Пробиотикалық микроорганизмдер - адам ішегінің қорғаныш
микрофлорасының құрамы мен биологиялық белсенділігін жақсарту (оңтайландыру) үшін тамақ өнімдерінің құрамында түсетін тірі патогенді емес және улы емес микроорганизмдер.
Егер тамақ өнімдері тұтынушылардың жекелеген санаттарына арналған болса, онда оның ерекше құрамы мен қасиеттерін ескере отырып, оны мамандандырылған тамақ өнімдеріне жатқызады.
Мамандандырылған тамақ өнімдері:
- балалардың тамақтануына;
- спортшылардың тамақтануына;
- диеталық профилактикалық немесе диеталық емдік тамақтануға;
- тұтынушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, басқа
да санаттағыларға
арналуы мүмкін.
Тағам өнімдері адам ағзасында мынадай функцияларды атқарады:
- энергияға;
- қорек көзіне;
- биологиялық белсенді заттарға қажеттілігін қанағаттандырады;
- иммунитетті қалыптастыруға қатысады;
- зат алмасуды реттейді.
Көрсетілген функциялар адам ағзасында энергия көздері, организм мен ұлпалар құру, өсіру және жаңарту, тіршілік ету процестерін реттеуге қатысатын физиологиялық белсенді заттардың пайда болуы үшін субстраттардың көздері немесе алғызаты ретінде пайдаланылатын тамақ өнімдерінің құрамдас бөліктері болып табылатын әртүрлі нутриенттермен (тамақ заттармен) жүзеге асырылады.
Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және оны бағалаудың негізгі көрсеткіштері
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі проблемасы – күрделі кешенді проблема болғандықтан оны шешу үшін биохимик ғалымдар, микробиологтар, токсикологтар тарапынан да, өндірушілер, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, мемлекеттік органдар мен тұтынушылар тарапынан көп күш - жігерді талап етеді.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі проблемаларының өзектілігі жыл сайын артып келеді, өйткені азық - түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдардың денсаулығын және гендік қорды сақтауды айқындайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің жоғары деңгейі тәуекелдерді барынша азайтудың жетілдірілген жүйесін құру нәтижесінде қамтамасыз етілуі мүмкін. Өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып, осы жүйенің жауапты тараптары ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі, сауда кәсіпорындары, бақылау органдары, ғылым және саясат болып табылады.
Сонымен қатар, тіршіліктің басқада салаларындағы сияқты, азық-түліктің
қауіпсіздік кепілдігін жүз пайыз қамтамасыз ету іс жүзінде мүмкін емес, өйткені тамақ
өнімдерін өндіру күн сайын дамып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |