Басқарудағы билік формалары: монархия мен республика, олардың нұсқалары; мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация. Басқару формасы – мемлекеттiк билiк ұйымдарының құқықтық жағдайы мен құрылымына негiзделген мемлекет мазмұнының сыртқы бейнеленуi. Басқару формасы – бұл мемлекеттік билікті ұйымдастыру тәсілдері. Мемлекеттiк билiктiң жоғарғы ұйымының жағдайы мен сипаты басқару формасын екiге бөледi: монархия және республика.
Монархия деп мемлекеттiң жоғарғы өкiмет билiгi жеке-дара, бiр билеушiнiң қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретiнде қалатын түрiн айтады. Монархия абсолютi және конституциялық болып екiге бөлiнедi.
Конституциялық монархияда монархтың билiгi белгiлi бiр дәрежеде заң шығаратын билiк, парламентпен шектеледi. Басқарудың бұл түрi Англияда пайда болды және қазiргi кезде ойдағыдай қызмет етуде. Конституциялық монархиялық құрылыс Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Швеция, Жапония т.б. елдерде сақталған.
Республика деп мемлекеттiк билiктiң барлық жоғары органдары белгiлi бiр уақытқа сайланатын немесе өкiлдiк мекемелер /парламент/ арқылы қалыптасатын мемлекеттiк басқарудың түрiн айтамыз. Республика президенттiк және парламенттiк болып екiге бөлiнедi.
Президенттік республиканың негізгі белгілері:
Президент қолына мемлекет және үкімет басшысы өкілеттіліктерінің шоғырлануы;
Үкімет басшысын (премъер-министрді) президент тағайындайды.
Мемлекеттiң аумақтық-саяси құрылымы. Мемлекет басқару түрiмен қатар құрылысына қарай да жiктелiнедi. Мемлекеттік құрылыстың формасы – бұл орталық өкімет пен жергілікті биліктің міндеттер өрісінің арақатынасын білдіреді.
Мемлекет құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлiнедi: унитарлы, федерация, конфедерация.