Лекция Психологияға кіріспе



бет33/44
Дата30.10.2022
өлшемі271.41 Kb.
#463662
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44
Психология лекция жинак

Дау-дамайлы жағдаят
Дау-дамай нысанасы
Дау-дамай Дау-дамай

нысан
жағдаятының жағдаятының
ақпараттық моделі ақпараттық моделі


Түрткілер Түрткілер







қолдау тобы

қолдау тобы




Стратегия Стратегия

Тактика Тактика


1-оппонент 2-оппонент






Шағын және үлкен
топтар

Басқа қатысушылар Басқа қатысушылар



6-сурет. Дау-дамай құрылымы
Суретті талдауға кіріспес бұрын "дау-дамай" ұғымынан басқа "даулы жағдаят" деген ұғымның да жиі қолданылатынын атап өту қажет. Бір жағдайларда олар бір мәнді, бір мағыналы ретінде қарастырылады, ал екінші бір жағдайларда олардың арасындағы айырмашылықтыр бөлініп көрсетіледі. Даулы жағдаяттың дау-дамайға қатысты жеке ұғым екені айқын. Даулы жағдаят дау-дамайдың үзіндісі, оның дамуының мақсатты эпизоды мен белгілі бір уақыт кезеңіндегі өзіндік "фотографиялық суреті" болып табылады. Сондықтан дау-дамай құрылымы даулы жағдаят құрылымы ретінде қарастыруға болады. 6-суретті талдау әрбір даулы ситуацияның объективті мазмұны мен субъективті (психологиялық) мәні бар екендігін көрсетеді. Дау-дамайдың осы құрама бөліктерін қарастырайық.
А. Даулы жағдаяттың нақты мазмұны.
1. Дау-дамайға қатысушылар. Кез-келген әлеуметтік дау-дамайда, ол тұлға аралық немесе мемлекет аралық дау-дамай болсыннегізгі әрекет етуші тұлғалар адамдар екендігі белгілі. Олардың дау-дамайға қатысу дәрежесі тікелей қарама-қарсы әрекеттесуден дау-дамай барысында жанама ықпал етуге дейін әр түрлі болуы мүмкін. Осыған сүйене отырып, дау-дамайдың негізгі қатысушылары,қолдау топтары мен басқа да қатысушылар бөліп көрсетіледі.
Дау-дамайдың негізгі қатысушылары. Оларды көбінесе жақтаушылар немесе қарама-қарсы күштер деп те атайды. Бұл дау-дамайдың бір-біріне қарсы белсенді (шабуылшы немесе қорғаушы) әрекеттерді тікелей жасайтын субъектілері. Кейбір авторлар "оппонент", яғни латын тілінен аударғанда "пікірталастағы қарсылас" деген ұғымды қолданады (Бородкин, Коряк, 1989).
Қолдау топтары. Кез-келген дау-дамайда үнемі оппоненттердің артында жекелеген индивидтер, топтар және т.б. сияқты күштер тұрады. Олар не белсенді әрекеттерімен, не тек қана өздерінің қатысуымен немесе үнсіз қолдауымен дау-дамайдың дамуына түбегейлі түрде әсерін тигізе алады. Тіпті жекелеген инциденттердің дау-дамай барысында куәгерлерсіз бетпе-бет өтуі мүмкін болатынын ескеретін болсақ, дау-дамай нәтижесі көп жағдайда олардың бар болуымен анықталады.
Басқа қатысушылар. Аталмыш топқа дау-дамайдың барысы мен нәтижесінде эпизодтық ықпалын тигізетін бірқатар субьектілер кіреді. Бұлар арандатушылар мен ұйымдастырушылар. (Дмитриев, Кудрявцев, Кудрявцев, 1993).
Арандатушы - бұл басқа қатысушыны дау-дамайға итермелейтін адам, ұйым немесе мемлекет. Ұйымдастырушы - дау-дамайды және қатысушыларды қамтамасыз ету мен қорғаудың әр түрлі жолдарын жоспарлаушы адам немесе топ.
2. Дау-дамай пәні. Дау-дамайдың пәні екі жақтың қақтығысу көзі болатын болжам немесе нақты бар екендігі туралы мәселе; дау-дамайдың пайда болуына негізгі қайшылық.
3. Дау - дамайдың нысаны. Оны әрбір жағдайда бірден бөліп көрсету үнемі бола бермейді. Дау-дамай мәселесі мен оның пәні оңай анықталады. Нысан тереңде жататын мәселенің өзегі, даулы жағдаяттың орталық саласы болып табылады. Сондықтан кейде оны дау-дамайға себеп, сылтау ретінде қарастырады. Дау-дамай нысаны дегеніміз - екі оппонент те иемденуге немесе пайдалануға ұмтылатын нақты материалдық (ресурс), әлеуметтік (билік) немесе рухани (идея, норма, принцип) құндылық.
4. Микро және макроорта. Дау-дамайды талдау кезінде дау-дамайға қатысушылар сол жағдайда болатын және әрекеттесетін элементті, яғни дау-дамай пайда болған микро және макроортаны бөліп көрсетуі қажет. Мұндай бағыт дау-дамайды жеке жүйе ретінде емес, әлеуметтік жағдаят ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Б.Дау-дамайдың психологиялық құрам бөліктері.
Даулы жағдаяттың маңызды психологиялық құрамды бөліктері түрткілер, екі жақтың мақсат ниеттері, мінез-құлықтың стратегиясы мен тактикасы, сондай-ақ олардың даулы жағдаятты қабылдауы, яғни дау-дамайдың ақпараттық модельдері болып табылады.
1. Әр жақтардың түрткілері. Дау-дамайдың түрткілер - бұл оппоненттің мұқтаждықтарын қанағаттандырумен байланысты болатын дау-дамайға түсуге талаптану, субьектінің даулы белсенділігін туғызатын сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы. Дау-дамайда оппоненттердің шынайы түрткілерін анықтау көбінесе қиын, өйткені олар көп жағдайда алғашқы мотивтерден ерекшеленетін дау-дамайға қатысу мотивтерін ұстанымдар мен декларацияланатын мақсаттарда көрсете отырып, оларды жасырады.
Қарама-қарсы әрекеттесуші жақтардың мотивтері олардың мақсаттарында айқындалады. Оппоненттің басты мақсаты дау-дамайдың нысанын иелену. Оған тактикалық мақсаттар бағынышты болады.
Адамның, әлеуметтік топтың дау-дамайдағы мақсат ниеттерінің әдетте талданатын және есепке алынатын соңғы элементі, ең көрнекті бөлігі ұстаным (позиция) болып табылады. Бұл даулы жағдаяттың элементтеріне оппоненттің тиісті мінез-құлқы мен қылықтарынан көрінетін қатынастарының жүйесі.
2. Даулы мінез-құлық дау-дамайға қатысушылардың қарама-қарсы бағытталған әрекеттерінен тұрады. Әрбір жақтың мүдделерін іске асыруға бағытталған реакцияларының кезектесуі мен оппонент мүдделерінің шектеулі дау-дамайдың көзге түсерлік (айқын) әлеуметтік шынайылығын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет