Саясаттану оқулықтарында идеологияның мына қызметтері атап көрсетілген:
1. танымдық қызметi, ол арқылы саяси жүйенi, саяси өмiрдi танып бiлемiз;
2. бағдарламалық қызметi, ол қоғам, әлеуметтiк даму, саяси тұлға, билiк т.б. туралы түсiнiк берiп, адамдардың iс-әрекетiне бағдар берiп отырады;
3. жұмылдыру, iске тарту қызметi, жоғары құнды идеяларды, мақсат-мүдделердi айқындап, оның жүзеге асырылуына түрткi болу, әлеуметтiк топтарды жұмылдыру, рухтандыру;
4. амортизациялық қызметi, саяси iс-әрекеттi түсiндiру, әлеуметтiк шиеленiстердi бәсеңдету, әлеуметтiк топтарды ортақ мақсатқа тарту;
5. бағалау қызметi, халық санасында қоғамның дамуына баға берерлiк жағдай жасайды, үстемдiк етiп отырған қоғамдық тәртiп туралы белгiлi бiр көзқарасты тудырып, қалыптастырады.
Саяси идеологияның әрекет ету деңгейi де әртүрлi болып табылады:
теориялық-концептуалды, белгiлi бiр таптың құндылықтары мен идеалдарын ашатын немесе қандай да бiр саяси даму мақсатын ұстанатын басты ережелердi қалыптастыру;
бағдарламалық-саяси, әлеуметтiк-философиялық қағидалар мен идеалдар саяси элита бағдарламасына, ұрандары мен талаптарына айналады, сөйтiп басқарушылық саяси шешiм қабылдаудың нормативтiк негiздерi және азаматтардың саяси iс-әрекетiнiң стимулдары қалыптасады;
өзектендiрiлген, яғни азаматтардың аталған идеологияның мақсаты мен қағидаларын игеруiн, оны саяси iске және әрекетке айналдыру деңгейiн сипаттайды.
Көптеген батыстық теоретик-саясаткерлер үшiн идеология дегенiмiз:
әлем туралы ғылыми емес бiлiм, ол адамдар санасын манипуляциялаудың техникалық құралдарының немесе саяси насихаттау саласындағы психологиялық техникалардың жиынтығы;
жалған сана, қоғамның үстемдiк етушi күшi мен оған деген көзқарастардың арасындағы қатынастың қоғамдық негiзiн жоққа шығару, үгіт-насихатпен табысу;
тұжырымдар, идеялар жиынтығы, қандай да бiр саяси жүйедегi көсемдердiң басшылығын ақтау мақсатындағы жеке адамдар мен халықтың қабылдаулары;
көптүрлілік, белгiлi бiр әлеуметтiк топтардың әлеуметтiк бiлiмдерiнiң немесе құндылықтық бағдарларының әр түрлiлiгi.
Сонымен Батыс әдебиеттерiнде идеология проблемесына екi көзқарас қалыптасқан: 1) идеологияны жалған сана, субъективтi ойлау деп түсiну; 2) идеологияның құралдық-қолданбалы жағына үлкен мән беру.
Достарыңызбен бөлісу: |