Сонымен идеология дегенiмiз адамдардың үлкен әлеуметтiк топтарының iс-әрекетiне бағдар берiп, олардың мақсат-мүдделерiн бiлдiретiн және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесi.
Саяси идеологияның негiзгi түрлерi.
1. Либерализм және неолиберализм. Классикалық либерализм идеясы буржуазиялық революция дәуiрiнде пайда болады. Либерализм /лат. liberalis- ерiктi/ идеологиялық ағым ретiнде ХVll-ХVlll ғ.ғ. ағылшын-американ және т.б. батыстық ағартушылардың саяси философиялары негiзiнде қалыптасты. Оның негiзгi өкiлдерi: Дж.Локк, Ш.Монтескье, А.Смит, И.Кант, Т.Джефферсон, А.Токвиль. бұл идеология феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар пайда болуымен бiрге қалыптасты. Бұл кезеңде буржуазияға саяси билiктi өз қолына алуы үшiн либералды саяси доктриналар керек болды. Либерализм мына қағидаларға сүйенедi:
барлық адамдар табиғатынан дене және ақыл-ой қабiлетi жағынан тең. Қабiлеттер теңдiгi олардың өз мақсаттарына жетудегi теңдiгiн ұсынады;
адамның жеке бостандығы, оның табиғи құқығы және жеке меншiкке құрмет адам өмiрiнiң негiзiн құрайды. Табиғи бостандық пен теңдiктi тану- адамның алғашқы бастама жағдайын тану /Дж.Локк/.
барлық адамдар тең болып ғана емес, сонымен бiрге дербес болып та жаратылған. Адамдар өздерi үшiн жаратылған және өзiн-өзi басқару құқына ие. Басқарудың формасының ең тиiмдiсi- азаматтарының еркi кең.
Сонымен либерализм қағидалары: адамның еркiндiгi, тұлғаның табиғи құқығы мен бостандықтарының байланысы, олардың мемлекет және қоғам мүддесiнен жоғары тұруы. Либерализмнiң мұраты /идеалы/ саяси демократия қағидалары-ның қалыптасуы мен жетiлуiне, дамуына зор ықпал ету.
Либерализмнiң экономика саласындағы негiзгi қағидалары: адамның жеке меншiкке құқығы, нарықтың, бәсекелестiктiң, кәсiпкерлiктiң еркiндiгi, экономикалық iс-әрекеттiң мемлекеттен тәуелсiздiгi.
ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы әлеуметтiк дағдарыстар либерализм идеологиясының әлсiздiгiн көрсеттi. Сондықтан либерализмдi қайта қарап, жаңғыртқан жаңарған либерализм пайда болды. Оның негiзiн салушылар: Ф.Фон Хайек, Дж. Кейнс, Дж Гэлбрейт т.б. Жаңарған либерализм идеологиясы бойынша мемлекет экономика мен әлеуметтiк салада белсендiлiк танытуы қажет деген идеяны тастады. Плюралистiк демократия идеясын ұсынды. Либерализм идеологиясы Жапония, Англия, Австрия, Канада т.б. елдерде кездеседi.
Консерватизм және неоконсерватизм. Консервативтiк идеология /консервативус- қорғаушы/ ұлы француз революциясының саяси идеяларына қарама қарсы идея ретiнде дүниеге келдi. Олар монархиялық билiктi, феодалдық қоғамдық құрылысты, оның саяси-мәдени құндылықтарын сақтағысы келдi. Консерватизмнiң негiзгi өкiлдерi: Эдмунд Берк, Жозеф де Местр, Фридрих Фон Савиньи т.б. Олар ортағасырлық әдет-ғұрып, дәстүрлер қоғам өмiрiнде шешушi рөл атқарады деп оны қалпына келтiруге тырысты. Консерватизмнiң идеялық-саяси негiздерi мыналар:
адамзаттың ежелгi моралдық дәстүрлерiн сақтауға, ата-бабалардың даналығына құрметпен қарау;
мақсаты мен мазмұнына қарамастан ескi басқару тәртiбiн артық көру, оны қорғайтын сана жүйесiн қолдау;
саяси қатысу мен әлеуметтiк тәртiптiң белгiлi бiр бағдарлары мен қағидаларын қолдау;
қоғамды рухани ақиқаттылық ретiнде тану. Қоғамның негiзгi сипаты тәжiрибе, дәстүр, мәдениет қажеттiлiгiмен анықталынады деп санау.
ХlХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында консервативтiк идеологияға өзгерiстер енгiзiлдi. Ол еркiн нарықтық қатынастар, алуан түрлiлiк, саяси демократия принциптерiн енгiздi. Сондықтан ХХ ғасырдың 70 жылдарында Батыс Европада жаңарған консерватизм бағыты пайда болды. Ол жеке адамның бостандығын, құқықтарын жоғары қойды. Мемлекеттiң экономикалық, әлеуметтiк қызметтерi едәуiр шектелдi. Мемлекет меншiгi шектелдi, жекешелендiру негiз алды, бұрынғы билiктегi аристократия артықшылығынан бас тартты. Жаңарған консерватизм өкiлдерi: Р.Рейган, Д.Буш, М.Тэтчер т.б. Олар жаңа экономикалық құрылымды, әлеуметтiк-адамгершiлiк құндылықтарды либералдық және социолистiк негiзде жаңартты. ХХ ғасырдың 80 жылдары консервативтiк партиялар Англия, АҚШ, ГДФ-да жеңiске жетiп, билiк басына келдi.
3. Қазақстандық қоғамды реформалаудың идеологиялық факторлары. Соңғы жылдары біздің қоғамымызда идеологияғы деген тым жағымсыз қатынас қалыптасты. Жетпіс жыл идеология қысымы астында өмір сүрген азаматтарымыз одан шаршағаны сонша, тіпті оның атының өзі оларға ұнамсыз болды. Бірақ қоғам идеологиясыз өмір сүре алмайды. Идеологиялық вакуум болмайды деген ескі ақиқаттылық дұрыс болып шықты. Біздің қоғамдық санамызда бос орын пайда болған кезде оны либералистік, ұлттық, діни идеялар толтыра бастады.
Соңында адамдар тіпті ешбір рухани бағдарсыз, құндылықсыз, идеалсыз қалды, руханилықтан және әлеуметтен айырылу адам үшін үлкен қайғы болып табылады. Қоғам рухани бағдарсыз адамдарда тұрса, ол дағдарыстық жағдайға ұшырайды. Онда адамгершілік төмендейді, қылмыс көбейеді, қалыптастырушылық қызмет мотивациясы, адамдар келісімі төмендейді. Бұның кейбір көрінісі қазір бізде байқалады.
Әлеуметтік, экономикалық дағдарыстардың себептері саясат, экономика, техникалық арта қалушылықта деп санау заңды сияқты. Дегенмен, кейбір политолог, социолог, философ ғалымдар ойынша бұл дағдарыс тамыры тереңде жатыр, ол көрінбейтін адамгершілік саласында, кеңірек алсақ санады. Бұл дағдарыстан шығу үшін ортақ идеяны ойлап табу керек, оның төңірегіне адамдар жиналған болар еді, олар қоғам проблемаларын бірге шешер еді. Бұл идеялар, көзқарастар, құндылықтар идеология болып табылады.
Сонымен өмір тәуелсіз Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орын алуы үшін жаңа идеологияны қалыптастыру қажет. Мұнда мынадай сұрақ туындайды, қазіргі жағдайдағы Қазақстанда идеология қандай болуы керек? Идеология, билік жүргізіп отырған саясатпен тығыз байланысты болады, бірыңғай саяси-идеологиялық комплексті құрайды. Жақында өз тәуелсіздігін алған Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі мазмұнын экономиканы көтеру, қоғамды демократияландыруды тереңдету мен кеңейту, ұлттық мәдениетті қайта жаңғырту, әлемдік өркениетке ену құрайды. Саясаттану тілімен айтқанда бұл Қазақстанда әлеуметтік саясат модернизациясын жүргізу деген мағынаны білдіреді.
Сондықтан Қазақстандағы жаңа идеология оның әлеуметтік модернизациясының идеологиясы болуы керек. Бірақ қысқа уақытта дамыған азаматтық қоғамға жетуге, тоталитаризмнен демократияға бірден секіріп өту мүмкін емес. Ол үшін ұзақ өтпелі кезең керек. Сондықтан қазір елімізге өтпелі қоғамның идеологиясы керек. Мұнда президент билігінің басымдылығы, мемлекеттің қоғамды тоталитаризмнен авторитаризмге алып келудегі рөлінің басымдылығы анық байқалады. Мемлекеттің белсенділігі мұнда сөзсіз қажеттілік болып табылады.
Лекция-13. Саяси даму және модернизация
1. Саяси даму және оның критерийлері.
2. Саяси модернизация түсінігі. Саяси модернизацияның мақсаты, оның негізгі сипаттары. Саяси модернизацияның кезеңдері мен факторлары. Модернизациялық үдерістегі дәстүрдің рөлі.
3. Қазақстан Республикасының саяси модернизациясы.
Достарыңызбен бөлісу: |