Лекция Тағам өнімдерінің биоқауіпсіздігі


Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



бет14/16
Дата28.11.2023
өлшемі0.61 Mb.
#484665
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Сыдыкбекова Р.К.-8

Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдеріне: балалар тағамы өнімдері; диеталық және
емдік-профилактикалық тағам өнімдері жатады.
Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері:
  • Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының

  • арнайы мақсаттағы тамақ өнімдеріне қойылатын талаптарына жауап беру;
  • сатып алушылардың тиісті топтарының (тұтынушылардың) физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру);
  • қаптамада (ыдыста) көрсетілген ақпараттың тағамдық, биологиялық және

энергетикалық құндылығы бойынша сәйкес келуге тиіс.
Балалар, диеталық және емдік-профилактикалық тағам өнімдерін
өндіру ішінде
(дайындау) кезінде өндіру (дайындау) кезінде өсу стимуляторлары (оның гормондық препараттар), дәрілік заттардың жекелеген түрлері,
пестицидтер,
агрохимикаттар, генетикалық түрлендірілген объектілер, сәйкестендірілмеген заттар мен қосылыстар, жасанды тағамдық қоспалар пайдаланылған азық-түлік шикізатын пайдалануға тыйым салынады.
Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар)
  • Өндіріс үшін Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы

  • заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес келетін шикізат пен тағамдық қоспалар қолданылуы тиіс.
  • Тағамдық мақсаттар үшін қолданылатын өсімдік және жануарлар шикізатын өндіру (дайындау) кезінде мемлекеттік тіркеуден өткен жемшөп қоспаларын, жануарлардың өсуін ынталандырғыштарды, пестицидтерді, агрохимикаттарды пайдалануға жол беріледі.
  • Өндірілетін (дайындалатын) тамақ өнімдеріндегі жекелеген ингредиенттерді ауыстыру халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жүргізіледі.
  • Тамақ өнімдерін өндіру, сақтау және өткізу объектілерінің жабдықтары, аумағы, сумен жабдықтау, кәріз, жылыту, желдету, өндірістік, қосалқы, санитариялық-тұрмыстық үй- жайларын жарықтандыру және персоналдың жұмыс жағдайлары Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Тамақ өнімдерін өндірумен (дайындаумен) байланысты экологиялық аспектілерді бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
  • Объектіні мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тиісті уәкілетті органдардың қорытындысы болған кезде ғана жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет