3.4. Тұлға аралық дау-дамайлардың өзгермелілігі
Кез келген әлеуметтік құбылыс сияқты дау-дамай уақыт ағынымен жүретін үрдіс ретінде қарастырылуы мүмкін. Дау-дамайдың пайда болатын, дамитын және аяқталатын белгілі бір кезеңдері мен этаптары болады. Әңгіме дау-дамайдың өзгермелілігі дегеніміз дау-дамайдың оған әсер етуші факторлар мен жағдайлардың ықпалы арқылы өзгеріске түсуі мен даму барысы (7-суретке қараңыз.
7-сурет. Дау-дамай өзгерісінің негізгі кезеңдері мен сатылары
Латенттік кезең (дау-дамай алды) мынадай сатылардан тұрады: а) объективті проблемалық жағдаяттардың пайда болуы; б)аталмыш жағдаятты өзара әрекеттесуші субъектілердің ұғынуы; в) жақтардың объективті проблемалық жағдаятты даусыз тәсілдермен шешу әрекеттері; г) дау-дамай алдындағы жағдаяттың пайда болуы.
Объективті проблемалық жағдаяттың пайда болуы. Егер жалған дау-дамай пайда болатын жағдайларды есептемесек, онда әдетте дау-дамай объективті проблемалық жағдаяттан туындайды (Петровская, 1977). Субъектілердің (олардың мақсаттарының, мотивтерінің, әрекеттерінің, ұмтылыстарының және т.б.) арасындағы қарама-қайшылықтардың пайда болуы осындай жағдаяттардың мәні болып табылады. Егер қайшылық әлі ұғынықты емес және даулы әрекеттер болмаса, онда жағдаятты проблемалық жағдаят деп атайды.
Объективті проблемалық жағдаятты ұғыну. Ақиқатты проблемалы әрі қайшылық ретінде қабылдау, қайшылықты шешу үшін қандай да бір әрекеттерге кірісу қажеттілігін түсіну аталмыш сатының мәнін құрайды. Мүдделерді іске асыру үшін кедергілердің болуы проблемалық жағдаяттың бұрмаланулармен субъективті түрде қабылдануына мүмкіндік береді.
Әр жақтардың объективті мәселені даусыз тәсілдермен шешу әрекеттері. Жағдаяттарды қарама-қайшылықта түсіну әр жақтардың даулы әрекеттесуіне үнемі автоматты түрде әкеп соқтыра бермейді. Көбінесе олар немесе олардың біреуі проблеманы даусыз тәсілдермен (сендірумен, көзін жеткізумен, түсіндірумен, өтінумен, қарсы тұрған жақтарға ақпарат берумен) шешуге тырысады. Кейде өзара әрекеттесуге қатысушы проблемалық жағдаяттың дау-дамайға ұласуын қаламай көнеді. Кез-келген жағдайда аталмыш сатыда қарсы жақтар өз мүдделерін дәлелдейді және өз ұстанымдарын белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |