5.Республика кезіндегі әдебиет өкілдері. ХХ ғасыр басындағы әдебиет өкілдері. ХХ ғасыр басында Османлы империясының әміршісі Сұлтан ІІ тұсында «Жас түріктер» патша билігіне қарсы шықты. 1908 жылы жас түріктер партиясы еркіндік жариялады, патша тақтан түсті. Османлы мемлекетінің жерін алпауыт елдер бөліске салды. Түркия түріктері М.К. Ататүріктің бастауымен ұлт-азаттық күреске шықты. Жауды жеңіп, елді дұшпаннан тазартқан Ататүрік, 1923 жылы Түрік республикасын құрды. 1960 жылы әскери төңкеріс болып, ата заңға өзгеріс енгізілді. 1971 жылы үкімет өзгергенімен, 1980 жылы жасалған әскери төңкеріс нәтижесінде қайта қалпына келтірілді. Қазіргі таңда Түркия респубдикасы көп партиялы парламенттік жүйе бойынша басқарылуда.
Ұлттық әдебиет (1908-1923) Түркия түріктері арасында түрікшілдік идеясы Танзимат кезеңінен бастау алды. Бұл кезеңде Османлы империясында өзге ұлт өкілдері бөлінуді көздеп, түрлі көтерілістер ұйымдастырылып жатты. Міне, осы кезде мемлекеттің ұйытқысы болған ұлттық зиялылары «Түрікшілдік» идеясын көтерді. 1908 жылы Уелед Челебидің ұйымдастыруымен «Түрік» қоғамы құрылды. «Ұлттық әдебиет» пайда болды. Ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілдері үлкен топ болып қалыптасты.
Республика кезіндегі әдебиет негізін М.К.Ктатүрік қалаған Республика кезінде түркі әдебиеті жаңа белеске көтерілді. Түрік тілі жат тілдердің үстемдігінен құтылып, тазара түсті. Новелла және күнделік жанры қарқынды дамыды. Драма жанры үшін бұл кезең алтын ғасырға айналды.
Бұл кезеңнің көрнекті ақындары ретінде З.Өмер Дефне, Ариф Нихат Асия (1904-1975), Зия Осман Саба (1910-1957), Ж.С. Таранжы (1910-1956) т.б. атауға болады.
Түркия Республикасы кезеңінде шешендік өнер өрлеу үстінде болды. Бұл сала өкілдері қатарында Б.К.Чағлар, Х.Е.Адывар, С.Назифтерді атауға болады. Шешендік өнердің шоқтығы биік үлгісі − Ұлттық Мәжілісте 36 сағат бойы оқылған «Нутуктың» авторы М.К.Ататүрік болды.
Достарыңызбен бөлісу: |