Диуани әдебиетіне тоқталсақ, бұл тұста диуан жазған ақындардың саны 150-ден асып жығылды. Наби ақын философиялық өлеңдер жазды. Хикмет түрінде жазған жырларында тағдыр мәселесіне көбірек тоқталды. Бәйіттері тілге жеңіл, айтуға орамды, түсінікті тілмен жазылған. Оның алғашқы шығармасы «Түрікше Диуан» деп аталды.. Бұдан басқа «Парсыша Диуаны» бар. Оның атақты «Хайрийе» атты шығармасы 1857 жылы Француз тіліне аударылып, Парижде басылды.
Катиб Челеби (1609-1657) 20-дан астам кітап жазған. Атап көрсетсек, «Дихан-нұма», «Фезлеке», «Такуимут-таурих» т.б. шығармалары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |