Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Билiкті қызметiне, билiк жүргізу ауқымына, билiк субьектiсiне, басқару әдiсiне қарай жiктелу



бет24/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   93
лекция 1-15

Билiкті қызметiне, билiк жүргізу ауқымына, билiк субьектiсiне, басқару әдiсiне қарай жiктелу:
 қызметiне қарай билiк: саяси, идеологиялық, әлеуметтiк, экономикалық, құқықтық, банк, дiни т.б.;
 билiк жүргізу ауқымына қарай: мемлекеттiк, халықаралық, отбасылық т.б.;
 билiк субьектiсiне қарай: таптық, партиялық, халықтық, жеке адам билiгi;
 басқару әдiсiне қарай: тоталитарлы, депоттық, бюрократиялық, т.б.
Билiктiң мәнiн жете түсiну үшін оның негiзгi қағидаларын нақтылау қажет (3-кесте). Билiктiң мәнiн ашуда екi мәселеге ерекше назар аударған жөн. Бiрiншiден, билiкке жету жолы, екiншiден, билiктi сақтау мен қолдану әдiстерi. Демек, билiктiң қағидаларын ажыратып көрсету маңызды. Билiктiң легитимділік, ақиқаттылық, шынайылық, көрегенділік, коллегиялық, төзімділік, өзіндік сыншылдығы, қаттылығы, жасырын сияқты қағидалары бар.


2. Билікті жүзеге асырудың түрлері мен әдістері. Саяси және мемлекеттік билік. Билікті табыстау және биліктің бөлінуі. Саяси биліктің легитимділігі және оның көздері.
Билiктi жүргiзу әдiстерi рухани және материалдық болып бөлiнедi. Рухани әдiстер: саяси идеялар мен теориялар, саяси сана, құқық, норма, ереже, бiлiм, саяси сөз, саяси әдiстер, саяси тәжiрибе, саяси өнер; материалдық әдiстер: саяси жобалау, есеп, бақылаудың техникалық әдiстерi, күштеу тәсiлдерi, билiк жүргізуші кадрлар, саяси институттар, органдар, аппараттар, билiк ұйымдары.
Билiктiң қайнар көзiне – бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, бiлiм, хабарлама мәлiметтер жатады (№3 кесте).
Билiктi жүзеге асырғанда құқық, бедел, сенім, әдет-ғұрып, дәстүр, амал-айла, қулық, күштеу, зорлау, ерiксiз көндiру сияқты әдiс-амалдар пайдаланылады.
Билiктi айқындау және тарату формасы үстемдiк жүргізу, басшылық ету, үйлестiру, ұйымдастыру, бақылау болып табылады.
Билiк ресурстары мен түрлері. Билік ресурстары мына төмендегідей бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет