Бақылау сұрақтары:
1.Мәснауи әдебиеті қай кезеңде туып, қалыптасты
2.Түркия түріктерінің ХІІІ ғасырпдағы әдебиет өкілдерін атаңыз
Әдебиеттер:
1.Түрік халықтары әдебиетінің тарихы. Оқу құралы. Түркістан: ХҚТУ баспаханасы, 2005.
2.Түркі халықтары әдебиетінің тарихы. Хрестоматия. Түркістан: ХҚТУ баспаханасы, 2005.
Он екінші лекция
Лекция тақырыбы: Түркия түріктеріндегі проза жанры.
Лекция жоспары:
1.Түркия түріктерінде проза үш түрлі бағытта дамыған
2.Проза саласына қалам тартқан өкілдерді атау
3.С.Н.Рейістің «Миратул-мамелию», Ө.Сейфеддиннің «Басын бермеген шейіт» атты туындыларына талдау жасау.
Лекция мақсаты: Түркі тектес халықтардың әдебиетін студентке ұғындыру.
Лекция мазмұны:
Түркия түріктері әдебиетінде проза жанры үш түрлі бағытта дамығанын айқындау. Қ.Садеддин мен Х.Челеби көркем сөз өнерін дамытқанын дәлелдеу. Латифи мен Ғ. Челеби орта жолды және Али сияқты халық аңыз-әңгімелерін айтушылар үшінші бағыт, яғни, қарапайым қара сөз өнерін байыта түсті.
Бұл кезде прозп жанрында ең көп еңбек еткен Л.Челеби болды. Сондай-ақ, аударма саласында көптеген жұмыстар атқарылғанын атап көрсету. Саяхат әдебиетінің жемісі ретінде португалиялықтармен үнді мұхитында соғысып, кемесінен айрылғаннан кейін Ьабыр шахтың өлкесін кесіп өтіп, ұзақ жол жіріп қайтып оралған С.А.Рейістің атақты «Миратул-мамелик» еңбегін атауға болады.
Түркия түріктерінің проза үлгісінде жазылған «Жеті ағайынды жігіт» атты ертегі шығармасының идеясын түсіндіру.
Өмер Сейфеддиннің «Басын бермеген шейіт» атты көлемді прозалық шығармасына тереңдете талдау жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |