Бақылау сұрақтары:
1.1 Теріс эмоциялар және денсаулықты қалай түсінесіз?
1.2 Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторларын талдаңыз.
1.3 Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды әдеттер денсаулықты әлсіріретуші фактор ретінде не айтасыз?
№9 Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы.
Жоспар:
1. Топ және ұжым туралы түсінік. Топтың түрлері
2. Қарым-қатынас психологиясы
3. Топтағы адамдардың қарым-қатынасы
Топ және ұжым туралы түсінік. Топтың түрлері.
Топ және ұжым дегеніміз не? Бұл адамдардың тіршілік қажетінөтеу үшін бірлесу. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмай А.С.Макаренконыңайтуыншаұжым бұл – бұл мақсат мүдделері, көзқарастарыортақ белгілі бір салтдәстүрі бар, өзін-өзі басқара алатын әлеуметтік адамдар тобы. Топтың жоғары дәрежедеұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. Ұжым адамдардың тобы болғандықтан, оған топтың белгілері тән. Алайдаұжымныңтопта жоқ белгілері де болады. Сондықтан қандайдаболмасынұжымды топ деп атауға болады, ал топтың бәрібірдейұжым бола алмайды. Ұжымбайланысынақарайконтактілі және негізгі ұжым болып бөлінеді. Контактіліұжым – ол ұжымдық белгілірі бар бастапқы топ. Негізгі ұжымконтактіліұжымдардыңбірігуі. Мысалы, студенттер тобы контактіліұжым, ал факультетті негізгі ұжым деп қарауға болады. Тұлғаұжымнаноқшауболмайды. Ол ұжымның басқа мүшелеріменбайланыста болады.
Топтардыңөзі шартты және нақты болып 2-ге бөлінеді. Шартты топ шынында болмайтын жалғантоптар. Адамдардың тек қағазжүзінде ғана бар қауымдастығышартты топ деп аталады. Мысалы, спорт тақырыбынажазатынжурналистерәлемнінтаңдаулыфутболшыларынан команда құрады. Олар әр елдің ең таңдаулыфутболшыларын бір тізімгетіркейді. Бұл ойыншылардыңешқашан басы қосылмайды және олар ешқашан бір командадажарысқатүспейді. Бірақ құрама команда құрылды және ол шарттытүрде бар деп есептелінеді. Яғни, шарттытопта адамдар қатынастаболмауы мүмкін. Бірақ та бұл адамдар нақты топ ішінде өзара қарым-қатынасқатүседі. Ал, нақты топ дегеніміз біршаматұрақты, жалпы мақсат арқылы өзарабайланысқан, өздері белгілі бір кеңістікте, азды-көптімерзім ішінде аралас-құраласжүретін адамдардың нақты ұйымы. Бұл топтағы адамдардың 1-ден мақсаты бір, 2-ден мүшелері бір-бірін жете білуі керек. 3-ден мақсатқа жету жолында бір-біріментығыз қарым-қатынас жасайды.
Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі топқа кіреді. Топтар үлкен (макро), кіші (микро), ресми, бейресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, контактілі, оқшауланған, референт т.б. болып бөлінеді.
Біршаматұрақты, құрамыжағынан көп емес, мүшелері бір-біріментікелей қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігішағын топ деп аталады. Оның топтың барлық мүшесінің күш-жігерісоғанжетугежұмылдырғанортақмақсаты болады. Кіші топқа кіретіндер бірін-бірі жақсыбіледі және топтың алдында тұрған міндетті орындау кезіндеөзарақоянқолтыққатынаста болады. Қіші топ мүшелерінің саны екі адамнан аз болмайды және 30-40 адамнанаспайды.
Жанұя, өндірістік бригада, мектеп сыныбы, студенттер тобы, т.б. контактілі, реалды топқа жатса, концерт залындағы, футбол алаңындағы, автобус салонындағы отырған адамдар ұйымдаспаған топқа жатады. Студенттер тобы, сыныпоқушыларыресми топ болса, жанұя мүшелері, ағайынтуыс, дос-жарандарресми емес топқа жатады
Адам бір мезгілде бірнеше кіші топқа мүше болады. Мысалы, оқушыөз сыныбыныңмүшесі, футбол камандасында және т.б. үйірметобынамүше болуы мүше болуы мүмкін.
Құрылупринципі мен әдісінеқарайшартты және нақты формалды және формалды емес топтар болады. Шартты және нақты топтар. Нақты топ — адамдардың бір-біріменөзара қарым-қатынас және байланысжасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмылған, өмір сүріп тұрған бірлестігі. Нақты топ қысқамерзімді, не ұзақ өмір сүруі, мүшелерінің саны аз не көп болуы мүмкін. Ол қауымдастық ретінде өмір сүріп қызмет істейді.Адамдардың тек қағазжүзінде ғана бар қауымдастығышартты топ деп аталады.
Формалды (ресми) және формасыз (бейресми) топтар. Формалды (ресми) топ штат кестесі, және басқа да ресмиқұжаттарнегізіндеқұрылады. Мысалы, жоғары оқу орынындағы студенттер тобы, мектептегі мұғалімдер мен қызметшілер штаты — мұның бәріресми топқа жатады.
Формалды топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардыңталабынасәйкесәp түрлі сипаттағыіскерлікқатынастарорнайды. Ондайқатынастарданжетекшігебағыну, тиістіқұқықты орындау, ресмиорындардыңалдындағыжауапкершіліктісезіну ерекше көрінеді. Формалытоптарда (іскерлікқатынаста) кейде терісэмоциялық жағдайлар, яғни бір-бірін ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мүмкін. Бұл жәйтондағыіскерлікқатынасқатерісәсерінтигізеді.
Формасыз (бейресми) топтарұнату, көзқарас бірдейлігісенімжақындығы
т.б. арқылы қалыптасады. Мұндай топқа ресмиқұжаттардың, тиістінұсқаулардыңкүшіжүрмейді. Мәселен, бірлесіпбалықаулау, аңшылықпенайналысу, бірге қыдыру, отаутігу, дос-жарандыққатынастағы адамдардың тобы. Бұл топтарда бірін-бірі ұнату, біріне-бірі бауыр басу, сыйлау қасиеттері жоғалатынболса, онда ол біртіндепыдырап, топ болуданқалабастайды.
Референт тобы. Референт (эталон) тобы деп көзқарас, талаптары үлгі болып саналатынақиқатөмір сүруші немесе қиялдағы топ айтылады. Адам өзі нормасын, қадір-қасиетін бағалаған, өзі оны қолдап, ең жақсы деп есептейтін топқа кіреді. Сонда адам бұл нормалардықолдап-қанакоймай, оны қорғайды да, қажет болсанасихаттайды да. Кейде былай да болуы мүмкін адам бір топтың мүшесі бола отырып, екінші бір топтынкөзқарасын, нормасынқастерлеп, қадіртұтады. Басқашаайтқанда, тұлға үшін басқа топ үлгі эталон болып есептеледі. Мысалы, жеткіншек жоғары сыныпоқушыларының немесе ересектердіңтобынамүше болуға тырысады. Егербұғанонынқолыжетпесе, ондаересектертобындаорын алған мінез-құлық нормаларынаеліктеп, соларғаұқсауға тырысады.
Қарым-қатынас психологиясы.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас мәселесі. Қарым-қатынасқатүспейтұрып жеке адамдытолық түсіну, оның адамиқасиеттерін, дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Сондықтан тұлғаның дамуында қарым-қатынастың орны ерекше.
Қарым-қатынассызқоғамыдырапкетеді. Адамның психикасыайналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігіненайырылған адам ойдағыдайдамиалмайды. Қарым – қатынас дегеніміз- тіл арқылы пікір алмасу. Адамдардың қарым-қатынасы ақпарат алмасудың жеке дара жағдайына айналады. Сөйлеу құралдарымен қатар адамдарда қарым-қатынастың сөзден тыс жолдары бар: келбет, ым, мимика т.б. Жануарлардүниесіндекелбет, сыртқы көрініс, дене құрылысы, түс, иісмағыналыақпараттық сигнал қызметін атқарады. Адам санасының дамуы қоғамныңдамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірнің болуы мүмкін емес.
Кез келген адам дүниеге келісіменекінші бір адаммен қарым-қатынасқатүсудіқажетсінеді. Мәселен, нәрестеніңанасымен «тілдесу» қажетінканағаттандырмау — біртіндеп оның мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынанайналасына деген сезімініңазаюынаәкеліпсоқтыратыныбайқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқатүсу — қай жастағыларғаболмасын, оғанкиім-кешек, баспана, ұйкы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпенараласып, дұрыс қарым-қатынас жасайбілу де сондай қажет
Аристотель қарым-қатынасты қоғамдық өмірдің қажетті және жалпы көрінісі ретінде қарастырды. Ол алғашрет қарым қатынас процесінің жалпы үлгісін (схемасын) жасаушы. Өзінің «Риторика» деген еңбегіндеұлыойшыл: «…кез-келген қарым-қатынасқа кем дегендеүш элемент қажет. Олар: бет, сөйлеу, құлақ» — деп көрсетті.
Қарым-қатынастың ішкі құрылымы да өтекүрделі, оны шарттытүрдеүшжаққабөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігібұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жанжақты талдау үшін үшкебөлеміз. Естеншығармайтынжайт: тіршіліктеарақатынас – біркелкі, бұзылмайтын процесс.
Достарыңызбен бөлісу: |