштастыра білді, халқымыздан шыққан тұңғыш публицист ретінде ағартушы-ғалым қазақ әдебиетін көркем публицистиканың хат, суреттеме, очерк сияқты түрлерімен байытып, өз еңбектерінде саяси-әлеуметтік күрделі мәселелерге ғылыми-тарихи тұрғыдан терең талдау жасай алды.
Ыбырай Алтынсарин өз тұсында жарық көрген қоғамдық-көпшілік мерзімді баспасөз бетінде, әсіресе, қазақ тіліндегі тұңғыш газеттердің бірі — «Дала уәлаятының газетінде» халқымыздың тұрмыс-күйі, тарихы мен мәдениеті, оқу-ағарту жайынан сыр шерткен терең ойлы публицистикалық туындылары алдыңғы қатарлы қауымға қозғау салып, ойландырып-толғандырған.
Ұлы ағартушы-педагогтың көсемсөз жанрында жазылған мақалалары «Оренбургский листок» газетінде жиі жарияланып, негізгі тақырыбы қазақ халқының отаршылық қыспағындағы ауыр халін кеңінен әңгімелейді, қазақ шаруаларының құнарлы жерінен айрылып, бейшара күйге түскен жағдайын бүкпесіз айтып, жоғарғы өкімет орындарына қарапайым халықтың мұңшерін жеткізеді, жұртшылық қамын ойлап, тез арада көмек көрсетілуін талап етіп қояды. Оның қай публицистикалық мақаласы, яки жазысқан көсемсоз үлгісіндегі хаты болсын, халықтық мүддеден туған, өз дәуірінің ең негізгі мәселелерше арналған.
Ы.Алтынсариннің белсенді публицистік қызметі таза қазақ тілінде тұңғыш газет шығаруға ниет еткен зор талпынысына ұласты. «Қазақ газеті» деп аталған газеттің Ыбырайдың өз қолымен жасаған бірінші санының үлгісінде алдын ала ойластырылған материалдардың дені көсемсөз үлгісінде жазылғанын 1880 жылғы архив деректері айғақтайды. Бас мақала іспетті жазған қалың жұртшылыққа арнаған үндеуінде: «Қазақ халқы көшіп-қонып, шаруашылық қылып, болашақ күнді ойламай бейпіл жүріп, бұл күнде бөтен қатар жұрттардан әрбір ісі кемге соғып жүр. Қазақтан бөтен Ақ патшаға қарап тұрған жұрттардың қай-қайсысы болса да, еш болмаса өз мұңын, арызын өзі айта біледі: болмаса қағазбен жазып көрсететін адамдары бар» деп бастап халқының білімнен артта қалғанын тілге тиек етіп, сауатсыздықтың кесірін нақтылы мысалдар дәлелдейді, «Өнерлі өрге жүзеді» деген мәтелді негізгі арқау етіп алып, елді оқу-білімге шақырады[3,7].
Ұлы ағартушының қазақ тіліндегі тұңғыш газетті шығару талпынысының жарқын белгісі болған бұл үлгі бастамасы кейін қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Дала уәлаяты газетінің» шығуына жалғасып, XX ғасырдың басында алғаш рет тек қана ана тілімізде бүкіл елге тараған «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті сияқты ұлттық баспасөз ізашарларының қараңғы елді оятып, оқу-білімге, бостандыққа үндеген, сөйтіп, шынайы халықтық басылымдарға айналған ізгі іске ұласты.
Абай қазақ әдебиетінде публицистикалық прозаның негізін салып, көсемсөздің очерк, эссе, мақала, памфлет сияқты түрлері кеңінен пайдаланылған қарасөздерінде өз кезінің көкейкесті мәселелерін көтеріп, адамгершілік, иманшылық мұраттарын үндеді. М.Әуезовтің Абай қарасөздері туралы: «Оның қара сөзбен нақылдай айтылған бұл әңгімелерінің түр, мазмұн жағынан қандай жанрға жататынын кесіп айту өте қиын. Ақынның бұл әңгімелерінде пәлсафалық — мораль, қоғамдық-публицистикалық мысқыл — сын мәселелері бірдей кездеседі. Шебер қиыстырып, мейлінше тапқырлықпен айтылған бұл нақыл сөздерде кейде күнбе-күнгі тіршілік жайы, кейде кекті мысқыл немесе жабырқап — қайғыру сарындары естіледі. Абайдың бұл сөздері аз айтып, көп мағына беретін өткір тілді өнегелі өсиеті болып табылады» деп айтқандай[4,171] «Феодалдық қоғамның кертартпа салт-санасына қарсы сын айтты. Өнербілімге үндеді. Көрші орыс елінің мәдениетін үлгі етті»[5,231].
Академик З.Ахметов: «Абайдың қарасөздері қазақ прозасының, публицистикасының, әсіресе әдеби тілдің прозалық жанрларында өркендеуіне ықпалын тигізді. Сондықтан қарасөздер Абайдың шығармашылық мұрасының салмақты бір саласы және әдебиет тарихында елеулі орын бар дей аламыз» деп айтқан пікірі[6,391] ұлы ақынның публицистикалық мұрасына берілген орынды баға дей аламыз.
Үшеуі үш мұнарадай болған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты ұлы ағартушылардың қазақ публицистикасының негізін қалаушылар сапында болғандығын баса айтқанымызбен ұлттық көсемсөз қалыптасуының бастауында осы алтын желінің ортасында аталуға тиіс тұлғаның бірі - әмбебап ғалым, публицист Мұхаммедсалық Бабажанов есімін есте ұстау керек. Орынбордағы Неплюев кадет корпусын 1851 ж. үздік бітірген қазақ офицері патша үкіметінің отарлау саясатына ашық қарсы шығып, Санкт-Петербург, Орынбор, Астрахань қалаларында шыққан газет-журналдарға халық мұңы мен мұқтажын жеткізген. билік орындарының қарапайым жұртшылыққа көрсетіп отырған зорлық-зомбылығын аяусыз сынап әшкерелеген публицистикалық сипаттағы мақалалар жариялайды. «Қазақтың көпшілікке шағымы», «Қазақтың өз хал-ахуалы және оның туыстарының тағдыры туралы», «Қырғыздың қырғыз туралы жазбалары» және т.б. публицистикалық еңбектерінде отарлық жүйені сын қыспағына алып, патша шенеуніктерінің оспадар қылықтарын бүкпесіз айтады, мектеп ашу мәселесіне баса назар аударып, қазақ балаларын оқыту, мәдениеттілікке тәрбиелеу туралы ойларын жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет