Лекция сабақтарының толық мәтіні 1 Модуль. Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы


Барлау түрі нақтылы әлеуметтік зерттеудің ең жай түрі, себебі



бет15/15
Дата04.02.2023
өлшемі0.8 Mb.
#469134
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
соц лекция

Барлау түрі нақтылы әлеуметтік зерттеудің ең жай түрі, себебі, мазмұны жағынан жәй мәселелерді шешуге бағыталады, оларды адамдардың аз тобынан сұрап-ақ алуға болады.

Сипаттамалық зерттеу түрі зерттеудің күрделі түрі. Бұл мақсаты мен міндеті жағынан зерттелген құбылыс, оның құрылымы жағынан толық түсінік алуға болады. Бұл үшін күрделі бағдарлама жасалынады, оны тәжірбиеде ақталған тәсілдер арқылы жүргізеді (анкета, бланка-сөхбат, сөрау, бақылау, қөжаттарды зерттеу).
Сипаттамалық зерттеу ұжымдардың, топтардың біреуін талдау қажет болса қолданылады (еңбек ұжымы, оның әртүрлі мамандары, жас ерекшеліктері бар, жұмыс стажы, әр түрлі білімдері, отбасылық жағдайы, т.б.).
Зерттеуді жүргізудің бірінші дайындық кезеңі. Оның негізгі мақсаты – зерттелетін құбылыстар мен уақиғалар туралы қолда бар ақпаратты жүйеге келтіру, жаңа ақпараттар жинау зерттеудің тәсілін алдын ала қорыту.
Зерттеудің бағдарламасы – бұл белгілі бір құбылыстарды және процестерді зерттеуді тәсілдемелік тұрғыдан теориялық негізделуден тұрады. Қандай да бір әлеуметтік зерттеу жүргізілмесін, оның бағдарламасы болмаса тиісті нәтиже бермейді. Сондықтан да, ол бағдарлама зерттеудің стратегиялық құжаты деп есептелінеді. Онымен танысудан бүкіл зерттеудің мазмұнын, бағытын білуге болады.
Бағдарлама төмендегі бөлімдерден тұрады:
а) методикалық бөлімі: проблеманы тұжырымдау, зерттеудің мақсаты мен міндетін, зерттеудің объектісі мен пәнін, жаңа түсініктерді, зерттелетін объектіні алдын-ала жүйелі қорыту, жұмыстың болжамын анықтау;
б) процедуралық бөлім: зерттеудің принципиалды (стратегиялық) жоспары, зерттеудің таңдалуын негіздеу, алынатын материалдарды қорыту, процедураларының алғашқы негізін жасау. Бағдарлама жасаудағы бастапқы мәселе – зерттеудің проблемасын анықтау.
Әлеуметтік проблема – шешім қабылдау үшін кезексіз қорытуды қажет ететін жағдай. Әлеуметтік проблемалар көлеміне қарай ажыратылады. Қайсы біреулері (топтық, жергілікті проблема) жеке ұжымдардың проблемасынан, ал екінші біреулері зерттеудің одан арғысы орнын, мақсатын анықтау. Мақсат - қол жеткізетін зерттеудің жалпы бағыты, іс-әрекеттің жобасы. Социологиялық зерттеудің мақсаты – оның бағытын, теориялық немесе қолданбалы ма соны анықтау.
Теориялық зерттеу зерттейтін объектінің құрылымы мен даму бағыты туралы жаңа ілім алуға бағытталады. Қолданбалы зерттеу нақтылы ситуациядан шығу үшін жаңа ақпарат алуды көздейді. Мысалы, жекешелендірудің формалары түралы және оны өзгерту десек. Оны білу үшін нақтылы зерттеу жүргізу қажет. Содан кейін не істеу қажет екендігін анықтау керек, басқа сөзбен айтқанда зерттеудің алдына жаңа мақсат қою қажет. Міндет негізгі, жеке, негізгі емес, болмаса қосымша болуы мүмкін. Егер де негізгі мақсат қолданбалы болса, онда міндет те қолданбалы сипатта болады.
Ендігі кезең - зерттеу пәнінің объектісін анықтау. Әлеуметтік проблема өзінен-өзі өмір сүрмейді, ол оның несін болжайды, белгілі бір топты ма, әлде бірлікте ме ? Социологиялық зерттеудің объектісі – зерттеу процесі бағдарланған объекті. Біздің қарастырған мысалымызда ұжымның атын, төрған жерін анықтау керек, яғни кәсібі – салалық және аумақтақ анықтамасын шешу керек.
Сонымен, зерттеу қажеттілігі пайда болса, онда оны жүргізу және оған өте мұқият дайындалу керек. Ол үшін нені білу керектігімізді анықтау керек; зерттеуді жүргізудің барлық ұйымдық мәселелерін жақсы ойлану керек. Екінші сөзбен айтқанда, мына сұрақтарға жауап беру керек: қалайша, нені, қайда, ең маңыздысы неге зерттейміз. Сөйтіп, зерттеу бағдарламасы жасалынып болғасын оның құралдарын (инстументариясын) дайындау керек. Бағдарламаны жасап және таңдауды анықтағасын әлеуметтік зерттеудің барысын және нәтижесін түгелдей анықтауға болады. Оған зерттеу жүргізушінің негізгі интелектуалдық күші жұмсалады, ол үшін арнаулы әлеуметтік білім болуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет