XVІІІ ғаыср әдебиеті. Бұл тұста Османлы мемлекеті тоқырауға ұшырай бастады. Дегенмен әдебиет дами түсті. Османлы тарихында ғасыр бойы «Лала дәуірі» қызғалдақ дәуірі деп аталды. Иран әдебиетінің ықпалы жойылып, ұлттық әдебиет қанат жайды. Бұл дәуірде адамдар қызық қуып, көңіл көтергенді ұнатты. Мұның әсері әдебиетке де әсер етті.
Диуан және Мәснәуи әдебиетінде сопылық сарын басым болды. Б.Ислам Хаккы, Е.Ибрахим Хаккы, Ш.С.Ушшаки − осы бағытта қалам тартты. Ш.Галибтің « XVсн ү Ашк» атты мәснәуи кітабы сәтті шығарма қатарына қосылды. Недим (ө.ж. 1730) өзінің «Недим диуани» кітабымен даңқы шықты. Шайх Галиб (1757-1799) Стамбул қаласында дүниеге келген. 24 жасында өзінің таңдамалы диуан кітабын жария еткен. Ал, атақты « XVсы ү Ашк» атты мәснәуи кітабын 25 жасында жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |