Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасу шарттары



бет42/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   93
лекция 1-15

Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасу шарттары. Қазіргі кезде кез келген демократиялық мемлекет қандай да бір деңгейде әлеуметтік мемлекет болып табылады. Бұдан, әлеуметтік мемлекетке өту адамзаттың даму заңдылығының бірі болғаны және болатыны сөзсіз. Ал, әлеуметтік мемлекет әлеуметтік игіліктерді қайта бөлгенде, барлық азаматтарының лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететін саяси жүйе болуы керек. Демек, әлеуметтік мемлекет қалыптасуы үшін, оның саясаты саяси тұрақтылық пен қауіпсіз өмір сүруді қамтамасыз етуі және азаматтарының мүдделерімен қарама қайшылықта болмауы тиіс. Әлеуметтік мемлекеттің басты идеясы − азаматтардың құқықтарын сақтауға мемлекеттің әлеуметтік кепілдік беруін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл әлеуметтік мемлекетте азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенімін күшейтеді.
Әлеуметтік мемлекеттің негізгі белгілері: а) бұл мемлекетте адам, оның өмірі, әл-ауқаты, жеке қадір-қасиеті ең қымбат қазына болуы тиіс; ә) әлеуметтік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты тек жалпыұлттық, топтық мүдделерді ғана емес, ең алдымен ол адам мен азаматтың құқығын, бостандығын және заңды әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталынады; б) әлеуметтік мемлекеттің әрбір басқарушылық шешімі құқықтық-әлеуметтік бағдарлық сипатқа ие болады; в) бұл мемлекет белсенді әлеуметтік саясат жүргізеді, әлеуметтік бағдары экономиканың мемлекеттік ғана емес, жеке секторына да негізделінеді; д) әлеуметтік мемлекет билік, қоғам және азаматтардың өзара әлеуметтік жауапкершілігімен сипатталынады; е) әлеуметтік мемлекет бюрократизм, сыбайлас жемқорлыққа және басқа да қоғамға қарсы көріністерге төзімсіз болуы тиіс. Сонымен, әлеуметтік мемлекет әлеуметтік сала ғана емес, ол әлеуметтік бағдарланған экономика, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, жеке және ұжымдық бастамалар, қоғам мүшелері өзінің, туыстарының әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайларын өздері белсенді көтеруіне ынталандырушы құрылым болуы тиіс. Мұнда мемлекеттік бюджетті бөлу немесе қандай да бір жәрдем ақы алу емес, қоғам мүшелері еңбек, жеке бастама, іскерлік пен кәсібилік, еңбекқорлық арқылы өзін-өзі қамтамасыз етуі тиіс, ол үшін мемлекет құқықтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени жағдайларды жасауға міндетті. Әлеуметтік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының базалық қағидалары заңдылық, гуманизм, әділеттілік және адамгершілік болып табылады.
Әлеуметтік мемлекет идеясы мен қалыптасу тарихына келетін болсақ. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында «әлеуметтік саясат», «әлеуметтік әріптестік», «әлеуметтік үйлесім», «әлеуметтік ынтымақтастық» идеялары мен ұғымдары қалыптаса бастады, ал ХХ ғасырдың І жартысында бұл идеялар көп елдердің конституцияларында бекітілді.
Алғаш әлеуметтік мемлекет ұғымына ХІХ ғасырда неміс ғалымдары: Л.фон Штейн, Ю. Оффнер, Ф. Науманн, А. Вагнер назар аударды. «Әлеуметтік мемлекет» ұғымын ғылымға 1850 жылы неміс ғалымы Лоренц фон Штейн енгізген. Ол кез келген монархия егер әлеуметтік реформа жүргізбесе маңызын жояды деп санады. Бұл әлеуметтік монархия теориясы қалыптасуына, одан әрі оның әлеуметтік мемлекет теориясына айналуға негіз болды.
Лоренц фон Штейн әлеуметтік мемлекеттің өлшемін жасап шығарды. Біріншіден, ол «өз билігі арқылы кейбір өзін-өзі анықтайтын тұлғаларға, барлық әртүрлі қоғамдық таптарға абсолюттік теңдікті қолдануға міндетті», екіншіден, - ол «барлық азаматтарының экономикалық және қоғамдық дамуына, немесе бірі басқасының дамуына жағдай жасауы керек, және бұл әлеуметтік мемлекет мағынасына ие болады» − деп жазды. Ғалымның бұл тұжырымы бойынша қоғам мүшелерінің барлығы бәрінің дамуына қолдау жасауы, және оған қолайлы ахуалды жасауы тиіс.
Әлеуметтік мемлекет теориясы мен тәжірибесінің дамуына ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы экономикалық дағдарыс үлкен серпін берді. «Жаппай әл-ауқатты мемлекет» ұраны негізінде әлеуметтік мемлекет идеясына екінші дүниежүзілік соғыстан соң белсенді ғылыми ізденістер жүргізілді. Ғылымда толық жұмыспен қамту мен лайықты еңбек ақыға кепілдік беретін, мемлекеттік тегін білім беру мен денсаулық сақтау, жалақы мен баға, тарифті бақылауға бағытталған әлеуметтік және экономикалық өзара тығыз байланысты саясатқа қызығушылық артта түсті.
Алғаш әлеуметтік мемлекет конституциялық қағида ретінде 1949 жылы ФРГ Конституциясында орнықты. Германия «демократиялық әлеуметтік федеративті республика» деп жарияланды. Оның негізгі құндылықтары: әлеуметтік бағдардағы нарықтық экономика, ауқымды жеке бастамалар, өз тағдырына жауапкершілік, әлеуметтік заңдылық болып табылды



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет